Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 26 » «Қуыршаққа арналған моншақ» балабақшадағы ашық сабақтар
08:07
«Қуыршаққа арналған моншақ» балабақшадағы ашық сабақтар

«Қуыршаққа арналған моншақ»

 

Аманкарагайский детский сад «Бөбек» Аулиекольского акимата
Открытое интегрированное занятие для первой младшей группы
«Бусы для куклы»
                                                   1 кіші «Ақбота» тобына 
арналған оқу жұмыстарын ұйымдастырудың
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ 

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ: Денсаулық. Шығармашылық.
БӨЛІМІ: Дене шынықтыру,сурет салу.
ТАҚЫРЫБЫ: «Қуыршаққа арналған моншақ»
МАҚСАТЫ: Балаларды интеграциялық  оқу іс-әрекеті арқылы берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға, балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Саусақтың ұсақ бұлшықеттерін дамыту, дөңгелек моншақтарды  салуға үйрету. Әсемдікті, әдемілікті сезхіне білуге тәрбиелеу.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР: ойыншықтар, доп, қуыршақ Асия,моншақтардың түрлері,қол сүрткіштер,бояулар,су
 БИЛИНГВАЛЬДЫ КОМПОНЕНТ:  моншақ-бусы, қуыршақ-кукла, қоян-заяц, аю-медведь, түлкі-лиса,қызыл-красный,жасыл-зеленый.

ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ    ТӘРБИЕШІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ    БАЛАЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ


Мотивациялық-қозғаушылық    Балалар шаттық шеңберге тұрады:
Сәлем дейміз құстарға,
Сәлем дейміз аңдарға
Сәлем дейміз апайға
Сәлем дейміз қонақтарға    
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

Ұйымдастырушы
лық-ізденістік    Қызығушылық ояту.
- Балалар, қараңдаршы мына жерде үй тұр екен. Сол үйдің ішінде біреу жылап жатқан сияқты. Барып білейікші.
Үйшіктен жылап жатқан дауыс шығады. Балалар жақындап барады. Үйшікте қуыршақ отырады.
- Балалар, қуыршақтың әдемі моншағы болыпты. (үлестірмелі суреттен көрсету). Оны ормандағы аңдар келіп алып қойыпты. Біз қуыршаққа көмектесеміз бе?
-Ендеше орманға шығып, аңдарды іздейік. Орманға жету үшін шынығып алайық.

Аяқпенен топ-топ-топ
Ал қолыңмен хлоп-хлоп-хлоп
Бір оңға, бір солға.
 Секірейік кел мында.

-Енді жерде жатқан белгілермен орманға жүрейік.
Жерде жатқан іздерге басып жүреді.
Алдарында бұтаны көреді, оның арасында қоян отырады.
- Балалар, қоян бізге егер тапсырмамды орындасаңдар мендегі моншақтарды беремін дейді. 
Қоянның тапсырмасы: 
«Кім жылдам»
Шарты: балалар шашылып жатқан доптарды тез жинап алу керек. 
«Ұзын құлақ сұр қоян»- сергіту сәтін орындайды.
Балалар тапсырманы орындағасын қоян оларға моншақтардың бір бөлігін береді.
-Енді әрі қарай жүрейік.
Алдарынан аю шығады. 
Аюдың тапсырмасы: Шашылып жатқан тиындарды түстеріне сәйкес жинау.
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Аю моншақтардың бір бөлігін береді.
-Балалар әрі қарай жүрейік.
Келесі бұтаның астынан Түлкі шығады.
Түлкінің тапсырмасы: «Нысанға тигіз»
Доптарды шеңберге тигізу.

Сергіту сәті:
Қу түлкі топ-топ бас,
Міне былай топ-топ бас.
Қу түлкі қолың соқ
Міне былай қолың соқ.
Жүр түлкім билей ғой,
Міне былай билей ғой.

Түлкі қалған бөлікті береді.
-Балалар енді тауып алған моншақтарды Қуыршаққа апарып берейік. Берілген іздермен қайта артқа қайту.
-Балалар,қуыршақ ренжіп,көңілсіз болып тұр екен. Асияға әдемі моншақтың суретін салып беруі ұсыну. Сурет салу алдында қолдарды уқалаймыз, жаттығу жасаймыз.
Сергіту сәті:
 Иықты біз қозғалтайық
Қолымызды ұмытпайық
Саусақтарды қозғалтып
Демалып біз алайық

Ол үшін сурет салу әдісін көрсетіп, түсіндіру. Ақ қағаздың бетіне саусақпен бояуға батырып, моншақтың суретін салу керек. Салу  барысында балаларға көмектесіп мадақтайды.
Жеке жұмыс: аяқтай алмаған балаларға көмектесу. Моншақты Асияға сыйлауы ұсыну.
Асия  қуанышын білдіреді.
Ойын: «Кім жоқ?»
Мақсаты. Балалардың зейіндерін дамыту.
Асия қуыршақ  балалармен қоштасады.     
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

-Иә

Тәрбиешінің артынан қимылдарды қайталайды.

 

Белгілер бойынша жүреді.

 

Тапсырманы орындауға тырысады.

Сергіту сәтін орындайды.

Тапсырманы орындауға тырысады.

Сергіту сәтін орындайды.

Тапсырманы орындауға тырысады.

Сергіту сәтін орындайды.

Белгілер бойынша жүреді.

Балалар жаттығу орындайды.

Тәрбиешіні мұқият тыңдап, өз пікірлерін білдіреді
Сурет салу әдісін мұқият тыңдап, өз еріктерімен сурет салуға кірісу.

Ойынға қызыға қатысу.

Қоштасады.

Рефлексиялық - түзетушілік    Қорытынды бөлім: 
Моншақтарды алып, Қуыршаққа алып келу. Бір- бірінің салған суреттерін тамашалап, мақтайды.
-Балалар,моншақтарды кім салады?
-Не үшін тағады?    Балалар қуыршаққа моншақтарын қайтарады. Суреттерін қарайды.
-Балалардың жауабы.

  Күтілетін нәтиже:
  Орындайды: тапсырмаларды орындауға тырысады,моншақтардың әшекей зат екенін
  Түсінеді: берілген белгіге көңіл аударып, қимыл-қозғалысты белгі бойынша орындау керектігін, моншақтар туралы қарапайым түсініктерді.
  Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды, бастырма арқылы моншақтың суретін салуды.

Тәрбиеші: Абиева Ж.С.

Иықты біз қозғалтайық
Қолымызды ұмытпайық
Саусақтарды қозғалтып
Демалып алайық

Плечиками мы покрутим,
    И про ручки не забудем,
    Пальчиками потрясём,
    И немножко отдохнём!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 59 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]