Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 14.12.2018
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Жаным, сен жасымағын өлеңі (Мұқағали Мақатаев)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ЖАНЫМ, СЕН ЖАСЫМАҒЫН

 

Көбейте берме, жаным, шашың ағын, 
Жаным, сен жасымағын, жасымағын! 
Нөсерлетіп, бір сәтте басыламын, 
Шашылады шұғылам, ашыламын.

Ұшқындарын жан-жаққа шашыратқан,
Кездерім бар кей-кейде жасын атқан. 
Қара бұлтқа қара да басымдағы,
Күн шығады деп ойла осы жақтан.

Жанымның жақсы емес тыншығаны, 
Тыншығанда жүрегім тұншығады. 
Жасынымнан, жаным, сен сескенбегін, 
Жай отының артынан күн шығады.

Жай отымды алыппын бәсеңдетіп,
Есім кетіп қалыпты, есем кетіп.
Ақ жаңбырдың нұрына шомыла бер, 
Нөсерлетіп алайын, нөсерлетіп.

Жаным, сен жасымағын, жасымағын! 
Нөсерлетіп алам да басыламын. 
Айқұш-ұйқыш бұлттардан жай атылмай, 
Күн тымырсып тұрғанға ашынамын...




Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (23.11.2016)
Просмотров: 572 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, Жаным | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]