Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Қазақ халқының ерлік істері ашық сабақ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

04.03.2016, 19:32

Ерлік Сабағының тақырыбы «Қазақ халқының ерлік істері».
Сабақтың мақсаты – патриоттық сезімін, елі үшін мақтанышын тәрбиелеу, шынайы патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру, оқушыларды елінің және өлкесінің тарихымен таныстыру; белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Балалардың эмоциялық әлемін адамгершілік әсерлермен байыту және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру; оқушылардың моральдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттеріне ықпал ету.
Құралдар: берілген тақырып бойынша кітап көрмесі, сурет көрмесі, бейнематериалдар.
Сабақтың  кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):
1.  Қазақ хандығының 550 жылдығы. (Тарихқа шолу)    
2.  Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстандық батырлар. (Ерлік істері)  
3.  Бейбіт өмірдің батырлары.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны. 
Ой қозғау:
-    Біз қандай мемелекетте тұрамыз?
-    Қазақстан қандай мемелекет?
-    Қазақ хандығының құрылғанына биыл неше жыл болды?
-    Ұлы отан соғысының батырларын білесіңдерме?
-    Атазаңымыз қашан қабылданды?

Мұғалім сөзі: Міне оқушылар біздер өз елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету жолында қанша қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан тәуелсіздік алды. Міне бүгінгі сабақта тәуелсіздік жолында қазақ елінің атқарған ерлік істеріне тоқталамыз.

Қазақ хандығы – халқымыздың тұңғыш мемлекеттік құрылымы, мәңгілік қазақ елінің тарихи тұғыры. Сол тұғыры биік хандықтың құрылғанына бүгінде 550 жыл толып отыр. Бұл жылдар – бүгінгі Қазақстанның өткенінен сыр шертер, тарихын танытар ақиқат пен аңызға айналған жылдар.
            Еліміз тарих толқынында шыңдалып, байтақ жеріміз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғалып, сарабдал хандардың саясаты мен ержүрек батырлардың ерлігінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді.
            Осынау ұлан-ғайыр даламыздың алып сахарасында Қазақ хандығы ХV-ХІХ ғасырларда кеңінен қанат жайып, байтақ өңірді мекен еткен қазақ тайпаларының басын қосқан елдігіміздің бастауы болды.
            Қазақ хандығының 550 жылдығы – қазақ елінің өткені, қазақ халқының тарихы. Сол тарихқа көз жүгіртсек, Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ хандықтарының құрылуы мен өрлеуіне, халқымыздың тұрмысы мен дәстүрлі мәдениетіне, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» сияқты өзіндік заңдарына тоқталмай өтпейміз. Себебі бүгінгі ерлігіміздің арқауы мен елдігіміздің арқауы – қазақ хандығы.
            Иә, қазақ хандығының тарихы тереңде жатыр. Қазақ тарихындағы қазақ хандығы, оның құрылуы мен нығаюы қазақ хандарының есімімен тікелей байланысты. 1458 жылы халық Керейді ақ киізге  көтеріп, хан сайлады. Керей мен Жәнібек қол астындағы ру-тайпаларымен Шу бойына қоныстанып, қазақ хандығының негізін салды. Өз қарсыластарын тықсыртып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған қазақ хандығы ХVІ-ХVІІ ғасырларда нығая түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс орнады. Қазақ жерін нығайтып, қазақтардың үстемдігін орнатудағы ерекше ұстанымдарымен Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Тәуке хандар елдің бірлігі мен бүтіндігін сақтады. Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылып, хан тағына отыруға үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хандықта келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау, бейбіт бітім жасау, заң шығару істері жүргізілді.

