Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Жасанды төзімділік


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

29.09.2016, 12:14

Жасанды төзімділік

Төзімділікті тек эмбрионалды кезеңде ғана емес, ересек организмде де қалыптастыруға болады. Төзімділікті қалыптастыру (немесе табиғи төзімділікті қалпына келтіру) аутоиммундық және аллергиялық ауруларды емдеуде, сондай-ақ трансплантаттың кері қайтуының алдын алу үшін өте қолайлы.

Жасанды төзімділіктіңмеханизмдері табиғи төзімділіктің механизмдерімен ұқсас, бірақ, мұнда шеткері механизмдер, яғниклоналды анергия, супрессия және апоптоз басты қызмет атқарады.

Жасанды төзімділікті қалыптастыру үшінбірқатар заңдылықтарды есте сақтау керек.:

Антиген жетілмеген Т- және В-лимфоциттермен әрекеттескен кезде жасанды төзімділік жеңіл қалыптасады. Сондықтан, жасанды төзімділікті қалыптастыру кезінде иммунодепресивті әсерету керек, яғни иммунодепресанттарды қолдану жасанды төзімділіктің қалыптасуын біршама жеңілдетеді.

Антигеннің сипаттамасын ескеру керек:

Антигеннің мөлшері. Төзімділікті антигеннің немесе өте үлкен мөлшерімен, немесе өте төмен мөлшерімен шақыруға болады. Орта мөлшердегі антигендер иммундық жауапты шақырады. Төзімділікті сақтау үшін организмде антигеннің біраз мөлшері үнемі болуы керек.

Антигеннің күші.Әлсіз антигенге қарсы төзімділікті шақыру күшті антигенге қарағанда жеңіл.

Антигеннің құрылысы.Антигеннің құрылысы қарапайым болса төзімділік жеңіл қалыптасады. Күрделі комплексті антигендер, мысалы, бактериалды жасушаларнашар толерогендерболып табылады. Бұл жағдай кем дегенде екі факторға байланысты:

Біріншіден, күрделі кешенді антигендерде әртүрлі эпитоптардың саны өте көп болады(поливалентті). Ондай антигендергетолықтөзімділік шақыру өте күрделі, себебі бір эпитопқа қарсы иммундық жауапты тежегенмен, екінші эпитопқп қарсы иммундық жауап сақталады. Нәтижесіндежартылай төзімділікқалыптасады. Сондықтан күрделі антигендерге қарсы төзімділік жартылай болады. Бұл кезде, мысалы, антидене синтезі тежелгенмен жасушалық иммунитет сақталуы мүмкін және керісінше. Кейбір кезде ІgМ синтезі сақталуы мүмкін және т.с.с.

Екіншіден, күрделі ангендердің үлкен молекулалары жеңіл фагоциттенеді. Макрофагтарды өңдеу өткеннен кейін олар Т-хелпердің жұмысын эффективті түрде қосады. Егер де антиген молекуласы төмен молекулалы нәруыз болса, онда олар макрофагтармен әлсіз жұтылады да, өңделу үрдісіне ұшырамайды. Т- және В-лимфоциттердің рецепторларымен тікелей байланыса отырып, олардың блокадасын шақыра алады. Костимулдаушы белгісі болмаса (В7 арқылы немесе басқа костимулдаушы молекулар арқылы) және АТЖ-дан активтену белгісі болмаса (ИЛ- немесе басқа цитокиндер қамтамасыз етеді) антигентанушы рецепторлардың блокадасы сәйкес лимфоциттер клонының анергиясын немесе апоптозын шақырады.

Антигенді енгізу жолы.Егер антигендіауыз арқылыжіберсе төзімділік жеңіл қалыптасады. Себебі, тағам антигендерін бауыр макрофагтары қарапайым төмен мөлшердегі антигендерге дейін ыдыратады. Ал олар жақсы толероген болып табылады. Сондай-ақ, ішектің АТЖ төзімділікті қалыптастыруға маманданған (бірақ бұл механизм әлі толық ашылмаған) деп есептелінеді.

Соңғы кездері төзімділікті қалыптастыру үшін бірқатар жаңа әдістер қолдануда:

Токсиндермен немесе радиоактивті изотоптармен қосылған антигендерқолданылады. Осы антигендермен байланысқан Т- және В-лимфоциттер жойылады;

Белгілі антигенге қарсы Т- және В-лимфоциттердің клондарына қарсы цитотоксикалық моноклонды антиденелерді қолдану;

Жануарларға эпитоппен байланысатын ТЖР-дың вариабелді домендеріне арналған моноклонды антиденеенгізеді, нәтижесінде сәйкес клондардың блокадасы қалыптасады;

Антигенмен бірге СD4 нәруызына моноклонды антидене енгізеді, нәтижесінде Т-хелпермен антиген танылмайды.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе иммунологиялық төзімділікке келесідей қысқаша сипаттама беруге болады:

Иммунологиялық төзімділік дегеніміз – антигенмен шақырылған арнайы иммунологиялық ареактивтілік. Иммунологиялық төзімділікті екіге бөледі: табиғи жасанды.

Табиғи төзімділік негізінен эмбрионалды кезеңде организмнің меншікті антигендеріне қарсы қалыптасады. Ол әдетте, толық болады және қалыпты жағдайда өмір бойы сақталады. Табиғи төзімділіктің бұзылуы аутоиммундық аурулардың дамуына әкеледі.

Төзімділікті жасанды түрде кез-келген антигенге қалыптастыруға болады. Мұндай төзімділік жасанды деп аталады. Егер антигенді организмге эмбрионалды немесе ерте постнаталды кезеңде енгізсе, онда сол антигенге қарсы қалыптасатын төзімділік өзінің сипаттамасы бойынша табиғи төзімділіктен ажыратылмайды. Бірақ, ол төзімділікті сақтап қалу үшін организмде сол антиген біраз мөлшерде болуы керек.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin | Теги: қазақша реферат, реферат, Биология, иммунитет
Просмотров: 149 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]