Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Ахмет Байтұрсынұлы Анама хат өлеңі ашық сабақ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (50.0Kb) ] 12.01.2015, 09:45

6-сынып
Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынұлы   «Анама хат» өлеңі.
Сабақтың мақсаты: 
1.    Білімділік: А.Байтұрсынов-тілші ,әдебиетші, көркемсөз шебері,ақын,аудармашы,
қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып,идеясын ашу;
2.    Дамытушылық: оқушылардың  ойын еркін айта білуін қалыптастыру;
3.    Тәрбиелік: мейірмділікке,адамгершілікке,ұлтжандылыққа баулу, ұлыларымызды 
үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,топтастыру,сұрақ-жауап,талдау,ой толғау.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,домбыра,қобыз,сызба -кестелер,ҚР. картасы, кеспе қағаздар және жұлдызшалар,суреттер.
Сабақтың түрі: кіріктірілген  сабақ.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі,ән-күй.
 І. Ұйымдастыру кезеңі
   а)оқушылармен амандасу, түгендеу.(1-слайд)
   ә) психологиялық   дайындық (2-слайд)
Сабақтың дәйек сөзі:  “Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға   болмайтын ерекше тұлға.” Ә.Кекілбаев
ІІ.Жаңа сабақ (3,4,5 - слайд)
1.    А.Байтұрсынұлының өткен сабақта қандай шығармасымен таныстық? («Қара бұлт» өлеңі)
2.    Өлең тақырыбы не жайында? (Адам бойындағы жақсы,жаман қасиеттер жайында)
Ал бүгінгі сабағымызда «Анама хат» өлеңі.
3.    Өлеңнің шығу тарихымен таныстырылады. (5-слайд,сызба-кестемен) 
Бұл өлеңі домбырада әнімен орындалған.(Музыка пәнінің мұғалімі домбырамен «Анама хат» әнін орындайды)
4.    Ән тыңдау кезінде «Ақын туған жерінің келбеті» слайдтары көрсетіледі                       (6,7-слайдтар).
5.    Музыка пәні мұғалімі ән туралы сұрақтар береді: 
- Ән қандай екпінде орындалды?
-Әнді тыңдау барысында қандай көңіл-күйде болдыңыздар?
ІІІ.Топтық жұмыс. (8-слайд) Топтық жұмыс орындалу барысында Мүбарак Салақовтың орындауындағы А.Байтұрсынұлының  «Анама хат» әні аудиотаспадан жіберіледі.
            І топ.  «Ақындар» 
1.Алғашқы үш шумағын мәнерлеп оқу.
            2.Бір шумақты өлең құрылысына  қарай талдау.(сатылай кешенді талдау)
            ІІ топ.  «Жазушылар»
           1.  4,5,6 шумақтарды мәнерлеп  оқу.
           2.Қара сөзге айналдырып, әңгіме құрау.
           ІІІ топ. «Өнерпаздар»
           1.Соңғы үш шумағын мәнерлеп оқу.
           2.Ақын бойындағы қандай қасиетті байқадың? (ақынның мұғалімдік қызметінен шағын көрініс қойылады)
Ауылға Ахмет келеді. 
Ахмет:
-Ассалаумағалейкум,ата!
Қария:
-Уағалейкумсалам.  Амансаулық сұрасқаннан кейін Ахмет келген шаруасын айтады.
Ахмет:
-Мен ауданнан келіп отырмын.Өзімнің түрік әрпінен аударған 28 әрпімді оқытуға, балалардың көзін ашуға келдім.

Қария:
-Оқуға балалар берілмейді.Оқығандардың бәрі ату жазасына кетіп жатыр,олар «халық жауы» атанса,балаларымыз ауылда қой бағып,жүре бермей ме? Басшыларыңа солай деп айта бар!
Ахмет:
-Ал,ата,мен енді кетейін.Батаңызды беріңіз?
Қария:
-Бақ қарасын,Қыдыр дарысын,
Жорытқанда жолың болсын,
Қыдыр ата жолдасың болсын!
Әумин!
ІV. Сөздікпен жұмыс.
Лаухұлмахбұз – діни ұғым бойынша адам тағдыры жазылатын тақта
Хақ тағалам- жаратушы алла
Жарам – уайым,қайғы
Харам -  адал емес
Кермесіне – кедергі,қарсылық мағынасында
V.Сергіту сәті. (10-слайд,музыкамен) 
VІ.Бекіту.(11,12-слайдтар) 
1.    «Кім тапқыр?» ойыны.Интербелсенді тақтада берілген тапсырманы оқушы сызба арқылы табады.
2.    Шығармашылық жұмыс.
І топ. «Ақындар»  Өз шығармашылығыңнан анаңа  жазылған бір шумақ өлең оқып  бер.
ІІ топ. «Жазушылар»  Ана тақырыбына жазылған мақал –мәтелдер айтып бер.
ІІІ топ. «Өнерпаздар» Анаңа не сыйлар едің? (оқушы интербелсенді тақтаға сурет салады)
Анаға деген махабатты күймен де жеткізуге болады.
3.Музыка пәнінің мұғалімі Сағырбайұлы Құрманғазының «Аман бол,шешем» күйінің тарихымен таныстырады және пән мұғалімімен қосылып, осы күйден үзінді орындайды. (домбыра және қобыз аспаптарында)
VІІ.Қорытындылау. Топтастыру әдісі бойынша балаларға түрлі-түсті жұлдызша қағаздар таратылады.

Сабақта ақынның шығармаларынан кітап бұрышы ұйымдастырылады.(13-слайд)
VІІІ.Үйге тапсырма: (14-слайд)
1.Өлеңді түсініп,мәнерлеп оқу.
2.Аналарымызға  хат  жазу (өлең шығару,сурет  салу) 
ІХ.Бағалау.(15-слайд) Сабақ барысында оқушылар жауабына жасыл,қызғылтсары,көк түсті жұлдызшалар сыйлық ретінде жауаптарына сәйкес беріледі.Мұндағы жасыл-«өте жақсы», қызғылтсары-«жақсы»,көк- «орташа».Оқушы жауаптарын А.Байтұрсынұлының тәрбиелі сөздерімен байланыстырып бағалау.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 3317 | Загрузок: 203 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]