Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 29 » Қысқы баспана ертегі балабақшадағы ашық сабақтар
14:52
Қысқы баспана ертегі балабақшадағы ашық сабақтар

Қысқы баспана ертегі

 

Күні айы:___________
Білім беру саласы: «Қатынас».
Тақырыбы: «Қысқы баспана» ертегі.
Мақсаты:
Білімділік:_ Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік бере отырып, балаларды жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету. Қыстың ерекшіліктерімен қызықтыра білу.
Дамытушылық: Балаларға ертегіні оқып,таныстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік : Бір-біріне қамқор болуға,адалдыққа,шыншылдыққа ,ормандағы аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс : тақтай.
Көрнекі -құралдар:интерактивті тақта,қалам,суреттер,үнтаспа,маска жануарлар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,әңгімелесу,көрсету.
Пәнаралық байланыс:көркем әдебиет, қоршаған орта танысу,музыка.
Іс-әрекет сатылары    Тәрбиешінің басқару әрекеті    Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық  оятушылық

Ұйымдастырушылық ізденушілік
    Қайырлы күн, балалар!Алтын күн, жер анаға өзінің мейірлі шуағын төгіп, біздің жан дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр.Бізде  бір-бірімізге жүрек жылуымызды сыйлайықшы.
Қане, балалар бәріміз орнымыздан тұрайық.
        Амансың ба, алтын күн!
        Амансың ба, жер ана!
        Амансың ба, достарым!
        Сендерді көріп қуандым. 
Үнтаспадан боран ,жел ызғар дыбысын естиді.
-Балалар ненің дыбысы?
-Естігенде өздеріңді қалай сезіндіңдер?
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
-Ертегінің суретін тақтаға көрсетіп,балалардан өз ойларымен ертегіні көріп,қалай аяқтауға болады?
-Бүгін біз сендермен «Қысқы баспана» ертегісімен танысамыз.
-Әліппе дәпертердегі суретке назар аудару балалардың.
-Қазір балалар ертегіні үнтаспадан,компьютердан тыңдаймыз.
-Орманда қандай аңдар өмір сүреді?
-Олардың үйлеріне нелер келді?
-Қасқырлар неден қорықты?
-Балалар,сендер ормандағы жануарларға үй тұрғызып берейік пе?
-Ол үшін әртүрлі тапсырмалар беріледі,соны орындаған сайын ,үйді құрастыра аламыз.
- 1 тапсырма.Жұмбақтар.
-Еріксе ,құйрығымен ойнайды,
Зеріксе,ұйқыға бір тоймайды.
-Қызыл бұжыр айдары бар,
Қоқилаған айбары бар.
-Жарайсыңдар,балалар! Өте жақсы,тапқыр екенсіңдер.
-2 тапсырма. Балалар, біз үлкен жұмыс жасадық. Енді өлең арқылы демалып, сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті: «Қар биі». 
Жаттығудың түрлері: (Музыкамен)
   1.Басқа малақай киеміз.
   2.Қолымызға қолғап киіп.
   3.Аққала жасап бірге ойнаймыз,
    4. Бір-бірімізге ұлпақарды атып.
    5. Бетіміз тонды, жылытайық.
-3 тапсырма.Дидактикалық ойын: «Қай жануардың дауысы?».
Шарты:Үнтаспадан жануарлардың дауысы шығады,балалар табу керек.Қалай дыбысталатынын айтады.
-4 тапсырма.Қыс мезгілінде киілетін киімдерді реттеу.(қаламсаппен апару).
-5 тапсырма.Көрініс. «Қысқы баспана».
-Міне, балалар біз сендермен үй құрастырып бердік.    Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Боран дауысын естиді.

Денеміз түршігіп,денемізден суық өткендей болды.

Балалар ертегіні өздері құрастырып айтып көреді.

Ертегіні үнтаспадан тыңдайды.

Жауап береді сұрақтарға.

Ия.

Жұмбақтың жауабын айтады.

Өлең жолдарын бірге айтып,қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

Жануарлардың дауысын ажыратып,айту.

Қысқы киімдерді қаламсаппен апару.

Көрініс қояды.
Рефелексивтік түзету

 -«Бірлік түбі –береке» деген мақал-мәтелдің мағынасын қалай түсінесіңдер?
-Біз қандай пішіндерден үй құрастырдық?
-Үйіміз қалай шықты?(әдемі,кең,)
-Балалар,сендерге жануарлар ризашылығын білідіріп,тәтті ұлпақарлар атты кәмпиттер беріп жіберіпті қараңдаршы.
-Кәмпиттерді қайда салыпты?
-Сендерге бүгінгі сабақ ұнады 
ма ?
-Қай жері саған ұнады?
-Мадақтау балаларды.    Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіреді.

Сұрақтарға жауап береді.

Себеттке салып қойыпты.
Жауап береді.
Күтілетін нәтиже:Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігін ұғыну.
Білу керек:Жануарлардың дауысын ажырата білу.
Үйрену керек: Сурет бойынша ертегіні құрастырып,толық жауап беруге

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 47 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]