Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 22.7.2017
Главная » 2016 » Ноябрь » 30 » Құс. Құстардың қысқы тіршілігі балабақшадағы ашық сабақтар
22:08
Құс. Құстардың қысқы тіршілігі балабақшадағы ашық сабақтар

Құс. Құстардың қысқы тіршілігі

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің   технологиялық картасы.
 
Білім беру саласы:   Әлеуметтік орта 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Қоршаған дүниемен таныстыру
Тақырыбы: Құс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Қардағы құстардың іздерін бақылау. Қар туралы білімдерін бекіту. Табиғатқа, еңбекке деген сүйіспеншілігін ояту.
Әдіс-тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын,серуен 
Қажетті көрнекі құралдар: Шана, шаңға
Қос тілділік компонент: Құс-птицы. Қыс-зима


Іс-әрекет 
кезеңдері    
Тәрбиешенің іс-әрекеті    
Балалардың іс-әрекеті

Себепті  қызығушылығын ояту кезеңі

Ұйымдастыру:
-Балалар бізге қонаққа «Саубөбек » келеді. Сабөбекпен серуенге баруға әзірміз бе? Ендеше қолдарына шаңғының таяғын алыңдар, олар саедерге сырғанауға көмектеседі. Сол аяқпен, оң аяқпен тізелерінді бүгіпитеріңдер, келе жатырмыз, келе жатырмыз...
Бақылау:
Жапалақтап ақ қар күнде жауды қайталап Далаға шықты балалар шаңғыларын арқалап
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста не жауады?
-Қардың түсі қандай?
-Қар тағы қандай болады?

Жұмбақ жасыру
1.    Ұлпа, қанаттай ақ?

-Балалар, біз қазір тәжірибе жасап көрейік.Қар тағы қандай болады екен? Міне, мынау ұлпа қар. Оны алақанымызға салып кішкене ұстасақ, ол қандай болады? –Міне қараңдар, ол дымқыл. Ал егерде алақанымызда көбірек ұстасақ ше?
-Ол неге еріп кетті, себебі алақанымыз жылы
-балалар қыста суыққа төзімді қандай құстарды білесіңдер?    

Әзірміз
Шаңғаның таяғын алып тебеді

Саяхатқа барады

Қыс мезгілі
Қар жауады
Ақ
Қатты,жұмсақ,ұлпа,
салқын,жылтыр

қар

дымқыл

еріп кетеді

торғай, қарға, сауысқан, көгершін

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

«Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқып беру.

Сергіту сәті
Қар борайды оң жақтан
Қар борайды сол жақтан
Қар атысып ойнасақ
Су өтпейді қолғаптан

-Балалар қараңдар, мына жерде қардың үстімен торғайлар жүріп өтіпті, ал мына жермен сауысқан жүріп өтіпті
-Келіңдер құстардың іздерін бақылайық.
-Балалар біз жазда құстардың ізін жақсы көре алмаймыз, ал қыста қар бетінен анық көруге болады
    
Ертегіні тыңдап сұрақтарға жауап береді

Сергіту сәтін орындайды

Құстардың іздерін бақылайды

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

 Қимылды ойын: «Ұлпа қар»
Ұлпа қар сияқты ұшамыз, ұшамыз. Ұлпа қар ұшып бір жерге жиналып ,үйіліп кесек қарға айналады.

«Кесек қармен» ойын
Кесек қарды қыздар қызыл шеңберге, ұлдар көк шеңберге тасып салады

Өлең жаттату
Торғай,торғай, торғайсың
Жақын келіп қонғайсың
Жем шашайын тойып ал
Сонда аязға тоңбайсың
«Дауысын ажырат» дидактикалық ойыны
Қарға қарқ-қарқ
Торғай шик-шик
Саубөбекпен қоштасады    
Ұлпа қарға айналады

Кесек қарларды көк, қызыл шеңберлерге тасып салады

Өлеңді жаттап алады

Құстардың дауыстарын салып,ажыратады

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қыстап қалатын құстар туралы біледі,атап айтады
Қандай түсініктерді меңгерді: Қардың түсін және оның қандай болатынын, қар бетіндегі іздерді бақылауды меңгерді
 Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Серуен жасап, бақылауды, жеке жұмыс жасай білулері,ойынға қатысулары

Қаратөбе ауданы                                                                                                                                                               Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.     

