Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 27 » Кел, білейік,үйренейік балабақша ойындары
20:54
Кел, білейік,үйренейік балабақша ойындары

Кел, білейік,үйренейік       

 

Қазақ тілінен ашық сабақ
Тақырыбы: «Кел, білейік,үйренейік»

Мақсаты: Балалардың қазақ тілінен тілдерін жаттықтыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өткен сөздерді еске түсіріп, дұрыс айта білуге тілдерін жаттықтыру, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

А.Е. Балалар, бүгін міне тағы да бір жақсы, жылуы мол күн туды, мен сендермен бүгінгі күні кездескеніме өте қуаныштымын.
Балалар, қараңдаршы бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, жылы жүзбен қонақтарға сәлем берелік.

Жылулық шеңбері:    Үлкенге де, кішіге де
                                    Бәріне, сәлем біз береміз
                                    Денсаулық тілейміз
                                   Сәлеметсіздерме? қонақтар
Мен де сендерге тек қана денсаулық тілеймін ендеше орындарыңа отырыңдар бүгінгі қазақ тілінен сабағымызды бастайық.
Біз сендермен аздап әңгімелесейік
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
-Қазір көктем мезгілі
- Көктем айларын есімізге түсірейік.
-Наурыз,сәуір, мамыр
Күн жылынып, көктем келіп, табиғат оянып,бәріміз қуанышқа бөленеміз.Көктем мезгіліне деген қуанышымызды білдірейік.
Алақай, алақай
Көктем келді
Алақай, алақай
Қуантып біздерді.(балалар бірге айтады)
Музыка көңілді естіледі.
- Балалар, бізге бір қонақ келе жатыр, ол кім екен, қазір біз танысайық.
Айсұлу: Сәлеметсіңдерме, балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Келіңдер танысайық, менің атым- Айсұлу
- Сәлем, досым, сенің атың кім?
- Менің атым Дана 
- Үлкен азамат бол 
- Рахмет 
- Ал сенің атың кім?
- Менің атым Юля  .
- Ақылды қыз болып өс 
- Рахмет 
Сенің атың кім?
Менің атым Аделина
Сұлу, әдемі қыз болып өс.
Рахмет Айсұлу
Айсұлу: Ту, мына балалар қандай ақылды, жақсы балалар екен.
А.Е. Әрине, біздің балалар осындай, білгір, ақылды.
Өзің ше, Айсұлу жай жүрсің бе?
А.Е.: Жоқ, балалармен танысайын, сосын мына сандықты беріп кетейін деп келдім. Ал ішінде не бар, сендер, өздерің ашып көріңдер.
Ал мына сиқырлы домбыраны сендерге сиға беріп кетейін, егер тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, домбыра өзі белгі береді.
Сау болыңдар достарым. (кетеді)
А.Е. Балалар қандай әдемі сандық, кәне қайталап айтыңдаршы
Сандық ( балалар қайталайды) 
Ішінде не бар көрелік, сандықты ашу үшін сендер мақал –мәтел айтып беріңдер, сонда қандай тапсырма екенін біз білетін боламыз,

*Достық бірлікте
*Отан оттан да ыстық
*Еңбек түбі береке
*Еңбек етсең өсесің
*Ойна да күл, оқы да біл
*Өнерлі бала сүйкімді
А.Е. Міне біздің сандық та ашылды, сандық ішінде бірнеше конверттер бар екен.(бірнеше түрлі- түсті гемеотриялық пішіндер бейнесіндегі конверттер алып шығады)
 Ендеше 1 ші конвертті ашып көрейін, ал ашпас бұрын сендер конверт қай түсті, қандай геометриялық фигураға ұқсайды соны айтып беріңдер.

1 қызыл – сопақша ал, тапсырма мына суреттен отбасы мүшелерін атап бер. 
Балалар бұл суретте кімдер бар.
* ана, әке,ата,апа, 
Ана туралы кім тақпақ оқып береді.
Айнур. Анашым асылым
             Анашым жүрегім
             Аман бол анашым
             Аман бол тірегім ( домбыра әуені)
Сергіту сәті: Бала, бала баламыз
                      Бақшамызға барамыз
                      Күні бойы қызыққа
                      Батамыз да қаламыз.
2 көк – үшбұрыш  тапсырма  «Ойыншықтар»- тақтада жасырынған      ойыншықтарды атап бер, әркім өзіне ұнаған ойыншықты алып, қолдарына ұстап «Ойыншықтар» өлеңін айтып береді. 

3 ақ - шаршы  «жануарларды ата, суреттен тап»
* үй жануарларын, жабайы жануарларды тап
Дидактикалық ойын: «Жануарларды жина»

4 жасыл дөңгелек- «дене мүшелерін ата»
Д/ ойын «Кәне,кәне»
Кәне, кәне қол
Міне, міне қол
Кәне, кәне бас
Міне, міне бас т.б

5 сары – тіктөрт бұрыш– «ұлттық киімдерді ата»
* көйлек, қамзол, сәукеле, 
Сергіту сәті «Айгөлек»
Айгөлек-ау, айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек
Айгөлек-ау айгөлек
Би билейміз дөңгелеп
Балалар, сендер Айсұлу беріп кеткен сиқырлы сандықтағы барлық сұрақтарды, орындап жауап бердіңдер
Енді соңғы тапсырма үстел үстіндегі ұлттық бас киімдерді, әшекейлеуіміз керек. Жұмысымызды бастамай тұрып, қолдарымызды шынықтырып алайық, ол үшін саусақ ойынын жасаймыз.
«Қуырмаш»
Қуыр- қуыр- қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Басбармақ, балан үйрек
Ортан терек, сылдыр шүмек
Кішкентай бөбек
Қытық-қытық.

Балалар үстел басында дайын ұлттық бас киімдерді, ұлдар бөрік,қыздар сәукелені әшекелейді.(жеңіл музыка ойнап тұрады)
Өз жұмыстарыңды қалай деп бағалаймыз
Балалар « күшті» деп айтады.
Музыка әуенімен Айсұлу келеді.
Айсұлу: Балалар сендер менің барлық тапсырмаларымды дұрыс орындадыңдар. Рахмет сендерге, ақылды, үлкен жігіт болып өсіңдер.
А.Е. Айсұлу, сенің тілегіңе де көп рахмет, біздің балалардың саған силайтын сиы бар, мына сиқырлы сандыққа салып қойдық, сау бол.
Айсұлу: рахмет балалар, сау болыңдар.(кетеді.) 
Бүгінгі сабағымыз аяқталды, сендерге рахмет, бүгін бәрің де өте жақсы жұмыс істедіңдер, енді қонақтармен қоштасайық.
Сау болыңыздар.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 24 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]