Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Жыныс гормондары туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жыныс гормондары туралы слайд,презентация

 

Жыныс гормондары

 

Аналық бездер үш түрлі жыныс гормондарын бөледі: 1) эстрогендер, 2) гестогендер (прогестиндер), 3) релаксин және аз мөлшерде еркек жыныс гормондары (андрогендер), кортикостероидтар. 
Эстрогендерге: эстрадиол, эстрон және эстриол жатады.Олардың  ең негізгісі – эстрадиол, эстроннан 10 есе, эстриолдан 50 есе активті (белсенді). Алғаш эстраген синтезделеді, оның айналған (өзгерген) азығы – эстрон және эстриол болып табылады. Эстрадиол клеткада фолликуланың ішкі қабығында овуляцияға дейін синтезделеді. Ол көп мөлшерде жүктілік кезінде плацентада, аз мөлшерде бүйрек үсті қыртысында және аталық безде пайда болады. Аналық бездің қызметінің табиғи әлсіреуі кезінде немесе безді алып тастағанда, кейде бүйрек үсті безінде ісік болғанда оның негізгі пайда болу орны бүйрек безі болып табылады. Эстрогендер негізінен жойылады. Бауыр зақымданғанда (цирроз, бауыр астылық холестаз) эстрогендердің мөлшері жоғарылайды. Еркектерде бұл кезде феминизация белгілері, демек әйел ағзасына тән екінші жыныс белгілері пайда болады. 
Эстрогендердің негізгі арнайы әсер етуі – бұл біріншілік және екіншілік әйел жыныс белгілерінің дамуын реттеу болып табылады. Эстрогендер жатыр мен фоллокиев түтікшесінің өсуін күшейтеді. Жатырдың бұлшық етінің гипертрофиясы, шырышты қабатының пролиферациясы, қан тамырларының өсуі, қынап эпителиінің гипертрофиясы жүреді. Жатырдың окситоцинге сезімталдығы жоғарылайды. Эстрогендер сүт бездерінің, сүт жолдарының, емізіктің дамуын реттейді. Оның әсерінен екінші реттік жыныс белгілері қынапта (лобковая кость) түктердің өсуі, қолтықта өсуі, әйелге тән майдың таралуы дамиды.Эстрогендердің секрециясы төмендесе немесе болмаса әйел ағзасындағы жыныс мүшелері инфантильді (өспей) қалады, екінші белгілері де дамимайды.
Эстрогендер әйел және еркек ағзасында да өте көп маңызды  әртүрлі жалпы әсерлер көрсетеді. Олар анаболиттік әсермен сипатталады (клетка мен мүшелердің салмағының өсуі). Сүйек тіндерінде негізгі әсер көрсетеді.  Кальций мен фосфаттардың шығуын тоқтады, сондықтан қанның құрамында олардың саны көбейеді. Эстрогендер остеобластардың өсуін күшейтеді, сондықтан түтікшелі сүйектердің өсуін, эпифиз бен диафиздің қатаюын күшейтеді. Эстрогендердің секрециясының күшеюі жас кезде болса өсуді тоқтады, бірақ бет әлпеті үлкенге ұқсайды, ал секрециясының азаюы түтікшелі сүйектердің шамадан тыс өсуіне алып келеді, сондықтан олардың аяқ-қолдары ұзын болады.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (22.04.2016)
Просмотров: 271 | Теги: презентация, Биология, Жыныс гормондары туралы, жыныс, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]