Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 25.4.2017
Главная » Файлы [ Добавить материал ]

Всего материалов в каталоге: 3141
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 314 315 »

Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы ғылымның қалыптасу тарихы.

  1. Философия ғылыми білімінің оның ішінде қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы білімдердің (Платон, Аристотель, Кант, Гегель, Гоббс және т.б) интегрладық формасы түрінде.
  2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылыми пәндер циклының қалыптасуы: эпирикалық мәліметтер және тарихи-логикалық қайта құрулылар.
  3. Ғылыми білімнің пәндік құрылымының әлеуметтік-мәдени жағдайы: социология, экономика, политология және мәдениет туралы ғылым.
  4. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әлеуметтік контекстіне тәуелділігі: классикалы, классикалы емес және постклассикалық емес ғылым.
  5. Қазақстандағы әлеуметтік методология мен әлеуметтік білімнің жаңа парадигмасы

Ғылыми революцияларды түрліше белгілері бойынша ажыратуға болады, сондықтан оның біртұтас классификациясы жоқ. Ғылыми революциялардың, мәселен, жалпылық белгісіне қарай, зерттелетін заттар мен құбылыстардың ашып көрсетілетін мәнінің терендігіне қарай, ғылымдардың түріне қарай, олардың техникалық прогресс пен қоғамның рухани мәдениетіне тигізетін әсеріне және т.б. карап бірнеше түрін атап көрсетуге болады. Оның үстіне революцияның бір белгілерін екіншілерінен айыру кейде өте қиынға соғады. Сол себепті ол революцияларды ғылыми жалпылығына қарай және ғылыми таным тарихында атқарған рөлінің маңыздылығына қарай топтастырып көрейік.

Философия | Просмотров: 730 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Информатика пәнаралық ғылым ретінде. Компьютерлік төңкерістің эпистемологиялық мазмұны.

  1. Ақпараттық қоғам концепциясы: питризм Сорокиннен Эмануэл Кастельске дейін.
  2. Ақпараттық қоғамның пайда болуы.
  3. Әлеуметтік информатика проблемаларына деген синергетикалық ыңғай.
  4. Интернеттегі киберкеңістік ұғымы және оның философиялық мәні

Ғылымның бүкіл даму тарихында оған философиялық идеялар мен принциптер зор әсерін тигізіп отырды. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарынан бастап неопозитивизмді жақтаушылар ғылымды, өздерінің пікірі бойынша, еш мәні жоқ философияның немесе метафизиканың1 ықпалынан босату үшін көп әрекет жасады. Осы мақсатпен олар философия мен ғылымның арасына шекара қою программасын ұсынды. Бұл программа бойынша, философиялық идеялар мен принциптер шындықта объектісі жоқ жалған пікірлер деп жарияланды, өйткені оларды эмпириялық тексеру мүмкін емес.

Философия | Просмотров: 511 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Жаратылыстану және әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдарының қазіргі философиялқ проблемалары

  1. Жаратылыстану ғылымы және мәдениет.
  2. Жаратылыстану ғылымдарының жіктелуі. Физика жаратылыстану білімінің іргетасы ретінде.
  3. Биология және дүниенің эволюциялық бейнесінің қалыптасуы.
  4. Математика және жаратылыстану.
  5. Астрономия және ғарыштың болашақ адамзат тың перспективалары. Космизм және антикосмизм: қазіргі пікір-таластар.
  6. Техникалық ғылымдарының өзіне тән ерекшелігі және оның жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар мен математика мен арақатынасы.

 

Ғылымның эмпириялық және теориялық құрылысынан басқа оның тағы бір құрылысы бар екенін атап көрсету қажет. Ол ғылымның негіздері деп аталады. Оның бұл құрылысына идеалдары (әрекетке бастайтын ішкі мақсаты), нормалары (қабыл алынған реті, тәртібі), критерийі (ақиқаттығының өлшеуіші) және принциптері кіреді — кез келген ғылымның эмпириялық негізі мен теориялық қондырмасы осыларға сүйенеді.

