Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Физика,механика [ Добавить материал ]

Иондық каналдардың құрылымы мен қызмет атқаруы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

03.01.2016, 16:35

Иондық каналдардың құрылымы мен қызмет атқаруы.
Алғашқы рет тірі ұлпалардағы заттардың тасымалдауын ұйымдастыратын сумен толтырылған саңылаулар туралы гипотезаны 1842 ж. Э.В. Брюкке ұсынған. Бірақ, тек бір ғасыр өткенде бұл гипотеза дәлелденген концепцияға айналған.   Қазіргі концепция бойынша мембраналық канал – мембраның бимолекулярлы каркасына еңген, оны тігіп өтетін және заттардың электрохимиялық градиент бойынша тасымалдауын қамтамасыз ететін ақуыздардан туратын комплекс.   
Мембраналық каналдар мембрана арқылы өтетін туннельдер түрінде бейнеленеді (сурет 18). Тасымалданатын заттарды байлайтын аймақтар мембрананың екі жағынан да орналасады. Каналдар мен саңылаулар конформациялық өзгерістерге ұшырайды, бірақ та ол өзгерістер тек қана каналдың ашылу мен жабылуын реттейді. Каналдардың жұмысы потенциалдың өзгеруімен не химиялық жолы арқылы реттеле алады. Бірінші типті каналдар трансмембраналық потенциалы өзгергенде ашылады не жабылады (электроқозатын жасушалардың каналдары). Екінші типті каналдар спецификалық химиялық агенттерге жауап береді (ацетилхолиндік никотиндік рецептор нейромедиатормен байланған кезде ашылады да бірвалентті катиондарды жібереді).

 

Сурет 18. Иондық каналдың бейнесі (B. Hille,1992 ж.).
Тар каналдарда (наирийлік канлдардың диаметрі 0,13 нм., ал калийлік каналдардың диаметрі 0,45 нм. тең) тәуелсіз диффузияның ағуы мүмкін емес, иондар тек қана бір қатармен өте алады. Каналдар тар болғандығынан оның ішінде күшті ион-иондық әрекеттесулер пайда болады.Саңылаудың қарсы жақтарындағы потенциалдардың айырмашылығы үлестірім коэффициенттерінің мәндерінің түрлі болуына әкеледі.
Мембрананың зат үшін өтімділігі бір саңылаудың ашылу дәрежесінен емес, ашық каналдардың санынан тәуелді. Сондықтан каналдар арқылы заттардың тасымалдауы кезіндегі мембраналық өтімділігін Р шамасын келесі формула арқылы есептейді:
                                            [1.3.9]
Мұнда:
п -  мембрананың бетінің бірлігіне келетін ашық каналдардың саны,
r – каналдың радиусы, 
D — заттың судағы диффузиясының коэффициенті,
 h— каналдың ұзындығы.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Физика,механика | Добавил: Admin
Просмотров: 440 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]