Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Жедел бүйрек жетіспеушілігі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жедел бүйрек жетіспеушілігі слайд,презентация

 

Жедел бүйрек жетіспеушілігі

 

Негізгі бөлім
Бүйректің жедел жетіспеушілігі
Этиология 
Патогенез
Емі 
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер
Бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі —өзекшелердің эпителийінде некроз дамып, бүйректе қан- және лимфа айналымы терең зақымдалатын синдром. Бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігінің морфологиялың негізі — некрозды нефроз (некронефроз).
Оның негізгі себептері уытты әсерлер (ин-токсикация) мен инфекциялар.
 Некрозды нефроз ауыр металдардың (сынап, қорғасын, висмут, хром, уран) тұздарымен, ќышқылдармен (күкірт, хлорлы сутегі, фосфор, қымыздық қышќылдары), көпатомды спирттермен [этиленгликоль (антифриз)], наркозда қолданылатын заттармен (хлороформ, барбитураттар) немесе сульфаниламидтермен ("сульфаниламидтік бүйрек") уланғанда байқалады. 
Некронефроз түрлі ауыр жарақаттардан (мылжалану синдромы — crusһ sуndrom, операцияның әсерінен бүйрек ќызметінің жедел жеткіліксіздігі), көлемді күйіктен, көп мөлшерлі гемолизден ("гемолиздік бүйрк"), организм сусызданѓанда немесе хлорсызданѓанда ("хлоргидропениялық бүйрек") дамиды. 
Бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі ауыр әсерлі инфекция (тырысќақ, іш сүзегі, паратиф, дифтерия, сепсис) ауруларында орын алып, кейде бауырдың (гепатореналдық синдром) не бүйректің өз (гломерулонефрит, амилоидоз, тасты бүйрек ауруы) сырқаттарын асқынтады.
пререналды,
 реналды 
постреналды болып бөлінеді. 
Пререналды түрінің пайда болуы біріншіден қан көлемінің азаюымен байланысты, сондықтан қан төгілгеннен кейін, шокта, жүрек жетіспеушілігінде болады.
1) нефротоксикалық әсерлерден, мысалы, ауыр металдар тұздарымен, органикалық еріткіштермен уланғанда; 
2) бүйректердің инфекциялы-токсикалық аурулары (сепсис); 
3) бүйректер қабынуы;
 4) нефрондардың тығындалуы мысалы, гемолиз көбейгенде гемоглобиндер жиналады немесе ұзақ жаншылу болғанда, миоглобиндер нефронға жиналып ұсталады: 
5) реноваскулярлық бұзылыстар-бүйректер тамырларында тромбоз және эмболия.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (17.04.2016)
Просмотров: 736 | Теги: презентация, Жедел бүйрек жетіспеушілігі, Бүйрек, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]