Философия | Просмотров: 805 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Ғылыми қауымдастықтың тарихи типтері.

  1. Ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттар туралы түсініктер.
  2. Ғылымды компьютерлендірудің әлеуметтік салалары мен маңызы.
  3. Ғылым және экономика.

Кез келген ғылыми зерттеу фактілерге арқа сүйейді, бірақ фактілердің көптігі сонша, оларды талдап, классификациялап және, ең бастысы, жалпылап алмайынша, шындық дүние құбылыстары мен процестерінің даму бағытын болжау былай тұрсын, тіпті жай түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан фактілерді классификациялап, жүйеге келтіру ғылыми зерттеудің маңызды бір кезеңі болып табылады.

Факті деп (лат.factum — жасалған, іске асқан деген сөз) күнделікті таным процесінде айналадағы дүниенің сезім мүшелерінің көмегімен тікелей қабылданатын құбылыстары мен оқиғаларын түсінеді. Бұл тұрғыдан алғанда олар ақыл-ойдың жұмысына негізделетін гипотезалар мен теорияларға қарсы қойылады.

Философия | Просмотров: 290 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Ғылым әлемдік институт ретінде.

  1. Ғылыми іс-қызметтік ұйымдасуы: құрылым, белгілер, критерийлер (өлшемдер).
  2. Ғылым әлеуметтік институт ретінде: негізгі ыңғайлар (подходы).
  3. Ғылыми іс-қызметтің институтциональдық формаларының тарихи дамуы: негізгі тенденциялар.

Жалпы алғанда дүниетану процесін, ал сөзбе-сөз алғанда таным теориясын білдіретін ертедегі Грециядан бері келе жатқан бірі "гносеология", екіншісі "эпистемология" деген екі термин сөз бар. Грекше "gnosis" те, "ерisteme" де "білім" деген мағынаны білдіреді екен, олай болса, алғашқы келтірілген екі термин сөздің екеуі де таным теориясы дегенді білдіреді деп жазылыпты философиялық сөздіктерде. "Эпистемология" термині негізінен ағылшын, американ тілдерінде және сирек болса да француз, неміс тілдерінде қолданылады екен.

Философия | Просмотров: 462 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

ХХғ. Соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және әлеуметтік – гуманитарлық бақылау.

  1. Ғылыми – техникалық жобаларды экологиялық және әлеуметтік-гуманитарлық экспертиза жасау.
  2. Сцентизм және антисцентизм. Ғылым жәе паранаука, жалған ғылым.
  3. Ғылымның мәдениеттегі жаңа функциялары. Ғылымның жаһандық контексті. Ғылыми ақпараттың өсуі және ғылым әлемінің өзгеруі.

Қазіргі заманда жер жүзіндегі барлық халықтардың қолданатын санау жүйесі - ондық системасы. Осы ондық система - ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Оны ойлап табуға бүкіл халық болып ат салысты деуге болады, өйткені мұндай санақ системасын тудырған бүкіл адамзаттың практикалық іс-әрекеті деуге болады. Мәдениеттің тарихыңда адамзаттың практикалық өмірі үшін ондық системадай зор маңызы бар ғылыми прогресс жасаған, өшпес із қалдырған, терең ықпалын тигізген математикалық білім кемде-кем шығар. Ондық системаның пайда болуы екі қолдың саусақтарын санау практикасына байланысты екеніне күмән келтіруге болмайды.

Философия | Просмотров: 354 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері

  1. Постклассикалық емес ғылымның сипаттамасы.
  2. Ғылыми зерттеу жаңа стратегиялары және өздігінен дамитын синергетикалық жүйелерді меңгеру.
  3. Ғылымның этосы.

