Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Главная » 2016 » Декабрь » 2 » Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары балабақшадағы ашық сабақтар
15:52
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары балабақшадағы ашық сабақтар

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

 

Ашық сабақтың тақырыбы: « Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»(Домбыра, қобыз , жетіген)
Өткізген:Дайындаған:Есмакаева Айдана Балгабайевна
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы. МҚКК «Айгөлек» бөбектер бақшасы.
Тақырыбы: « Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»(Домбыра, қобыз , жетіген)
Мақсаты: Балалардың қазатың ұлттық аспаптарына деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық аспаптарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілдері: таныстыру, сұрақ - жауап, қимыл жаттығуы, би қимылдары, аспаптарды таныстыру, дидактикалық ойын.
Сабақтың көрнекілігі: аспаптар: домбыра, қобыз, сыбызғы(шын сахнада қолданылатын аспаптар), слайд, ойын тақташалары, мойынға тағатын эмблемалар( лентадан жасалған, басына аспаптар суреті тағылады).
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Балалар залға музыка  әуенмен кіреді (күйсандықта ойнап қарсы алу).
Жетекші:
- Сәлеметсіздер ме балалар? (әндетіп амандасады)
Балалар:
- Сәлеметсіз бе! (әндетіп амандасады)
Кәнеки бәріміз шеңберге тұрайық.
Көңіл күйімізді сурайық.
Шеңберде тұрып қимылды жаттығуларды әннің ырғағына келтіріп жасайық.
(Ән: Айгерім Қалаубаева «Көңілді күн»)
- Екі қолды алға созып, қолды ішке қарай бұрау, тізені бүгіп тұру;
- Екі қолды жоғары көтеріп, қол буындарын ішке қарай бұрау, тізені бүгіп тұру;
- Қолды екі жаққа созып, қол буындарын бұрап, бір орында айналу;
Балалар баяу музыкамен орындарына отырады.
Жұмбақ жасыру
Ұзын мойын екі шек,
Қатар – қатар тепкі
Басып қалсаң бір бірлеп
Күй шығады күмбірлеп.
- Балалар, бұл жұмбақтың шешімін білесіңдер деп ойлаймын, солай емес пе әлде қателесемін бе? 
Балалар: Домбыра
Әрине, дұрыс айтасындар. Жарайсыңдар.
- Біз домбырадан басқа да аспаптарды білеміз ғой?
Балалар: Иә. Балалар білетін аспаптарын атайды, басқа ұлттың аспаптарында айтады.
Қазақтың Ұлттық аспаптар туралы жалпы түсінік беру.

(есік қағылады: 
балалар бұл кім?танғалады(музыка жетекшісі)
Топқа аспатар кіреді: домбыра, қобы, сыбызғы.
Міне кереметті қарандаршы бізге қонаққа қазақтың ұлттық аспаптары келіпті ғой. Бәріміз амандасайық.
Сәлеметсіздер ме! (Әндетіп)
Аспаптар: Сәлеметсіндерме балалар! Біз Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваториядан келіп отырмыз.
-Балалар қарандар аспаптарға мен қышқаша айтып кетейін(3 адам ұлттық аспаптармен кіреді, 1-домбыра, 2-қобыз, 3-жетіген. Әр аспапта кішкене қағазбен салынған батырмалар болады, батырманы басқан кезде аспаптың үні орындалады және де әр аспапқа түсінік беріп кетеді.)
Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Бұл аспапты халық арасынан шыққан небір шеберлер ерекше әсемдеп, шешен сөйлеуге тырысқан.

Қобыз – Ысқыспен ойналатын, қос ішекті ескі музыкалық аспап. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда, бұл қобыздың пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген, күй атасы Қорқыттың есімімен тығыз байланысты.

Жетіген – жеті ішекті шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі. Бұрауы жоқ. Сондықтан оны, құлақ күйі жеті асықты ілгерілі – киінді орналастыру арқылы келтіреді. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады.

-Балалар аспаптардың үндерін естідік қой?
-Иә, иә.
-Балалар сендерге ұнадыма?
Иә, иә. )
-Балалар аспаптармен ойын ойнайық.
-Ия, ойнайық(ұлттық аспаптар салынған суреттер екіге бөлініп тұрады. Балалар оарды дұрыс қосып шығару керек.)
Музыкалық дидактикалық ойын
«Аспапты тану»
Ойын ережесі: Үнтаспа арқылы аспаптар үні беріледі (балалар қимылмен көрсетеді)
Домбыра – Домбыра аспабында қалай ойнайды? (Шертіп) Ендеше шертпелі аспап
Қобыз – Қобызды қалай ойнайды? (Ысып) Ендеше ыспалы аспап

Жетіген – Жетіген аспабында қалай ойнайды? (Шертіп) Жетіген шертпелі аспап
Сыбызғы – Сыбызғы аспабында қалай ойнайды? (Үрлеп) Үрмелі аспап

Ойын
«Аспаптарды ажырат»
Ойынның шарты: Тақтаға ұлттық аспаптардың суреттерімен қатар әр түрлі суреттер ілінеді. Балалар сол суреттердің ішіндегі ұлттық аспаптардан басқа суреттерді алып тастаулары керек.
Қорытынды.
Балаларды шеңберге тұрғызу.
- Тақтада қандай суреттер қалды? Домбыра, сыбызғы, қобыз т. б
- Міне, біз оларды бір сөзбен нелер деп айтамыз? аспаптар
- Біз ұлттық аспаптардың түрлерімен таныстық.
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Жарайды, ендеше жақсы көңіл - күй мен сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар
(Музыка әуенімен қоштасады.)

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 554 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]