Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Ақын, әнші-композитор Біржан сал Қожағұлұлы ашық сабақ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

17.06.2015, 22:59

Қазақ әдебиеті
10-сынып
Қашқынбаева Сағатхан    
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі            

Сабақтың тақырыбы: Ақын, әнші-композитор Біржан сал Қожағұлұлы
Сабақтың мақсаты: 1.Біржан сал Қожағұлұлының шығармалары арқылы ақындық, әншілік қуатын таныту, рухани танымдық маңызын түсінуге үйрету.
2.Өзіндік ізденіш, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
3.Ақын жырларын оқыта отырып, өлең қудіретін сезіне білуге, туған елін, жерін суюге баулу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер
Пәнаралық байланыс: тарих, география, музыка
Сабақтың түрі: іздендіру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын сурау
1.XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы әдебиетті шығармаларының тақырыбы мен мақсат-мүддесі жағынан қандай топтарға бөлуге болады?
2.Сал-серілер поэзиясының өкілдері кімдер?
3.Сал, сері сөздеріне түсінік беріндер.
4.Әнші-сазгер ақындар туралы жазылған кімдердің көркем шығармаларын білесіндер?
5.Біржан сал кім?
6.Әнші Біржанның Ақын Абаймен шығармашылық байланысы жөнінде не айтасындар?
III. Жаңа сабақ
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі
Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Сабақтың мақсаты – Біржанның артында қалдырған әдеби мұрасын танып білу.
Сынып оқушылары 2 топқа бөлінген
1 Ізденушілер          2 Зерттеушілер
1 - топ. Біржан салдың ақындық қырлары
2 - топ. Біржан – айтыскер ақын
Зерттеушілер Біржан өлендерінің тақырыбын үш топқа бөліп, өлендерінің шығу тарихына тоқталады.
2 Ізденушілер
«Біржан-Сара» айтысына тоқталады
IV. Сабақты бекіту тапсырмалары
1 топқа – Үзінді ақынның қай шығармасынан?
Үзінді    Айтбай    Адасқақ    Талай заман    Ақтенбек
1. Созады Біржан даусын қоңыр қаздай, Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай

2.Атымның қақ тұрады сауырына, қос тепкі салып келем бауырына

3. Мен Біржан болғалы биыл емес, Өлең шіркін біздерге қиын емес

4. Алыстан ат терлетіп келіп едім, Жүрмісің аман –есен, перизатым    

 

2- топқа тапсырма:  « Біржан-Сара» айтысынан берілген үзіндіден көркемдеуіш бейнелі сөздерді табу

Сабақты қорту
- «Біржан кім?» тақырыбында әр топтан бір студент интерактивті тақтада ассоциация құрастырады
- ақын
- сал-серілер мектебін қалыптастырушылардың бірі
-әнші-композитор
-айтыскер ақын
-шешен
Бағалау: Топ басшысы бағалайды
Үйге тапсырма
1- топ: Өлен жаттау
2- топ: айтыстан үзінді жаттау
V: мұғалімнің бағалауы


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 596 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]