Ғылымның бастамасын анықтаудың оңай емес екендігі белгілі, бірақ оның даму тарихын ең алдымен үлкен екі кезеңге бөліп зерттеуді ғалымдардың көпшілігі жақтайды. Ғылым зерттеуші ғалым А.Карноның пікірінше, суы мол, арнасы кең ұзаққа созылған үлкен өзеннің бастауын дәл табу қандай қиын болса, ғылымның қайнар бастауын да дәл көрсету оңай емес. Оның бастамасына ой жүгірткенде, қап-қараңғы, шым-шытырық күңгірт ойларға тап боласың, ақыр-соңында тұрпайы да жабайы түсініктерге келіп тірелесің1.

Философия | Просмотров: 947 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рациональдылық.

  1. Ғылым динамикасы мен ғылым тарихының модельдері.
  2. Ғылыми төңкерістердің мәні мен құрылымы.
  3. Ғылыми төңкерістің концепциялары.
  4. Ғылыми рационалдық ұғымы, ерекшелігі және концепцисы.

Теория шындық дүниенің белгілі бір саласындағы заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастары жайлы бір тұтас түсінік беретін ғылыми білімдердің жинақталған формасы. Ол теория ғылыми болу үшін ақиқат болуы тиіс, алайда ақиқат білімнің бәрі бірдей теория бола бермейді, мәселен, күнделікті тұрмыстық білімдер ақиқатгы білдіргенімен, бірақ теориялық білімге жатпайтыны жоғарыда айтылды.

Білімнің ғылымилығын көрсететін критерийі (өлшеуіші) не? — деген сұраққа ең алдымен — практика деп жауап беруіміз керек, өйткені таным процесінің негізі, мақсаты практикалық қызмет. Ғылыми білім ең алдымен практикалық қызметке, материалдық игіліктер өндіру ісіне қызмет етеді, олай болса, ғылыми білімнің ақиқаттығының, оның ғылымилығының бірінші өлшеуіші, критерийі практика болып табылады.

Философия | Просмотров: 500 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Ғылыми білімнің құрылымы.

  1. Ғылыми білім күрделі дамушы жүйе ретінде.
  2. Ғылыми білімнің типтері.
  3. Дүниенің ғылыми және философиялық көрінісі.
  4. Ғылымдарды жіктеу проблемасы.

Ғылымның қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отырған қазіргі заманда "білім" деген ұғымды көбінше "ғылыми білім" деген ұғыммен тепе-тең мағынада түсінеміз. Ал шынында олай емес екенін жоғарыда айттық. Адам білімінің көптеген түрлері ғылыми емес. Мәселен, күнделікті тұрмыста қалыптасқан білім, діни білім, бірдеңеден алатын эстетикалық әсер т.б. ғылыми білімге жатпайды.

Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алынатын білімдердің мазмұны мен сипаты мүлде басқаша. Ғылыми білімнің мазмұны мен сипатын, мәселен, күнделікті тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстық білімдерден ажырату үшін ғылым деген не екенін, оның мазмұны қандай екенін білу қажет.

Философия | Просмотров: 1037 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Жаңаевропалық ғылымның қалыптасуының алғы тарихы.

  1. Қазіргі замандағы ғылым.
  2. Ғылыми іс-қызметтің ерекше мамандыққа айналуы.
  3. Ғылым және адамзат тарихындағы технологиялық төңкерістер.
  4. Ғылымның дамуының негізгі дәуірлері.

Көп мәнді "ғылым" ұғымының мазмұнын анықтау үшін оны құратын мәнді белгілерін ашып көрсету қажет.

Ғылым дегеніміз ең алдымен білім, білімдер жиынтығы. Екіншіден, ол білімдерді тұжырымдауға, "өндіруге" бағытталған іс-әрекет, яғни дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып білу қызметі. Қазіргі заманғы ғылым сонымен бірге қоғамдық сананың бір формасы, түрліше ғылыми мекемелер жүйесін қамтитын әлеуметтік институттар, маман кадрлар даярлау жүйесі және, XX ғысырдың екінші жартысынан бастап, қоғамның тікелей өндіргіш күші деп түсініледі.1 Ғылым ұғымын аталған белгілері бойынша түсіндіру арқылы оның алғашқы бастамасы да анықталады. 

Философия | Просмотров: 213 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 ... 3131-3140 3141-3141