Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Ғабит Мүсірепов Ананың анасы ашық сабақ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (1.50Mb) ] 12.01.2015, 09:52

Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Арал қаласы
Арал қалалық №83 мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сарманова Шолпан
Мақсаты:

1.    Ғ.Мүсіреповтың  «Ананың анасы»  атты  әңгімесін түсіндіру,  мазмұнын  ашу. 

1.    Оқушылардың  белсенділіктерін  шыңдау.

1.    Оқушыларды  ананы  құрметтей  білуге,  мейірімділікке,  сыйластыққа  тәрбиелеу

1.    Ғ.Мүсірепов  өмір  жолы,  хронологиялық  таблица.

2.Реферат

3.Ғ.Мүсірепов  шығармашылығы.
1917 жылы    Қостанай  уезінің  Обаған  болысындағы  екі  сыныпты орыс  мектебіне  оқуға  түсті
1923  жылы    Орынбор  қаласындағы  жұмысшы  факультетіне (рабфакқа) оқуға  түсті,  орыс  және  әлем  әдебиетінің  саңлақтарын,  ұлттық  сөз  өнерінің  үлгілерін  құмарта  оқиды. 
1926 жылы    Жұмысшы  факультетін  бітіріп,  бір  жыл  Омбы  қаласындағы ауылшаруашылық  академиясында  оқиды.
1928  жылы    Мүсіреповке  тән  шеберлікпен  жазылған  алғашқы  әңгіме – “Қос шалқар”
1928 – 38 жылдары    Баспасөз,  әр  түрлі  орындарда  жауапты  қызметтер  атқарады.
1932  жылы    Ел  басына  күн туып, етігімен  су  кешіп елінің  жартысын  жайратып  салған  осы  жылдың  қилы  заманда  бес  азаматтың  атынан  қылышынан  қан  тамған  жоғары  орынға жанын  шүберекке  түйіп  жүріп  ашық хат  жазған  ақберен  адам  болатын.

1939  жылы     “Қозы Көрпеш – Баян  сұлу” трагедиясы  ең  құнарлы,  жемісті  дәуірін – үшінші  кезеңін  бастайды. 
1945  жылы    Екінші  дүниежүзілік  соғыс  жүріп  жатқанда  жазылып,  соғыс  бітетін  жылы  “Қазақ  батыры”  деген  атпен  жарыққа   шыққан  бұл  роман ұлттық  әдебиет  тарихында  айтарлықтай  орын  алады. 
1950  жылы    Ақыры  көп  кемшіліктен  арылып,  жинақтау  сипаты  өскен  роман  осы  жылы  “Қазақ  солдаты”  деген  атпен  жарияланып,  оқырманның  сүйіспеншілігіне  бөленді.
1956 жылы    Суреткерлік  шеберлігі  толысып,  кемелденген  кезінде  жазылған  “Этнографикалық  әңгімеде” көңіл  аударалық  жаңалық  бар. 
1956 - 66 жылдары    “Ара - Шмель”  атты  сатиралық  журналдың  бас  редакторы,  Қазақстан  Жазушылар  Одағының  бірінші  хатшысы  қызметін  атқарады.

 
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ 
 (1902-1985) 
 
Әңгімелері
«Қос шалқар»
«Көк үйдегі көршілер»
«Талпақ танау»
«Ананың анасы»
«Ашынған ана»
«Ер ана»
«Ақлима»
«Айгүл қойшының бір күні»
«Әмина»
«Қыран жыры»
«Өмір»
«Жапон әңгімелері»
«Ананың арашасы»
Романдары
«Қазақ солдаты»
«Оянған өлке»
“Ұлпан”

«Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасы

Пьесалары
«Қыз Жібек»
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
«Амангелді»

1.    Ғ.Мүсірепов  қай  жылы  дүниеге  келді?       
2.    Қай  ауданда  дүниеге  келген?                      
3.    Ғ.Мүсіреповтың пьесаларын  ата. 
4.    Ғ.Мүсірепов  қай  жылы  қайтыс  болды?       
5.    Қандай  отбасында  дүниеге  келген?      
6.    Ғ.Мүсіреповтың  романдарын  ата.     
7.    Ғабит  адамның  қандай  қасиетін  жоғары  бағалаған? 
8.    Ғ.Мүсірепов  қай  жылы  дүниеге  келді?       (1902 ж.)
9.    Қай  ауданда  дүниеге  келген?                      (Жамбыл)
10.    Ғ.Мүсіреповтың пьесаларын  ата.       (“Қыз Жібек”, “Амангелді”, “Қозы Көрпеш – Баян  сұлу”)
11.    Ғ.Мүсірепов  қай  жылы  қайтыс  болды?       (1985 ж.)
12.    Қандай  отбасында  дүниеге  келген?      (Кедей)
13.    Ғ.Мүсіреповтың  романдарын  ата.     (“Оянған  өлке”, “Қазақ  солдаты”, “Ұлпан”)
14.    Ғабит  адамның  қандай  қасиетін  жоғары  бағалаған? 
     (Адалдық)
 
- Кім  сендерді,  балалар,  сүйетұғын,
Қуанышыңа  қуанып,  қайғыңа  күйетұғын?
-Түн  ұйқысын  төрт  бөліп,  кірпік  қақпай,
Елең  етіп, дамылсыз жүретұғын.
Кім  сендерді,  балалар,  тербететін,
Еркелетіп,  ойнатып,  сергітетін.
Міржақып  Дулатов

Алғаш  рет “Ана”  тақырыбында  қалам  тартқан  жазушы  -  Ғабит  Мүсірепов.

