Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 27.5.2018
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Қатерлі ісік өсу биохимиясы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қатерлі ісік өсу биохимиясы слайд,презентация

 

Қатерлі ісік өсу биохимиясы

 

Студенттің өзіндік жұмысының тақырыбы: Қатерлі ісік өсу биохимиясы. Канцерогенездің молекулярлы аспекті. Лейкоздар
 Кіріспе
  Ісіктерге жалпы түсінік
    
  Негізгі бөлім
Қатерлі ісіктерге сипаттама
Қатерлі ісік өсу биохимиясы
Канцерогенездің молекулярлы аспекті
Лейкоздар 

Қорытынды
     Ісік ( лат.-tumor, blastoma, грек-neoplazma, орыс.- опухоль)- тұтас организмнің  жүйкелік-эндокриндік  реттеулеріне  бағынбай, өз бетінше дербес өсетін,  құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан  үлкен алшақтықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жасушаларына бере алатын , дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалардың тым артық өсіп –өніп кетуін айтады.
      Ісік дамуының этиологиясына әртүрлі  ( химиялық, физикалық, биологиялық) ықпалдар әсер етеді.
  Өспе дамуына әкелетін химиялық заттар  канцерогендер деп аталады.
  Барлық канцерогендер экзогенді және эндогенді болып бөлінеді.
 Экзогенді канцорегендер:
- көп оралымды хошиісті көмірсутектер: фенантрен, 3,4-бензпирен және т.б;
-оралымды аминдер: нафтиламин, бензидин;
-аминдік азоқосындылар:  диметиламиноазобензол т.б;
-бейорганикалық химилық заттар: хорм, қорғасын, мышьяк, кадмий

Эндогенді канцорегендер:
- стероидтық гормондар: эстероген, эстрадиол
-холестерин туындылары: холестадиендер, карцинолипиндер;
-амин қышқылдарының ыдырау өнімдері: триптофан, тирозин;
-бос радикалдар мен майлардың асқын тотықтары;
-нитроксид және оның асқын тотықтары жатады. Осы эндогендік канцерогенді заттар лейкозбен  ауыратын  сырқаттардың зәрінен табылған. Организмде эндокриндік бездермен гормондар өндіріліуінің  бұзылуы өспелердің кейбір түрлерінің дамуына алып келеді.

 




Категория: Биология | Добавил: Admin (04.05.2016)
Просмотров: 1958 | Теги: Қатерлі ісік, презентация, Биология, слайд, Қатерлі ісік өсу биохимиясы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]