Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 19.11.2017
Главная » 2016 » Ноябрь » 28 » Көктем келді міне балабақшадағы ашық сабақтар
18:21
Көктем келді міне балабақшадағы ашық сабақтар


Көктем келді міне

 

Тақырыбы: Көктем келді.
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті:  Тіл  дамыту
Мақсаты: 
Білімділігі:  Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылығы: Балалардың тілдерін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғаттың ерекше бір көрінісін сипаттай отырып, сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Суреттер, слайд, жасанды гүлдер, құстар
Іс-әрекет    кезеңдері    Тәрбиешінің  іс-әрекеті    Баланың   іс-әрекеті
Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру
(талпындыру)    -Балалар бәріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрайық. Бір-бірімізге күлімсіреп,алақандарымыздың жылуы арқылы бір-бірімізбен амандасайық.Қанекей балалар саусақтар арқылы бір-бірімізге жақсы көңіл-күйімізді таратайықшы!
- Біздің шеңбер неге ұқсайды екен?
- Балалар сендердің бүгінгі  көңілдерің күннің көзіндей жарқырайды.    
Бір-біріне алақандарын жақындатады.
 -Күннің шуағына.
Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру
    Сондықтан күн шуақтарын сендердің есімдеріңмен атаймыз.
- Балалар, қандай жарқыраған көңілді күн болды. Бізге  беріп тұрған жылуын сезіп тұрсыңдар ма?
- Жыршы құстар көп келді
Гүлдер жапты бөктерді
Кел орманым әнменен
Қарсы алайық көктемді.
-          Балалар, бұл өлең жолдарында не туралы айтылған?
-Балалар,бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі
- Дұрыс айтасыңдар! Бір жылда төрт мезгіл бар - қыс, көктем, жаз, күз.
Слайд: Жыл мезгілдері(төрт мезгіл көрсетіледі)
- Көктем айларын атаңдаршы?

- Көктемнің белгілері қандай?


-Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Слайдпен жұмыс жүргізу: слайд суреттерін әңгімелеп беру.
 
 
- Орманда аңдар оянады деп айттыңдар, қане  орманда не болып жатыр екен?
Осы кезде музыка ойналып
-« Алақай көктем келді! Көктем! Ояныңдар, ояныңдар!», - деп қарлығаш ұшып келеді.
 
Аю (қорбаңдап):- « Бұл кім өзі мені ұйқымнан оятқан?
Мен аюмын, аюмын!
Көктемді мен сүйемін.
Балды жақсы көремін,
Балпаң – балпаң билеймін» –
 
деп аю келеді.
Тышқан інінен шығып:
-«Мен еңбексүйгіш тышқанмын. Еңбек еткенді жақсы көремін. Көктемнің жылуын әбден сағындым. Достарыма барайын» – деп  кетеді.
 
Қоян:
Көктем келді көңілді!
Секіремін қуанып.
Кел, достарым көктемді,
Қарсы алайық  жыр салып.
Қол ұстасып шеңбер бойымен айналып: - «Көптен күткен, келді көктем. Алақай!» – деп шулап билейді.
 
Балалар, көрдіңдер ме ормандағы аңдар, құстар не істеп жатыр?

 

Б.Серікбаев: «Көктем келді»
Күн  сен   неге күркірейсің?
Құлын, неге құлдырайсың? 
Көктем келді! Көктем келді!
Көктем келді! Көктем келді!
Жаңбыр, неге сіркірейсің?
Гүлдер неге жайнайсыңдар?
Көктем келді! Көктем келді!
Көктем келді! Көктем келді!
Бұлақ, неге сылдырлайсың?
Құстар неге сайрайсыңдар?
Көктем келді! Көктем келді!
Көктем келді! Көктем келді

Сергіту сәті:  «Көктем келді гүл алып»
Балалар-ау, балалар!
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.
Қос білекті сыбанып,
Жүгірейік қуанып.

Ойын:  «Ненің дауысы?»
Құстар мен аңдардың дауысы компьютерден тыңдалады.  Балалар ненің дауысы екенін тауып айтып беру керек. Содан кейін слайдтағы суреттерін көрсетіп, дауыстарын салыстырады.
Сұрақ-жауап:
-Балалар, наурыз айында қандай мерекелер өтті?
-Дұрыс айтасыңдар, Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі.. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді.  . Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. Адамдар бір-біріне қонаққа барады, наурыз көже пісіреді, ұлттық ойындар ойнайды.
Наурыз туралы кім тақпақ біледі?

-    Жарайсыңдар, балалар! Тақпақ көп біледі екенсіңдер!
Ойын: «Гүл жинау»
Балалар енді орманға барып гүл жинап алайық. (Жасыл түсті матаны жаямыз. Үстіне гүлдерді тастаймыз. Балалар бір-бір гүлден алып бір - біріне  сыйлайды. )      

-    Ия

-Құстар, гүлдер т.б
-    Төрт мезгіл бар
-    Көктем мезгілі


- Көктем айлары: Наурыз, сәуір, мамыр.

- Көктемде күн жылынады. Қар ериді.Құстар ұшып келеді. Аю ұйқыдан оянады.

Балалар таңырқай шат  - шадыман күйде кейіпкерлерге қарап отырады.

Көктем келді деп қатты қуанып жатты.

Өлеңді  тыңдайды.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Ойынға белсене қатысады.

-    8 Наурыз - Аналар мейрамы. 22  Наурыз-ұлыстың ұлы күні, Наурыз тойы
   Тақпақтар айтады
Мадияр:
Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.  
       Нұрислам:
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта-тағы бар.
Ішілетін, жейтіннің,
Бір  - біріне гүл сыйлап мәз болады..
Рефлексия 
(орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)    
Оқу іс – әрекеттеріне жақсы қатысып отырған балаларды мадақтау.    
Балалар қуанышты сезімде болады.
 Күтілетін   нәтиже:
Нені білуі керек: Көктемгі  табиғат  ерекшеліктерін  ажырата  біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Сурет  бойынша  сөйлем  құрап, байланыстырып сөйлеу  дағдыларын игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: Көктемгі   құстардың  келуі, ағаштардың бүршік  жаруы, көктемгі  құбылыстары  туралы  білімді  меңгереді.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 636 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]