“Ананың  анасы”,  “Ашынған  ана”,  “Ананың  арашасы”,                “Ер  ана”,  “Ақлима”
 
(Кітаппен  жұмыс)

    Аппақ, ақ сарбас,  етектей  сақалын  балуан  бармақтарымен     сипалап  отырған  Әйтілес  қарт.

   - Әйтілес  қарттың  әңгімесін кім  оқиды?

   Бала  би  Жалпақ  балуанды Ергенекті  еліне  жұмсайды.

   Жылқының  жатқан  жерінен  жарты  көш  шыққан  кезде    
   арттарынан  бір  қара  көрінеді.

   Тағы  да  қозы  көш  жер  жүреді.  Бір  кезде  тұйғындай      
  түйіліп,  жұлдыздай  ағып  бір  қара  көрінеді.

 Жалпақ  балуан  кім?

-    Әділетсіз  қара  күш  иесі.

-     Өмірде  адасып  жүрген  жан.

-     Адамгершілігін  сақтаған,  мейірімін  жоғалтпаған   жан

Қалай  ойлайсыңдар,  қырық  жігіт  пен  батырды  тізе  бүктірген  қандай  күш,  нендей  құдірет?
Қалай  ойлайсыңдар,  қырық  жігіт  пен  батырды  тізе  бүктірген  қандай  күш,  нендей  құдірет?

 
1.    Уа, Жалпақ!  Ергенекті  елімізді  неше  рет  шапты?

2.    Ергенекті  елінен  бірінші  рет  жеңілгенде  Жалпақ  балуан  неше  жаста?

3. Біз  даланың  ессіз  ерлеріміз  ғой.  Неге  түрткенде  ғана  селт  етеміз?  Неге  түртпесе  көрмейміз?

4. Артымдағы  кім  еңіреп  жіберді  де,  белімдегі  білегін  суырып – ақ  алды?

5. Кім  қызын,  қызы  кімін  жұбатып  өзді – өзі  болды  да  қалды?

1.    Уа, Жалпақ!  Ергенекті  елімізді  неше  рет  шапты?
(екі, два, two )
2.    Ергенекті  елінен  бірінші  рет  жеңілгенде  Жалпақ  балуан  неше  жаста?
(алты,  шесть,  six)
3. Біз  даланың  ессіз  ерлеріміз  ғой.  Неге  түрткенде  ғана  селт  етеміз?  Неге  түртпесе  көрмейміз?
(көз,  глаза, eye )
4. Артымдағы  кім  еңіреп  жіберді  де,  белімдегі  білегін  суырып – ақ  алды?
(қыз,  девушка, girl )
5. Кім  қызын,  қызы  кімін  жұбатып  өзді – өзі  болды  да  қалды?
(ана,  мать, mother ) 
 
Зымыран  сұрақтар
І  қатар
1.    Аппақ,  ақ сарбас,  әңгімешіл  адам  кім?
2.    Оның  әңгімесін  тыңдаушылар  кім?
3.    Әңгіме  Әйтілес  қарттың  ертеде  өткен  оқиғаны  жаңғыртып  айтуынан  басталады? Мұны  әдебиет  теориясында  не  дейді?
4.    Бала  бидің  батыры  кім?
5.    Оның  шабуға  барған  елі.
ІІ  қатар

1.    Екінші  рет  Жалпақ  балуан  неге  жауға  шапты?
2.    Ергенекті  елінде Жалпақ  балуанның қандай  құнды  дүниесі бар  деп  ойлайсыңдар?
3.    Жалпақ  балуанның  қасында  қанша  жігіт  бар  еді?
4.    Батырдың  тілегі не?
5.    Бидің  тілегі  не?
ІІІ  қатар
1.    Жылқының  бір  шетін  төңкеріп,  қиқулап  келе  жатқанда барымташыларға  кім  кездеседі?
2.   Тұтқынға  түскен  қызды  бірінші  болып  кім  қуып  келеді? Оның  халі  не  болды екен?
3.  Батыр  мен  оның  жігітерінің  артынан  неге  Ергенекті елі қуып  келмеді?
4.  Әңгімеде  батылдығымен,  ақылдылығымен  көзге  түскен  кім?
 5.  -   Жаным, сен  неткен  жансың?
     Сен  қазақтың  қатыны  шығарсың  да, өзімді батыры шығар  деп  ойлаймын.  Бұл  кімнің  сөзі?
 
Ғ.Мүсірепов 
А) “Ананың  анасы”  мазмұндау.

Ә) “Ана – теңдесі  жоқ құдірет”
     “Ана – сарқылмайтын күш”
     “Ана  махаббаты  -  киелі  күш”    
       тақырыптарының   біріне  шығарма  жазу.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 1771 | Загрузок: 150 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]