Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 27 » Келді міне Алтын күз балабақшадағы ашық сабақтар
20:57
Келді міне Алтын күз балабақшадағы ашық сабақтар

Келді міне  Алтын күз

 

«Келді міне  Алтын күз!» ертеңгілік.
Ересектер тобына арналған ертеңгілік.
Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.
Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру. 
Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру. 
Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Дауыс: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен толқып, билеп күз де жетті. Күздің келуін бәріміз де асыға күттік. Ал, күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда. 
(Әуен ойналады. Жапырақтар биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарының қасына барып тұрады.)
Би: Жапырақтар
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Біздің шағын орталықта  «Келді міне Алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!
                               Бүгін мейрам, бүгін той
                               Қуаныш күн, біліп қой
                               Күзгі бақта сыңғырлап
                              Алақанды ұрып қой.
Қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!
(Балалар қолдарын бұлғайды)
Жарайсыңдар балалар! Қонақтар мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқайық!
  М.Жансая:      Берекесін сыйлауға
                           Өлкемізге күз келді
                           Жемістерін жинауға
                           Шақырады біздерді
Малика:  Қуандырып біздерді
                  Кел жемісті алтын күз
                  Өлкемізге күз келді
                  Кемелденсін халқымыз.
Нұрасыл: Көптен күткен күз келді
                   Жеміс жидек піседі
                    Жапырақтар сарғайып
                    Ағаштардан түседі
                             Арыстан:  Көбейді құт береке
                                                 Астық толы қамбамыз
                                                 Құтты болсын мереке,
                                                 Алтын күзді тойлаймыз.
                  Ән: Алтын күз
Балалар қазір бізде күз мерекесі, күз мезгілінің неше айы бар екен?
Күз айларын кім атап шығады?
Күз айларын ортаға шақырайық . (Қыркүйек, қазан, қараша)
Анар:  Сыңғырлайды қоңыраулар
              Қыркүйек айында
              Сағынышпен біз барамыз
                Өнер білім тойына
Адель:  Қазан айы басталды
               Құстар қайта бастады
               Туыстық, адам достықпен
                Жалғаса берсін өмірлерін
Алуа:  Күздің караша айында
            Алма,алмұрт  піседі
            Жапырақтар сарғайып
              Сыбдыр,сыбдыр түседі

