Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 27 » Көңілді қыс балабақшадағы ашық сабақтар
20:03
Көңілді қыс балабақшадағы ашық сабақтар

Көңілді қыс

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Бөлімі: Тіл дамыту
Білім беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы: «Көңілді қыс»
Мақсаты: Балаларды табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге үйрету.
Міндеттері:
Білімділік; Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. 
Дамытушылық; Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік; Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.
Қызмет кезеңдері    Педагогтің әрекеті    Балалардың әрекеті
Мотвациялық қозғаушы күш    Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң қонақтар.    
Ұйымдық іздену    Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып,кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Қыс мезгіліндегі суреттерді корсету.(слайд) 
Балалар бір жылда неше мезгіл бар? 
1.Балалар мына суреттерде қандай мезгіл бейнеленген?
2.Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
3.Ауа райы қандай болады?
4.Қандар ойындар ойнаймыз?
Тәрбиеші: Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады.
Тәрбиеші: Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?

Балалар, мынау ненің суреті?

Тәрбиеші: Аққала неден жасалады?
Тәрбиеші: Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.

Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?

Тәрбиеші: Қар мұздай ма, жылы ма?

Тәрбиеші: Аққала неше бөліктен тұрады?

Тәрбиеші: Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
Ғажайып сәт./Осы кезде аққала келеді/

Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар.
Тәрбиеші: Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа не келді?
Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
«Қар жинау» ойыны.
Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бәрекелді! Балалар, бізге аққаламыз құр келмепті,

Балалар аққалаға арнап қыс мезгілі туралы  тақпақтар айтады.
1-бала
Қар жауады жапалақтап, 
Дала аппақ қарашы.
Шаңғыменен ойнаймыз біз,
Қыс келбеті тамаша!
2-бала.
Ауыл сырты-биік жар-
 Бізді күтіп тұр қарап. 
Төбесіне шығып-ап, 
Жөнелеміз сырғанап. 
3-бала.
Қандай қызық қыс деген,
 Бәрін шебер істеген.
 Бау-бақшаны, тауды да,
Бояған ақ түспенен.
 
Сергіту сәті: «Аққала»
Қар жауғанда  топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз,үп-үшкір,
Көзі көмір қап-қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұзайдынды аршуға,
Келгендей-ақ ол мұнда.
Аққаламыз құр елмей тапсырма ала келіпті.
Балалар сендерге қыс мезгілі ұнай ма?
Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. 

Аққаламызға суретін құрап берейік.
Ойын: «Аққала құрастыру»
Аққала: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатырған сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын. Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын, келесі жыл кездескенше сау болыңдар!    -Қыс мезгілінде 

Қыс 
Күн суытады, қар жауады, боран соғады

суық, аяз, боран,

-Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.

Балалар: Жаңа жыл!

Балалар: Аққала

Балалар: Қардан 

Балалар қарды қолмен ұстап көреді. 

Балалар: Ақ 

Балалар: Мұздай 


Балалар: Үш бөліктен тұрады

 Балалар: Дөңгелек

Балалар: Аққала

Аққаламен бірге  сергіп алады. 

Балалар: ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққала жасаймыз.
Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады.

-Сау болыңдар!
Рефлекстік түзету    Қорытынды: Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
Бізге бүгін қонаққа не келді?
Барлығымызға ұнады ма?
Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
«Жүректен - жүрекке»:
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз    Қыс мезгілі 


Аққала 
Иә

Күтілетін нәтиже:
Білді : қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажырата алады
Игерді:  тақпақтар айтуды , ойындарды
Меңгеру:  Қысқы ойындарды атап, сурет бойынша әңгімелей біледі.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 46 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]