Қазағымның ар-намысын таптатпаған,
Халқы үшін күндіз-түні жай жатпаған.
Ұлан-ғайыр жердегі хандық құру
Керей мен Жәнібектен бастау алған.
Кө салған жерімізге, елімізге,
Туын тікпек болғандар төрімізге
Хандардың қаһарынан қаймығатын
Кіруге дәті бармай жерімізге.
Иә, бұл біздің қайсар хандарымыздың батыл әрекетінің үлесі.
            Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өтуі — біздер үшін ерекше тарихи оқиға. «Тарихын білмеген елдің болашағы да бұлыңғыр болады» деп, халықтың болашағы үшін тарихын таразылаған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың батыл түрде осы ғасырлар қойнауындағы көне тарихты кең көлемде қайта жаңғыртудағы шешімі ұлт рухын көтеретін тағылымды бастама болды. «Мәңгілік еліміз барда қазақтың тарихы да мәңгілік»- деп, жарқын болашағымызға нық сенім білдіреді. «Біздің тарихымыз — мақтан етуге лайықты, ерлік пен елдіктің тарихы» — деп, ұрпаққа ұран болар ұлағатты сөз айтты.
-    Қазақ батырлары бейнеленген бейнематериал көрсету.
-    Оқушылармен ой бөлісу.

Мұғалім сөзі: Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында. 1941 ж. 22-маусымда, түнгі сағат 4-тер шамасында Германия опасыздықпен КСРО-ға хабарсыз соғыс ашты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Әскер қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір 5-ші адам майданға аттанды. 
. Қазақстандық саяси қызметкерлер Г. Акмолинский, Т.Жангельдин, Ж.Саин, Б.Оразбаев және басқалар партизандар мен тұрғын халық арасында үлкен жұмыс жүргізді. Г.Ахмедьяров, Қ.Қайсенов, Н.А.Морозов, С.А.Олексенко, С.О.Төлешев, В.И.Шаруда партизан отрядтары мен құрамаларының командирлері болды.Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97-і қазақ. Қазақстандықтардың ішінен 1-ші болып, 1941 ж. 22-шілдеде Кеңес Одағының батыры атағы 19-танк дивизиясының командирі генерал-майор К.А.Семенченкоға берілді, ең соңында (1990 ж. 11-желтоқсанда) мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлына берілді, ол 1941 ж. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда өз батальонымен жау қоршауын 3 рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Ерекше ерлік көрсеткен 4 жауынгер: ұщқыш-штурмовиктер Т.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д.Луганский (37 жау ұшағын құлатқан) Кеңес Одағының батыры атағын 2 рет алды. Батырлардың қатарында пулеметші М.Мәметованың, мерген Ә.Молдағұлованың, атқыштар — С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың, зеңбірекшілер – С.Мүткеновтың, Н.К.Новиковтың, брон бұзушы П.К. Миллердің, минеметші Қ.Сыпатаевтың, атты әскер М.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерінің командирі Б.П.Ущевтің, атқыштар дивизиясының командирі Ғ.Б.Сафиуллиннің есімдері бар. Және де рейхстаг терезелеріне алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен офицер Р.Қошқарбаев пен оның досы Г.Булатов болды. Қазақстанның мыңдаған өкілдері Украинаны, Беларусьты, Балтық республикаларын, Молдованы азат етуге қатысты. Міне осындай көптеген қазақстандық азаматтар ерлік жасап, әр түрлі ордендер мен медальдармен марапатталды. 142 қазақстандық Солдат ерлігі орденінің толық иегері атанды. Жалпы Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны – 96638. Ал Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтар – 603 мың адам болды.

-    Ұлы Отан соғысы жылдарында түсірілген бейнематериал көрсету.
-    Оқушылармен ой бөлісу

 

-    Оқушылармен ой бөлісу

Асыл текті, алмас тілді бабалардың арманы бүгінгі бейбіт күнге дейін жеткізіп, Мәңгілік елге айналдық. Бұл – біз үшін ең қымбат асыл дүние. Осы еркіндікті, шандыққа айналған асқақ арманды, ерлік пен елдікті сақтау біздің парызымыз. Тыңдап сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет. Сау болыңыздар.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 407 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]