 Ойын: « Өз ағашынды тап!»
Шарты:Шашылған жапырады теріп алып,  өз ағаштарының қасына  тез барып тұру.
Бағбаншы: кіреді. 
Жүргізуші:  Сіз кімсіз?  Қайдан келдіңіз?
Бағбаншы: Бақша, бақты күтетін бағбаншымын. Балаларды мейрамымен  құттықтауға келдім. Ал сендер неге  жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Жүргізуші: Біз сізбен  келеді деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.
Жүргізуші: Келіп қалатын шығар тосайық, оған дейін көкөністер мен жемістерді  қазір  өздерін таныстырсың.
Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар
Таир:  Өрік          
Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп
Менің атым өрік.
Лаура:  Алма         
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
Ансар:  Сәбіз 
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Даниял :   Пияз   
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Асанали:    Картоп 
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Жансая:Алмұрт
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Алуа: Қызанақ
Тал шыбығым бұралып,     
Бақшаларда қызарып 
Тұрған ол мен қызанақ 
Күнге қарап ұялып. 
Анар:Шие
Мен моншақты шиемін     
Құмарсындар білемін 
Кетіп қалып жүрмесін 
Тамағыңа сүйегім
Бағбаншы: Балалар мен бір ойын білемін , бірге ойнайық.
Ойынның аты: «Көкөністер»
(Әуен: Жел мен жаңбырдын дауысы.)
Күз бен жел кіреді:
Күз. Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер.
Әуен: Сиқырлы
Жел: Ахалай, махалай суф !Күзді ұйықтатып тастайын.Қара бұлтымен күзді жауып тастайды.
 Бағбаншы: Желдін артынан қуады.
Жүргізуші:  Жел сен неге күзді сиқырлап тастадын
Бағбаншы: Күз бізге керек, оны балалар тосып отыр.
Жел: мен мықтымын, мен шапшаңмын мен күзді сыйқырлап тастадым.
Жүргізуші: Біздің балаларда шапшаң! Ондай болса ойын ойнап, шапшаңдығымызды көрсетейік.
Ойын: «Тауық пен әтеш»
Екі баладан ортаға шығып, музыка әуені аяқталғанша тауық – қызыл бұршақ, ал әтеш –ақ бұршақ дәнін жинау керек. Қайсысы көп жинаса соның жеңіске жеткені болады. 
Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай шапшаң?
Жел: жарайды сендер мықтысыңдар,сендер шапшаңсыңдар, сендер жеңдіңдер.
Жүргізуші: күзді бізге қайтар, біздің балалар мерекеге күзді тосып отыр.
Күз оянады.
Береке бақ дарыған 
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған 
  Мен Күз ханшайымымын.
Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
 Жүргізуші:Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет!
                      Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалайық.
Күз ханшайымы:Өте жақсы, балалар, рахмет.
Жүргізуші:Күз ханшайымы сіздерге қызанақ қалайша қызыл болды екен сол туралы ертегі айтып берейік.
"Сказка о том, почему помидор стал красным". (Автор Фартутдинова Е. В.).
Ведущий.
В давние времена жили на одном огороде овощи.
По одному, каждый со своей песенкой выходят овощи и представляются.
                 Капуста –Томирис
Я — капуста тугая,
В супе, в борщике вкусна я.
          Танцует, садится на грядку.
               Чеснок – Алдияр
А я — братец-чесночок, чесночок,
Припекаю язычок, язычок,
Всех микробов убиваю,
Вас от хвори защищаю.
            Танцует, садится на грядку.
           Морковь – Айша
Я морковка всем на диво:
И румяна и красива.
К ней подходит Огурчик и поет
          Огурец – Адель
Я огурчик наливной.
Кто полакомится мной?
Огурчик кланяется Морковке. Взявшись за руки, они танцуют, садятся на грядку.
           Лук-Даниял
Я сердитый лук, ребята,
Витаминами богатый,
Хоть и слезы вызываю,
Но от гриппа защищаю.
             Танцует, садится на грядку.
          Помидор – Арыстан
Помидор я вкусный, сладкий,
Тра-ля-ля, тра-ля-ля!
Я расту на этой грядке,
Тра-ля-ля, тра-ля-ля.
            Танцует, садится на грядку.
Все овощи:    Огородная семейка,
                      Все на грядки поскорей-ка!
                        Весело здесь! Весело здесь!
Ведущий:А ребята очень любили свой огородик, каждый день поливали его, ухаживали за ним. 
Ведущий :Овощи с каждым днем росли и зрели. Жили они дружно, никогда не ссорились. Но однажды помидор решил, что он лучше всех, и начал хвастаться.
Помидор.
Я на свете всех вкуснее,
Всех круглее, зеленее,
Меня взрослые и дети
Любят больше всех на свете!
Огурец.
Слушай, это просто смех —
Хвастать, что ты лучше всех.
Лук.
Не поймет никак он, братцы, —
Некрасиво задаваться.
Ведущий:А помидор все свое твердил.
Помидор.
Я на свете всех вкуснее,
Всех круглее, зеленее,
Меня взрослые и дети
Любят больше всех на свете!
Овощи (хором).
Хвалился, хвалился
И с куста свалился!
Ведущий:В это время на огород пришли ребята, чтобы собрать овощи на обед. Всех с собой взяли, а помидор не заметили.
Ребята уводят овощи. "Летит" мимо ворона.
Айлана: Ворона.
Кар! Кар!
Позор! Кошмар!
Не хотел быть с нами дружен,
Будешь никому не нужен.
Ведущий:Стыдно стало помидору, заплакал он… и покраснел от стыда.
Помидор.
Вы меня, друзья, простите,
Вы с собой меня возьмите.
Ведущий:Услышали эти слова ребята-огородники, сжалились над помидором, пришли и взяли его с собой. Хотите верьте, хотите нет, но с тех пор осенью помидоры всегда становятся красными. А все овощи никогда между собой не ссорятся. Живут весело и дружно.
Танец овощей.
Күз ханшайымы:Өте қызықты ертегі екен. Рахмет, балалар.
                              Ән: Жаңбыр.
Айша:   
О,алақай тамаша!
 Шашу шашты жапырақ
 Бақтың іші күлімдеп
Аунар ма еді,жатып ап!
  Айлана:                   
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ә.Алдияр:      
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан , алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап
Томирис:         
Ағаштарда жапырақ,
Ұшып ұшып азайды.
Тырау тырау тырналар,
Туған жерден ұзайды.
Ән: «Күз келгенде».
Жүргізуші:
Балалар, күз ханшаймының сиқырлы орамалы бар, солмен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме?
 Ойын: «Сиқырлы орамал»
 Қане, шеңбер құрайық,
 Билеп-билеп алайық.
 Шыр етіп айналып,
 Теріс қарап отырайық.
Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды. Ал балалар енді бұрылып қарайық.
Күз: Орамалды ашайық,
 Астында не, қарайық?
 Бұл не?
 Себет қой!
Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.
Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.
Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер Ендеше мені басқа балалар тосып отыр ,Сау болыңдарбалалар!,Келгенше жыл айналып.
(Күз кетеді)
Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.
Жүргізуші: Осымен «Қарлығаш» ересектер тобының  «Келді міне Алтын күз»  атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 17 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]