Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Жергілікті иммунитет слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жергілікті иммунитет слайд,презентация

 

Жергілікті иммунитет

 

 

ЖОСПАР:

Кіріспе:
    Иммунитет.Жергілікті иммунитет.
2.  Негізгі бөлім:
    А.М.Безредконың жергілікті иммунитет туралы           тұжырымдамалары..
     Кілегейлі қабықпен ассоцияланған лимфоидты тіндер.,
     Мукозды ассоцияланған лимфоиды тіндер.
Қорытынды:
     Фарингит лимфоиды тіндердің  қабыну процессі ретінде; Иммунитеттің адам     организміндегі рөлі мен маңыздылығы.
 
    Иммунитет (латынша «immunitas» – бір нәрседен құтылу, босау) – қабылдамау, қарсы тұру, ағзаның қорғану қабілеті. Иммунитет – жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру. Иммунитеттің негізін салған ғалым – И. И. Мечников. Ағзаны жұқпалы індеттен қорғау тек фагоцитті жасушаларға (лейкоциттер) ғана байланысты емес.Негізгі  иммунитет құруға жауаптылар –ол иммунды жүйенің жоғары арнайылықты жасушалары-лимфоциттер.
Әйгілі иммунолог А.М.Безредка ғылымға <<жергілікті иммунитет >>туралы түсінікті енгізді. Оның айтуы бойынша иммунитеттің өзінінің қорғаныш факторы болмай ол организмге бөгде заттарды қабылдамайды  деп тұжырымдады. А.М.Безредка ойлады жергілікті иммунитеттің тұрақтылығын организмнің сезімтал  клеткалары қамтамасыз етеді. Бұл клеткалар әлсіздікке немесе өлген микроорганиздерге үйренген деп санады. А.М.Безредконың теориялық тұжырымдасы кеңге жайылды, бірақ уақыттың сынағына шыдамай,тек теория жүзінде қалды.
Жергілікті иммунитет  -организм тұрақтылығын сақтап тұратын, әсіресе ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, бөтен биологиялық антигендердің енуінен сақтайды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті иммунитеттің факторы болып антидене деп саналды. Антидене барлық сыртқы секреция бездерінде: жас,сілекей,орталық құлақтың сұйықтығы  мен сүтте кездеседі.  Жергілікті иммунитет организдмді ауру тудыратын микробтардың енуінен сақтайды және залалсыздандырады. Адам мен жануарларда  автономды қызмет атқарады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (19.04.2016)
Просмотров: 535 | Теги: презентация, Жергілікті иммунитет, Биология, иммунитет, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]