Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 27 » Қоянның уйшігі балабақша ойындары
19:29
Қоянның уйшігі балабақша ойындары


Қоянның уйшігі

 

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, қатынас, шығармашылық.
Оқу іс- ірекет түрі: Коркем әдебиет, тіл дамыту.                                                         Тақырыбы: «Қоянның уйшігі»
Корнекіліктер: Үйшік, Қоян, Түлкі, Аю,Ит т.б.
Әдіс- тәсілдері: Әңгімелеу, корсету, сұрақ-жауап.                          Мақсаты :Балаларды ертегіні сахналауға уйрету.Ертегі кейіпкерлерінің дауыс ырғағын келтіруге үйрету. Кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға, мейрімділікке, достыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер: Қуан, шаттаң, алақай,
                             қуанатын кун келді.
                             Қайырлы таң, қайырлы кун!
                             Күліп шықты кун бүгін!
Тәрбиеші: Балалар, сендер ертегілер еліне саяхатқа барғыларын келеме? Балалар біздер қандай ертегілер білеміз?

Балалар: «Бауырсақ», «Шалқан», т.б.
Тәрбиеші: Балалар осы ертегілердің ішінен «Қоянның үйшігі» ертегісін сахналап көрейік.
Автор: Ерте,ерте, ертеде орманда Түлкі мен Қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі  мұздан, Қоянның үйшігі ағаштан болыпты.
       Көктем келіп күн жылына бастағанда түлкінің үйшігі еріп кетеді.
Бойы мұздаган түлкі қоянга келеді.
Түлкі: Қоян, қоян мені үйшігіне кіргізші, жылынып алайын!
Автор: Қу түлкі осылай аңқау қоянның уйшігіне кіріп алып, қоянды үйшігінен қуып шыгады.
     Қоян жолда жылап келе жатып, иттерге кездеседі.
Ит: Қоян, қоян неге жылайсың?
Қоян: Қалай жыламайын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы агаш үйімді тартып алды.
Ит: :Жылама, жылама қоян, жүр екеуміз түлкіге барайық.
Ит: Аф,аф аф әй түлкі шық үйден.
Түлкі: Шықпаймын! Мен шықсам сендерге жақсы болмайды.
Автор: Түлкінің даусын естіген ит қашып кетеді. Қоян енді қайттым деп тағы да жылай бастайды.Алдынан аю шығады.
Аю: Қоян-ау не болды? Неге жылайсың?
Қоян: Жыламағанда қайтем?  Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы агаш үйімді тартып алды.
Аю: Жылама, жылама қоян, жүр екеуміз түлкіге барайық.
Автор: Түлкінің даусын естіген аю қашып кетеді.Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастайды. Алдынан Әтеш шығады.
Әтеш: Қоян,қоян неге жылып отырсың?
Қоян: Жыламағанда қайтем?  Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы агаш үйімді тартып алды.

Әтеш: : Жылама, жылама қоян, жүр екеуміз түлкіге барайық.
Қоян: Жоқ! Куып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуалмады.Аю қуды қуа  алмады. Енді сенде қуа алмайсын.
Автор: Әтешпен,Қоян уйшікке келеді.Әтеш әндете айқайлай бастайды.
Әтеш: Шөп шабамын,шөп шабамын!
           тулкіні іздеп табамын.
           Қоянның үйінен шықпаса,
           оныда шалғынша шабамын!
Автор:Түлкі қорқып кетип қазыр шығамын,қазыр шығамын, тонымды киіп жатырмын деп Қоянның уйшігінен каша жөнеледі. Сөйтіп, қоян батыр әтештін көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.
Тәрбиеші: Балалар сендерге ертегі ұнадыма? Осы ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
Балалар:Қоян, Түлкі,Әтеш,Аю,Ит.
Тарбиеші:Жарайсыңдар балалар!

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек : Балалар ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқын бере біледі.

Көрсете білуі: Ертегі кейіпкерлерін атай алады.

Түсінігі: Жаман мен жаксы жайлы ұғымды түсіне біледі.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 38 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша ойындары, балабақша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]