Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 29 » Құстар балабақшадағы ашық сабақтар
14:33
Құстар балабақшадағы ашық сабақтар

Құстар

 

Ұйымдастырылғаң іс- әрекет  технологиялық  карта
 Күні, айы, жылы:                               
Білім  беру саласы:  :  Әлеуметтік  орта .Қатынас.    
Ұйымдастырылған  оқу іс- әрекетінің  түрі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Құстар 
Мақсаты:
 а) Оқушалардын  құстар туралы  білімдерін  бекіту. 
ә) . Құстардың  пайдасын  түсіндіру,  ойлау  кабілеттерін, сөздік  қорын  дамыту.
б) Табиғатқа , құстарға қамқорлық сезімдерін  ояту.
Қолданатын көрнекі құралдар: слайд , әңгіме, көрнекілік. 
  Оқу іс- әрекетінің       кезеңдері            Педагогтің  іс-әрекеті    Баланың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық    
Үлкенге де сіз,
Кішіге  де сіз,
Ізетпенен біз, 
Сәлем бердік біз!
    Балалар  сәлемдеседі
Ұйымдастыру-шылық- ізденістік     
Адам табиғатсыз  өмір  сүре алмайы. Құстар  табиғаттың  бір болігі . Елімізде 500-ге жуық құстардын  түрлері  бар.  Олар табиғатты  зиянкестерден қорғайды. Сондықтан оларды  табиғат  емшілері  деп атаймыз. Олар  тіршілік  иелері . Құстар  ұрпақ өрбітеді.  Балапандарын  қанаттандырып , жауларынан  қорғайды. Құстар  табиғатқа  сән  береді , Адамдардын көңіл күйін көтереді.
Құстардын  түрлері  өте  көп, соның  ішінде  жыл құстарына  тоқталайық .
 Жыл  құстары дегеніміз: салқын түсе  жылы  жаққа ұшып  кетіп,  көктемде қайтадан ұшып келетін  құстар. Оларға: көкек,  қарлығаш,  аққу,  қараторғай ,  бұлбұл,  тырна  т.б.
Құстар  туған  жерге  топ-тобымен  ұшып  келіп  жатады. Олар  жолдан тайған  емес. 
Жұмбақ жасыру:

Түсі қара мақпалдай
Төсі  ақ сыр жаққандай
Ұшса  оқтай зулайды
Көктен жұлдыз  аққандай
                             (қарлығаш)
Қарлығаш  жайлы  тоқталып  өту.
Орманда  жоғары
Ағашқа  қонады
Тұмсығын балға қып 
Тоқ-тоқ  соғады
                            (тоқылдақ)

Тоқылдақ ол  орман  құсы. Тоқылдақ ағаштарды  шіруден  қорғайды. Сондықтан  оңы «орман дәрігері»  деп  атаймыз.
Ұстап  ап ,  даладан 
Жүнімен  жұлып ап 
Бесікке  қадаған,
Бұл  қай  құс?
                                  ( үкі) 

 Үкі киелі құстардын  бірі.Оны  ұлттық  аспаптардын құлағына  байлаған. Үкі  айналасындағы  заттарға екі  көзбен бірдей қарай  алатын  құс.  
Су  бетін  сүзіп ,
Ақ құман жүр жүзіп .
                           (Аққу)
Әрине  бұл- көрсе  көз тойматын сұлу  құс.
Халық аңызына сүйенсек жыланың  өзі де  аққу  жұмыртқасына  тиіспеген.Адамдар  да  аққуды  атпаған. Ол  киелі  құс. 
  Келесі  құсымыз  торғай. Өзі өте  кішкентай, пайдалы құс. Орман  қорғаушысы. Аулға  торғай  келісімен  күн  жылынады. 
Ал  балалар ,   мыны құсқа  назар  аударайық, бұл  қандай құс деп ойласындар ?  Бұл әрине  - көгершін
Көгершін – бұл  бейбітшілік  құсы.Өзі  сұлу  құстардын бірі.
 Осы  көгершін  туралы  өлең  білесіңдер ме?
-    Ақ  көгершін.
Сергіту сәті:
Ақ көгершін, көгершін ,
Қол қанат құс сен едің,
Бар кезіп қайт  ел үшін,
Кең дүниенің  қөлемін.
-Балалар , енді  осы құстар  қайда  мекендейді?
Әрине  ұя жасайды. Ұяны балшықтан, немесе  шөптен  жасайды.Кейбір  құстар  адамдарға  жақын  орналасу үшін  ұясын шатырға орналастырады.
-Балалар, енді   құстарға көмек  ретінде  ұя немесе жем шашарлар  жасайық.
Дәптермен жұмыс: ұяның  сүретін салу.
Дид. Ойын « Құстардың  бейнесін  дұрыс  құрау»
    
Рефлексиялық - түзетушілік    
Сұрақ-жауап  арқылы , оқу іс-әрекетің қорытындылау.
-Құстар  табиғатқа  керек пе ?
- Қандай құстар жайлы   ой  қозғадық?
-Құстар  бізге  берер  пайдасы?
- Құстарды  қалай   атауға  болады?
    

Күтілетің  нәтиже:
біледі: Балалар құстар түрлерін білуі. 
игерді:  құстармен және олардың тіршілігімен танысты. 
меңгереді : табиғатты аялауды, қорғауды.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 43 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]