Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Қырқыншы жылдар өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

ҚЫРҚЫНШЫ ЖЫЛДАР

Рас, қайғы-қасіреті бар қаатаған,
 Ғұмырлар бар батқан және батпаған 
Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.

Жанды-жансыз бар табиғат түнерген,
Әр кеудеде бір шер барын білсем мен.
Қан майданда ерлік етсе біреулер 
Қарсы жауға біз де шықтық түренмен.

Аңыздардан тере жүріп масақты,
Рас, рас, көзімізден жас ақты.
Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар, 
Бәрімізден бір-бір батыр жасапты.

Батыр жұртым, сол жылдарды өткердің,
Сонда да сен жақсы көрдің, жек көрдің. 
Қара емендей қатып қалған әжеңді, 
Кейінгі ұрпақ, батыр емес деп көргін!

Кейінгі ұрпақ, саған салған өткелдің, 
Сағасында өткен жастық, өткен күн. 
Қаршадайдан қара шаруа атанған, 
Сен әкеңді батыр емес деп көргін!


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (21.11.2016)
Просмотров: 73 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, Қырқыншы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]