Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Құқық

Қазақстан Республикасының Кеден органдары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қазақстан Республикасының Кеден органдары слайд,презентация

 

Кеден органдары

 

Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметі кеден органдарының қызметі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
 Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отыр.
            2003 жылғы 1 мамырдан бастап құқықтық нормаларды біріктіруге және жүйелендіруге, халықаралық кеден кеңістігіне ықпалдасу мақсатында кеден рәсімдерін үйлестіруге және оңайлатуға мүмкіндік берген Кеден кодексі қолданысқа енгізілді. Оны дамыту үшін Үкіметтің 11 қаулысы, 38 ведомстволық және басқа министрліктермен бірлескен нормативтік құқықтық кесімдер қабылданды.
 Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.
             2004 жылдың басынан бастап республиканың сыртқы сауда статистикасы дербес жүргізіледі және кеден шекарасында радиациялық бақылау жүзеге асырылады.
Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. Барлық аумақтық бөлімшелерде ресімдеудің бүкіл кезеңінде жүк кедендік декларациялардың (ЖКД) қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін көзбен көріп қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік ресімдеу орталықтары құрылды.
            Алдын ала және кезеңдік декларациялау жүзеге асырылады, бұл - жүктердің кеден шекарасы арқылы өту уақытын қысқартады, сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайды.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Құқық | Добавил: Admin (29.04.2016)
Просмотров: 560 | Теги: презентация, құқық, Қазақстан Республикасының Кеден орг, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]