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің   технологиялық картасы.
 
Білім беру саласы:  Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Қарапайым математика
Тақырыбы: 6 саны 
Мақсаты: Балаларды 6 санымен және цифрымен таныстыру. Тура және кері санай білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын 
Қажетті көрнекі құралдар: 6 саны, 6 санына байланысты суреттер
Қос тілділік компонент: алты- шесть, сан- цифр


Іс-әрекет 
кезеңдері    
Тәрбиешенің іс-әрекеті    
Балалардың іс-әрекеті

Себепті  қызығушылығын ояту кезеңі

 Жылулық шеңбері
Алты қанат ақ Орда
Әнсіз, күйсіз болар ма?!
Айттырмайды дауыңды
Алты ауызы ауылдың
Тебеді ел кеткенше
Алтыбақан, әткешек
Алты шекті гитара
Қала алмайды бейтарап
Алты аяқты қоңыздар
Ұшып жүрген қобыздар
Жұмбақ жасыру
Бестен кейін келеді
Тапқыр оны біледі
Бұл қай сан?
«Қонақтар келді» дидактикалық ойыны 
-Майра түскі асқа келетін қонақтарды күтеді. Ол сұйық асқа тәрелке, қасықтар дайындады.
-Тәрелке мен қасықтардың саны бірдей ме?Оны қалай білуге болады? Суретке қарап , әрбір тәрелкеге бір қасықтан қойыңдар. Майра қателескен жоқ па? Дәлелдеңдер. Майра неше қонақты күтеді?

Тура және кері санау
1 2 3 4 5 6
6 5 4 3 2 1    

Өлең жолдарын шеңберге тұрып айтады

6 саны

Майра қонақтарға 6 қасық, 6 тәрелке дайындады. Майра 6 қонақ күтті


1- ден 6-ға дейін тура және кері санайды

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Логикалық есептер
1.Жемсауытта 5 торғай жем жеп отыр,оған тағы 1 торғай келіп қосылды. Барлығы неше торғай болды?
2.Көлде 8 аққу жүзіп жүр,оның 2 көлден ұшып кетті. Көлде неше аққу қалды?
Сандық қатар
1- ден 10-ға дейінгі сандар арасынан 6 санын тауып қорша
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Алты саны ұлықпа
Ұқсас өзі құлыпқа
-Мына құлыптардың саны нешеу?
-Оларды қай кілт ашады?

Сергіту сәті
1,2,3- қарлығаш боп ұш
5,6,7- қарлығаш боп қалқы
7,8,9,10-өз орнына қон    

6 торғай болды


6 аққу қалды

6 санын тауып қоршайды

6
Әр құлыптың кілтін табады

Сергіту сәтін орындайды

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

Тапсырмалар
«Көршісін тап»
1...3...5..7...9....
..2...4...6..8...10

Дидактикалық ойын: «Санын анықта»
Әр көкөніс пен жемісті,жидекті есептеп санын айтады

Есепте:
 5+1=6      4+2=6         3+3=6
Бояу: Әр топтағы заттарды бір сөзбен ата

6 санын бастырып жазу,штрихтау

Оқуіс-әрекетін қорытындылау    

Сандардың көршісін табады

Санын анықтайды

Есепті орындайды

6 санын жазып үйренеді

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: 1-ден 6-ға дейін тура және кері санауды біледі .
Қандай түсініктерді меңгерді: 6 саны жұп сан екенін, көршілес сандарды тауып жазуды,есепті ойлап шығара білуді меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тапсырмаларды орындап, өз беттерімен 6 санын жазып үйренулері.
Қаратөбе ауданы                                                                                                                                                               Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.     

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің   технологиялық картасы.
 
