Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 23.7.2017
Главная » 2016 » Декабрь » 5 » Қыс қызығы балабақшадағы ертеңгіліктер
17:48
Қыс қызығы балабақшадағы ертеңгіліктер

Қыс қызығы

 

Білім беру салалары:  Қатынас
Бөлімі :  Тіл дамыту.
Тақырыбы:  Қыс қызығы.
Білімдік мақсаты: қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Сурет бойынша балаларға әңгіме құрастыра білуді қалыптастыру.Өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру және сөздік қорларын байыту.Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атай білуге төселдіру.
  Құрал жабдықтар:  қыс көрінісі,мазмұнды суреттер,оқулық суреттері.
  Билингвизм:  қыс –зима, аяз – мороз 
Қызметтің
кезеңдері
    Тәрбиеші әрекеттері
    Балалардың әрекеттері

Мотивациялық -
Түрткіболатын
Іс 

     Жылулық шеңбері.
Сіз-біз деген жылы сөз,
Жылытады жүректі
Жақсылық билеп жолды тез
Оятады игі тілекті.    Тыңдайды.
Қайталайды.
Жаттайды.

Ұйымдық - іздену
       Қыс туралы өлең оқу.
      
    Аяз қысып,өрнек сызып,
    Терезеңді торлайды.
    Қарға омбығып бет домбығып,
    Сырғанап жастар ойнайды.
    Бөбектерім айтыңдаршы,
    Бұл қай кезде болады? 
-    Қазір қай мезгіл?
-    Қыста адамдар қалай киінеді?
-    Қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз?
-    Қыс,қар,боран деген сөздерді қосып сөйлем құрастырайық..
Сөйлем: қыста қар жауады,күн суытады,боран соғады,аяз болады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Суыққа төзімді құстар қыстап қалады. Олар торғай,қарға,сауысқан және т/б.
Неліктен қыста құстар жылы жаққа ұшып кетеді? Ұшып кететін құстарды қалай атайды? (Жыл құстары)
Сергіту сәті:
«Шынықсын денеміз»
Жүріңдер балалар,сырғанақ тебеміз!
Құрыспай,құрыштай шынықсын денеміз.
Таяққа бау тағып,шаңғыңды байлап ал.
Биалай,малақай,бәрінде сайлап ал. 
    Өлеңді тыңдайды,мағынасын түсінеді.
Қай мезгіл екенін  айтады.

Сұраққа жауап береді.

Сөйлем құрастырады.
Рефлекстік - түзету
    -Қыста сендер қандай ойын ойнауды ұнатасыңдар?
Немен ойнайсыңдар?  Кімнің шаңғысы бар?  Сендер қардан не жасадыңдар?
Қолдарыңа не кидіңдер? Шаңғы,шана неден жасалған?
Мадақтау.
    Ойын ойнайды.
Күтілетін нәтиже : Суретке қарап әңгіме құрастыра білуі.
Білуге   тиіс:  Қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді білуі.
      Істей білу керек: Қыс мезгілінде ойнайтын ойындар туралы айта білуі.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 334 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, ертеңгіліктер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]