Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 28 » Көктем келді балабақшадағы ашық сабақтар
18:16
Көктем келді балабақшадағы ашық сабақтар

Көктем келді

 

Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің «Балапан» шағын орталығының тәрбиешісі Аталикова Орынша Шайхымовна

Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы: «Көктем келді»
Бөлімі: «Экология» 
Мақсаты:
•    Балалардың табиғатта көктемде болатын өзгерістер туралы түсінігні кеңейту.Балаларға көктем мезгілінің ауа-райының,адамдардың киімдерінде,қарапайым табиғи өзгерістерді байқауға үйрету.Қоршаған әлемнің әдемілігі мен оған деген қамқорлық қарым-қатынасқа байланысты мейірімді сезімдірді,құмарлықты,әуезтілікті тәрбиелеу.Балаларға табиғат пен ауа-райын бақылау нәтижелерін тілдік сөйлеу арқылы жеткізуін уйрету.
Әдіс тәсілдер: Тәжірибе,саяхат,құрастыру,жапсыру.
Қостілділік компонент: Су - вода, құм - песок, мөлдір - прозрачный.

Әрекет кезеңдері    
                    Тәрбиешінің әрекеті    
         Балалар әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық    Психологиялық сәт: «Ауа райы»ойыны:
Күн ұйықтады
Күн оянды
Жел тұрды
Бұлт шатырлады
Жаңбыр жауды
Жаңбыр басылды
Күн ашылды
(Балалар алақандарын түйістіріп,бір біріне жылу таратып,күлімсірейді)    Балалар өйлен сөздеріне қимылдар жасап,бір-біріне күлімсіреп алақан жылуын береді.

Ұйымдастырушы-іздестіруші    Ғажайып сәт:үстел үстіндегі «Сыйқырлы қақпалардың »пайда болғанын көріп,оның қалай пайда болғанын іздеп,бұрыштан жабулы тұрған заттың бетін ашып балалардың назарын аударып,астынан хат пен сыйқырлы таяқшаны табу.Хаттың «Табиғат анадан»екенін, бірнеше тапсырмалар берілгенін,оны орындаған кезде қақпалардың ашылатынын хабарлау.Қақпалардың қола,күміс,алтын екенін айту.I-ші тапсырма:
1)Жылдың қай мезгілі?
2)Көктем мезгілінде ауа-райы жылып,күн несін шашады?
3)Қар еріп,жер кеуіп,жерге нелер шыға бастайды?
4)Қандай құстар ұшып келеді?
Міне балалар сендердің көктем мезгілі туралы  берген жауабтарыңа, «Табиғат ана»риза болып өзінің қола қақпасын ашады деп-таяқты тигізіп,қақпаны ашу.
II-тапсырма:
Қола қақпанын ішінен ковертті алып,оқып, «Табиғат сыйы»,табиғат дегеніміз не?-деп,балалардың жауабынан (аспан,ай,күн...)кейін,міне балалар осындай әсем табиғатты жақсы көріп аялау керек.Осы табиғаттың бір түрі сумен тәжірибе жасаймыз.Ол үшін судың түрлерін атаумыз керек.Судың түрлері(тұман,жаңбыр,қар,мұз,шық) Міне сендердің алдарында су,құм тұр.Бүгінгі оқу іс-әрекетінде таза судың қалай ластанатынын бақылаймыз.Су-вода,құм-песок,мөлдір-прозрачный.
1)су қандай?
2)судың түсі барма?
3)Құмды суға салғанда, су қандай күйге айналады?Балаларға «Өзен жағалауына »барып көктемгі табиғатты,өзендегі суды бақылауға баратындарын айтып,көздерін жұмғызу,автобуста дем алып кейін,көздерін ашып,автобустан түсулерін айту.Өзеңдегі көңілсіз жағдайды көріп,оның айналасындағы қағаз,қоқысты жинатып,уақ тастарды тәжірибе жасауға жинап алуларын түсіндіру.
Сергіту сәті:(Бала бақшаға табиғатты бақылап,серуендеп баратындарын айту)Жаңа оқу іс әрекетін нығайту.
Көктемгі табиғатты қима суреттер арқылы құрастыртып,күміс қақпаны ашу.
III-ші тапсырма:табиғатты аялап,ондағы тіршілікті бүлдірмеу үшін тыйым сөздер айтқызу. «Көктемгі бақбақтар» әдемі гүлдерін жапсыртып,ұжымдық жұмыс жасату,көктемнін алғашқы гүлдерін ататқызу,тақпақтарын айтқызу. «Табиғат ана»ризашылығын білдірді деп-алтын қақпаны ашу.Алтын қақпа ішінен,алтын сандық шығару.
IV-ші тапсырма:
Алтын сандық ашылу үшін білетін ертегілердің аттарын ататқызып,сандық ішіне жұмыртқаны шығарып,балапанды көрсетіп, «Табиғат сыйы»дегеніміз осы деп,оқу іс әрекетін аяқтау.    Балалар қақпаларды,сиқырлы таяқты көріп,таңданып, қуанады.

Балалар сұрақтарға толық жауаб береді.

Сиқырлы таяқпен қақпанын ашылғанына таңданады.

Балалар табиғат сыйларын,су түрлерін атайды.

Сумен тәжірибелер жасап,сұрақтарға жауаб береді.Өзең айналасын тазалап,тәжірибе жасауға уақ тастар жинайды.

Өлең жолдарына қимыл жасайды.Сұрақтарға жауаб беріп қима суреттерден көктем көрінісін құрастырады.
Балалар білетін тыйым сөздерін айтты.май қағаздан жұмырлап,гүл жасап,ұжымдық жұмыс орындады.Көктемнің алғашқы гүлдерін атап,өлең жолдарын айтты.

Балалар білетін ертегілерін атап айтып,балапанды көріп,таңданып,қуанышқа бөлеңді.
Рефлексивті түзетуілік    Балалардан не білгендерін,немен тәжірибе
жасағандарын сұрап,балалардың белсенділіктерін  сұрап бір біріне баға бергізіп мадақтау.Сандық түбінен балаларға табиғат ананың сыйлықтарын тарату.    Балалар немен танысып білгенін айтып,бір біріне баға берді.Сыйлыққа ризашылықтарын білдірді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Табиғатта болатын өзгерістерді 
Игереді:Тәжірибе арқылы табиғатты бақылауды.
Меңгерді:Қоршаған ортаның әдемілігі мен оған деген қамқорлық пен мейірімділікті.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 35 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]