Білім беру саласы: Қатынас 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Сауат ашу
Тақырыбы: «Ж» дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Балаларды «Ж» дыбысы және әрпімен таныстыру,буындарды қосып оқуға үйрету. Қолдарын жаттықтыру.
Әдіс- тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын
Қажетті көрнекі құралдар: «Ж» әрпі, «ж»дыбысына байланысты суреттер
Қос тілділік компонент: әріп-буква, дыбыс-звук


Іс-әрекет 
кезеңдері    
Тәрбиешенің іс-әрекеті    
Балалардың іс-әрекеті

Себепті  қызығушылығын ояту кезеңі

 Жылулық шеңбері
-Қане, балалар,бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап,үлкен шеңбер құрып көрейікші!Қандай тамашаІ Шеңбер күн сияқты жылы,дөңгелек. Шеңберде біз бір-біріміздің бет- жүзімізді, көімізді, күлкімізді көре аламыз.
-Жарайсыңдар, балалар! Ендіорнымызға отырайық

Жаңа тақырып
Дыбысты айтып жаттығамыз
-Дауыл соқты, ағаштар тербелді 
Ш-ш-ш-ш-ш
-Қоңыздар ұшып келді
Ж-ж-ж-ж-ж
-Қандай дыбыс айттыңдар?
-Күн көтеріліп шуағын шашты,жылуын берді
-«Жылу» дегенде бірінші қандай дыбыс естіледі?

Артикуляциялық жаттығу
-«ж» дыбысын айтқанад тіл жоғары көтеріліптаңдайға темей тұрады. Тіліміз ауаның шығуына кедергі жасайтындықтан «ж» дыбысын дауыссыз дыбыс дейміз, көк түсті дөңгелекпен белгілейміз    

Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтып, қол ұстасып шеңбер құрады

Қимылмен көрсетіп, дыбыстарды салады
-ш-ш-ш-ш-ш

Ж-ж-ж-ж-ж

-«ж» дыбысы естіледі

«ж» мен «ш» дыбыстарын салыстырып айтады

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Тіл ұстарту жаттығуы
-Осы дауыссыз дыбыстарды дауысты дыбыстармен қосып айтамыз
Жа-жо-же-жи-жу-жы

Дидактикалық ойын: «Дұрыс қайтала,топтан қалма»
Жа-жа-жа-ға-ағ-ға- жаға
Ша-ша-ша-на-на-на- шана
Са-са-са-ға-ға-ға- саға
Сергіту сәті
-«ж» дыбысынан басталатын сөздіестігенде тоқтай қалңдар.
Балалар дөңглгне жүреді, тәрбиеші сөз айтып тұрады: шана,сана,шаң,заң,(жаңа)дегенде балалартоқтай қалуы тиіс. Себебі бұл сөзде «ж» дыбысы бар. Ойын әрі қарай осы ретпен жалғасады    

«ж» дыбысынан басталатын буындарды айтады

Естігендерін қайталап айтады


Шеңбер бойымен дөңгеленіп жүреді, «ж» дыбысы бар сөзді естігенде тоқтай қалады

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

 

Дәптермен жұмыс
-Суреттерді атап шық, «ж» дыбысы кездесетін суреттеді қоршап қой
Мысалы: жылан, қой, ата, жаңбыр

«Ж» дыбысы кездесетін өлең шумақтарын айтып көрейік
Көйлекке кәдімгі
Қарасаңыз анықтап
Жаны бар «ж» ұшып жүр
Жайдары күз, жарқын күз
Жарқырайды жапырақ

Қорыту
Не үйрендіңдер? Қандай дыбыспен жұмыс жасадық    

Суреттерді атап шығады, «ж» дыбысы кездесетін сөздерді қоршап қояды

 

Қайталап айтып, жаттап алады

Ж» дыбысымен жұмыстандық

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: «ж» дыбысынан басталатын сөздерді таба біледі, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата біледі
Қандай түсініктерді меңгерді: «ж» дыбысының сөздегі орнының әртүрлі болатынын
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «ж» дыбысын «ш» дыбысымен шатастырмай дұрыс айта білуді
            Қаратөбе ауданы                                                                                                                                                               Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.     

              Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің   технологиялық картасы.
 Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Құрастыру
Тақырыбы:Жиһаз
 Мақсаты: Балаларға құрастыру туралы түсінік беру. Құрастырудың түрлерімен таныстыру, пайдалануға жарамсыз заттармен жұмыс істеуге үйрету. Еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын
Қажетті көрнекі құралдар: Ағащ конструктор, сіріңке қорабы,түсті картон,әр түрлі жиһаздар т.б.
Қос тілділік компонент: жиһаз- мебель

Іс-әрекет 
кезеңдері    
Тәрбиешенің іс-әрекеті    
Балалардың іс-әрекеті

Себепті  қызығушылығын ояту кезеңі

Ойын ойнату:
Есік қағылады. Тәрбиеші кім келгенін айтады.
-Балалар бізге Гүлнар , Сәуле, Айсұлу атты қуыршақтар қонаққа келіпті. Олар бізге өздеріне орындықтар, үстел және төсектер сияқты жиһаздар жасап беруімізді өтінеді. Балалар, біз оларға жиһаз жасап берейік. Ол үшін біз сендермен «Жиһаз жасайтын шеберхана» ашып, құрастыру жұмысын юастаймыз.
Әңгімелесу:
Құрастыру дегеніміз не? Бұл әр түрлі заттардан бұйымдар жасай білу шеберлігі. Біз керекті материалдарды табиғаттан аламыз. Олар- бүр, еменжапырақ, бұтақ, ағаш, құстың қауырсыны т.б. сол сияқты пайдалануға жарамсыз заттар бар, оны лақтырып тастағанымен бізге қайтадан қажет болады. Олар сіріңке қорабы, әр түрлі заттың қорабы, пластик шөлмектер, стакандар т.б.
 Бой сергіту.
Қыздар мен балалар доп сияқты секіреді, қолдарын шапалақтайды, аяқтарын топылдатады, көздерін жыпылықтатады, тыныш отырып демалады.    


Қуыршақтарды қарсылап, құрмет көрсетеді

Тәрбиешімен әңгімелесіп,қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бой сергіту жаттығуын орындайды

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Үлгіні қарау( бөліктің атауы, оны біріктіру тәсілдері)

Балалардың өз беттерімен құрастыру жұмысы.
-Балалар қонақ қуыршақтар сендерге жұмбақ жасырғылары келеді екен:
                  Жұмбақтар:
1.    Жайылған дүниеге бір ғажайып
Тік көтеріп отырар адамдарды
2.    Ағайынды төрт батыр
Көтергені бір шатыр
3.    Арқасында азығы
Бауырында қазығы
4.    Қойған тамақ «үйінде »
Тұратын мұздай күйінде    

«ж» дыбысынан басталатын буындарды айтады

Жұмбақтардың шешуін табады

Орыныдық

Үстел

Үстел

Тоңазытқыш


Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

«Ағаш шебері» өлеңімен қорытындылау
Бұрқыратып иісін
Тақтай тілем ағаштан
Безендірем үй ішін
Жабдықтармен жарасқан
Болсын берік, көрікті
Пәтерлердің жасауы
Соған лайық ең мықты
Келер жиһаз жасағым

-Балалардың жұмыстарын талдау

-Қуыршақтарға ұсынып, шығарып салу    

Өлең жолдарын жаттап алады

Балалар өз жұмыстарына баға береді
Қуыршақтарға жұмыстарын ұсынып, шығарып салады

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қажетсіз затарды пайдалана біледі
Қандай түсініктерді меңгерді: Сіріңке қораптарынан, катушкадан жиһаз құрастыруды
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қуыршақтарға жиһаз жасап, құрметтей білулері

Қаратөбе ауданы                                                                                                                                                               Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.     


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің   технологиялық картасы.
 
