Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 23.1.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Ертегілер туралы түсінік ашық сабақ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (55.0Kb) ] 11.01.2015, 16:42

Сабақтың тақырыбы:  Ертегілер туралы түсінік
Мақсаты: ертегілер және оның түрлері туралы түсінік алу,тіл байлығымды дамыту, ертегі оқуға деген қызығушылығымды арттыру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, жартылай-ізденушілк.
Сабақтың байланысы: тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Оқыту технологиясы: Блюм таксономиясы, өрмекші кластері, эйлер дөңгелегі, фашбаун, тірек сызба, гениологиялық ағаш. 
Ресурстары: интерактивті тақта,5 сыныптық оқулығы авторы:Ә Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай.  Алматы «Атамұра» 2010 

Мазмұны: 1. Ертегі туралы түсінік, оның түрлері
Морфологиялық карта
№ р/с    Тақырыбы    Өмірге қажетті ақпарат    Басқа пәндерде кездесетін ақпарат    Берілген пәнді одан әрі оқып тану үшін қажетті ақпарат    Жалпы ой-өрісін дамыту үшін ақпарат
1.    Ертегі туралы түсінік    Ертегінің көркем, бай тілі арқылы шешен сөйлеуге, өз ойын әдемі баяндау үйренеді.
    Қазақ тілі, тарих, сөздер түсінігі,    ҰБТ, ОЖСБ, 
5-11 сынып әдебиеті    Танымдық қабілетін, ой-қиялын,тіл байлығын дамыту


 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I.    Ұйымдастыру 
Кезеңнің міндеті – оқушылардың психологиялық дайындығы, сабақтың тақырыбы мен міндеттерін хабарлау.
II.    Тақырыпқа енгізу
1 – деңгей білім 
«Қане жауап ізделік»
- Фольклор мен ауыз әдебиеті бір ұғым ба?
-  Ауыз әдебиетінің қандай белгілері бар?
- Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?
- Мақал – мәтелдерді неге ауыз әдебиетіне жатқызамыз?
- Мақал мен мәтелдің айырмасын айт?
- Жұмбақ ауыз әдебиетінің қандай түрі?
- Қалай ойлайсыңдар, ертегілерде мақал-мәтелдер, жұмбақтар кездесе ме?

ІІ деңгей. Түсіну

1. Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? Өз сөздеріңмен білдіріңдер.
- Жолдасы жақсы жолды болар,
  Жолдасы жаман қолды болар
- Өнер алды – қызыл тіл
- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
(әр қатарға 1 сұрақтан)

ІІІ деңгей  Қолдану  
 
1) Өрмекшіні  құру               халық ауыз әдебиеті
 (Тақтада «халық ауыз әдебиеті». Тармақтарын оқушылар толтырады.)


мақал – мәтелдер                   жұмбақтар            Батырлар жыры

Тұрмыс салт - жырлары            аңыз әңгімелер       төрт түлік туралы жырлар


2) Мына сөздерді пайдаланып, мақал-мәтел жазыңдар.
Отан, жер, еңбек, оқу, тіл, білім
3)Эйлер дөңгелегі арқылы  қарама – қарсы мағыналы мақал-мәтелдерді көрсетіңдер 
Оқулықпен жұмыс.  26-27 бет

ІV деңгей  Талдау 
Мұғалімнің сөзі. Мына суреттерде ауыз әдебиетінің қандай түрі бейнеленген деп ойлайсыңдар?
Ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең көне мұрасы.
-    ертегілер дегеніміз не? Оны қалай түсініп келдіңдер?
-    Қандай ертегілерді білесіңдер?
-    Ертегілер қалай басталады? Немен аяқталады?
Толықтыру (Ертегіде ғасырлар ізі жатыр.Ертегіде халықтың тыныс-тіршілігі,тарихы, салт-санасы, әдет ғұрпы,мұң-шері, арман-мұраты жатыр.)

Оқулықпен жұмыс 34-35 бет
    Тақырыпты оқып шығып, ертегінің түрлерін ажыратып, топтастыр.
    Олардың айырмашылығын тауып, дәлелдеп, кестені толтыр

                                                      Ертегілер


Хайуанаттар   туралы
ертегілер    Қиял –  ғажайып
ертегілері    Шыншыл ертегілер                                                         

V деңгей. Синтез

(Шежіре ағашы) Геанологическое древо
 Тамырлары - Қалай ойлайсыңдар, адамдар неге ертегіні ойлап шығарды? (адамдардың ауыр тұрмысы: көліктің, жарықты жоқтығы).
Діңі – Тұрмыстары қиын болғаннан адам әрқашан армандайды ( мәселе – адамдардың арман-тілегі, мұң-мұқтажы)
Сабағы – ертегілердегі жоқшылық, қиыншылық қазір қалай өзгерді? (көлік, жарық, су, телефон, ұшақ, газ т.б.)

VІ деңгей бағалау. 

«Менің сүйікті ертегімнің кейіпкері маған неге ұнайды?» тақырыбында шағын ертегі жазу. 





Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 3810 | Загрузок: 216 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]