Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 25.9.2017
Главная » 2016 » Ноябрь » 30 » К дыбысы мен әрпі балабақшадағы ертеңгіліктер
15:08
К дыбысы мен әрпі балабақшадағы ертеңгіліктер

 К дыбысы мен әрпі

 

Изтелеуова  Нұрбибі   Хамзақызы 
Атырау облысы, Индер ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектептің  мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі  
 
Білім саласы: Қатынас
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: К дыбысы мен әрпі
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: « К» дыбысымен таныстыру, « К» дыбысына тіл ұстарта отырып, сөз құрау, жұмбақ шештіру , буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.  Дидактикалық  материалдар арқылы балалардың есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.  Балаларды к дыбысы бар сөз,сөйлем  ойлауға үйрету. Әдемі жазуға қолдарын жаттықтыру.
 Көрнекілігі:  к дыбысының баспа түрі,   кеспе әріптер,текшелер.
 Әдіс – тәсілі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, көрнекілік, түсіндіру. 
Іс – әрекет кезендері             Тәрбиеші әрекеті    Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық         Шаттық шеңбері: Қолымызды бір сәт түсіреміз,
Оң жаққа созамыз,қолымызды
Сол жаққа созамыз қолымызды
Қолымызды  жоғары созамыз,бойымызды сергітіп аламыз     Балалармен бірге шаттық шеңберінде тұрып көңіл – күйін көтеру, бір – біріне жақсы тілек айту.
Ұйымдастыру.
Ізденушілік.     Өткен оқу іс – әрекетін қайталау.
Ой қозғау.
а) Дыбыс және әріп дегеніміз не?
б) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  Жаңа оқу іс – әрекетімен таныстыру.
 Кәне, балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын ,мұқиат тыңдап отырыңдар.
Өз атын өзі шақырады,
Сөйтіп күнді батырады.(Көкек)
Көкек деген сөзінде қандай дыбыс тұр.Кім К дыбысынан келетін адам аттарын атайды ?-Енді осы адам аттарында к дыбысы қай жерде тұрғанын талдайық.
-К дыбысы- дауыссыз дыбыс,көк түсті текшемен белгіленеді.
К дыбысына сурет бойынша өлең жолдарын жаттату.
К дыбысы мен әрпі
Көркем ғой Көктөбе деп,
Ұшып жүр кептер ,көбелек
Жайнатып тұр маңайды,
Күн нұры көктен себелеп.
Суреттермен жұмыс:
«Кесе », «Көбелек », «Күшік », «Көкек » дегенде бірінші қандай дыбыстар естіліп тұр?
Қане балалар, осы сөздерді қол шапалақтау арқылы буындап көрейікші.
  Әліппе дәптермен жұмыс:
Балалар «К » дыбысы   дауыссыз дыбыс. Сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.
Балалар,  Күн  сөзінде «К » дыбысы қай жерінде кездеседі.
«Көкек » деген сөзде «К » дыбысы қай жерінде кездеседі?
«Кітап » деген сөзде «К » дыбысы қай жерінде кездеседі?
« К» дыбысының жазылу элементімен таныстыру,жазуға үйрету. (балалардың қолдарынан ұстап көмектесу)Ауада жазу.
 
Музыка әуенімен төмендегі буындарды әндетіп айту.
 Кекілік-ау,кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
Ка-ка ,ко-ко,ку-ку,ка-ка,ки-ки,ке-ке.
Сергіту сәті:
 Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Барлық істі басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Барлық істі тындырған. 

«Дауысты ма,дауыссыз ба?»ойыны.
 Шарты:Өтілген әріптерді дауысты ма,дауыссыз ба ? Айыра білу.Тақтаға А,о,б,в,г,ғ,д,е.ж, әріптері ілінеді.Топ балалары тез ажыратып қай топ тез көп ұпай жинаса сол топ жеңімпаз болады.


Буыннан сөз құрау.
Ке-
Кө-
Кү-

Мәтінмен жұмыс.Тәрбиеші мәтінді оқып,к дыбысы кездесетін сөзді табады,сол сөздерді буынға бөледі. 
 Көкен ауылда тұрады.Ауылдың қасында көл бар.Көлдің суы мөлдір, таза.Еркебұлан Назкен көлге шомылып,Еркебұлан балық аулады.
  Жұмбақтар шешкізу.
Жұп-жұмыр жоны бар,Инеден тоны бар.Түйреген түрпі,Бұл не?(Кірпі)Ақ сандығым ашылды , ішінен жібек шашылды.(Күн)     Дыбысты естиміз, әріпті көреміз, жазамыз, оқимыз.
 Екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Күлән, Күлпаш,Кәрім.
« К» дыбысы естіліп тұр.
  
Сөздің басында кездеседі.
Сөздің ортасында кездеседі.
Сөздің басында да, ортасында да кездеседі.

 Буынға бөлу.Ке-се,кө-бе-лек,кө-кек,

Балалар оқулықпен өз бетінше жазуға үйренеді.
Балалармен бірге оқу.

Балалар өрнекті жалғастырып салады.

К   
К
К  

Үлгі бойынша баспа түрін жазу.Тор көздегі к дыбысына сөз ойлап табады.

Қимылмен көрсету


К                  


К                              

   К          
     Ке-ке -се
     Кө-кө- кек 
     Кү-кү-шік

 

К        К
К            
К                К
К                    К

-Кірпі,күн сөзінде неше дыбыс бар екенін білді.Бірінші қай дыбыс естілді? К 
Рефлексивті
түзетушілік     Оқу іс – әрекетінің соңында жақсы қатысып, толық жауап берген балаларды мақтап мадақтау,бағалау.    

Күтілетін нәтиже: « К» дыбысын толық игерді.
Нені біледі: Ребус шешуді, толық жауап беруді, буынға бөлуді, «К » дыбысының   дауыссыз дыбыс екенін.
Білуі керек: Дыбыс пен әріпті, жазуды, буындап оқуды, сұрақтарға толық жауап беруді.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 147 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, ертеңгіліктер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]