Білім беру саласы: Денсаулық 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Валеология
Тақырыбы: Күн, су, ауа- біздің достарымыз
Мақсаты: Балаларға адамдар, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігі үшін ауаның, судың, күннің қаншалықты маңызы бар екенін түсіндіру. Таза су табиғаттың баға жетпес сыйы екенін айту.  
Әдіс- тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын
Қажетті көрнекі құралдар: Тірі жіне өлі табиғат суреттері
Қос тілділік компонент: күн- солнце, су- вода, ауа- воздух


Іс-әрекет 
кезеңдері    
Тәрбиешенің іс-әрекеті    
Балалардың іс-әрекеті

Себепті  қызығушылығын ояту кезеңі

Әңгімелесу :
-Балалар біз немен демаламыз?
-Қане, ауаны жұтайық . Ауа қайда барады?
-Дұрыс, ол тамаққа келіп түсіп , тыныс жолдарына содан кейін ауатамырлар арқылы өкпеге барады.
-Балалар, қане, тәжірибе жесеп көрейік (Әр балаға екі шардан таратып береді. Балалар шарды үрлейді , ауасын шығарады)
- Міне, өкпе осылай жұмыс жасайды.
-Балалар, егер ауа жоқ болса не болар еді?
Тәжірибе жасап көрейік:
Алақанымызбен ауызды жауып , саусағымызбен мұрнымызды қысайық.
-Таза ауа қалай келеді?

-Ал, өсімдіктер өмір сүру үшін оларға не қажет?
           Жұмбақтар:
1.    Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды
2.    Дәмі де жоқ, түсі жоқ 
Пайдаланбас кісі жоқ
3.    Өмірде одан мол ештеңе болмайды
Құшақтасаң,  құшағың тек толмайды
-Балалар күн, су, ауа қандай табиғатқа жатады?    
-Ауамен
-мұрынға

Тәжірибе жасап көреді

Өмір сүре алмас едік

Ауыздарын жауып, мұрындарын қысады
Бізге өсімдіктер арқылы береді
Су мен жарық


-    Күн

-    Су 

-    Ауа

Жансыз табиғатқа жатады 

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

«Таңғажайып сәт»
-Есік  қағылып қозы кіреді. Ол үсті лас , өзі жылап, жөтеліп тұр. 
- Балалар өзі лас, өзі мұңды болып тұрған кім?
Қозы:
-Мен өзен жағалап сендерге қонаққа келе жаттым. Күн ысып кеткенде өзенге шомылып алмақшы болдым. Суға түсіп, сыртқа шыққанда осындай болдым. 
-Балалар, маған не болғанын, мүмкін сендер білетін боларсыңдар?
- Ой, менің есіме енді түсті ! Өзен жағасына зауыттан тартылып жатқан ұзын құбырды көрдім. Ол құбырдан өзенге су құйылып жатты.  Мен түтін араласқан ауаны жұттым. – Балалар қозыға қандай кеңес береміз?    

-қозы 

Қозы тыңдайды, жанашырлық білдіреді

-жоқ 

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

-Жақсылап демал. Таза су іш.  Таза су ішіп, шөп жесең жазылып кетесін деп қозыға қораға барып жатуды өтінеді.
-Балалар қозы сияты мұндай жағдайларға тап болмау үшін не істеуіміз керек?


«Нені атағанымыд көрсет» дидактикалық ойыны
Жанды  және жансыз  табиғатты атап көрсету.      
Мысалы: Адам- жанды табиғат
                  Күн- жансыз табиғат

    Қозыға кеңес береді

Суға қалдық заттарды тастамау  керек. Табиғатқа зиян келтірмеу керек


Жанда және жансыз табиғатты атап көрсетеді

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Күн, су, ауаның адамға қаншалықты қажет екенін біледі.
Қандай түсініктерді меңгерді: Табиғатқа қамқар бола білуді, зиян келтірмеуді меңгерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қозыға деген аяушылық сезімдерін білдіріп, көмек көрсетулері.

Қаратөбе ауданы                                                                                                                                        Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.    

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 619 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]