Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Жедел ұлпа қабынуы туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жедел ұлпа қабынуы туралы слайд,презентация

 

Жедел ұлпа қабынуы

 

         Тіс ұлпасындағы қабынудың ерекшелігі ол лимфалық дренаж бен венозды қан тамыр жүйесінің жеткіліксіз әсерленуі болып табылады. Бұл тар түбір өзегі арқылы бір бағытта веналық қан мен тіндік сұйықтықтың  қатар өтуімен түсіндіріледі.
       Тіннің жылдам ісінуі қалыптасып,гиперемия және экссудат пайда болатын жедел диффузды ұлпа қабынуында түбір ұлпасының  қан тамырлары белгілі бір қысымға ұшырайды. Ол қан ағудың толықтай тоқтауына әкеледі,сол себепті айқын гипоксия пайда болады. 
     Тіннің айқын гипоксиялық зақымдалуының өсуі оның некрозына әкеледі. Некробиотикалық (қайтымсыз дистрофиялық ) және некротикалық өзгерістердің тез қалыптасуы тіс ұлпасындағы қабынулық жауаптың ерекшелігі болып табылады.

гиперемия;
ісіну және экссудация;
метоболизинің бұзылуы нәтижесінде пайда болған қышқылданбаған өнімдердің жиналуы;
қабыну медиаторларының бөлінуі;
 калии иондарының және активті гидролазалардың бөлінуінен жасушалардың өлуі;
сондай-ақ оттегі метаболиттерінің бөлінуі-осының барлығы  нерв ұштарының тітіркенуіне және ауырсыну синдромының пайда болуына әкеледі. 
Жедел ошақты серозды пульпт;
Жедел ошақты іріңді пульпит (ұлпа абцессі);
Жедел диффузды іріңді пульпит (ұлпа флегмонасы);
Жедел гангренозды пульпит( ұлпа гангренасы).

        Кариесогенді пульпитте үрдіс бастапқыда тісжегі қуысында проекцияланады және бірнеше сағатқа жалғасады. Макроморфологиялық ұлпа ісінген, ақшыл-қызғылт түсті,толыққанды.
      Микроморфологиялық зерттеуде қабынулық гиперемия (кеңейген қан тамырлардың қан толысуы байқалады,көбіне капиллярлар мен венулалардың) және ұлпа ісінуі. Қан тамырлардың айналасында майда қан құйылу ошақтары (экстравазаттар) пайда болуы мүмкін,олар haemorrhagia per diapedesin механизмі бойынша қалыптасады..

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (19.04.2016)
Просмотров: 547 | Теги: ұлпа, презентация, Жедел ұлпа қабынуы туралы, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]