Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әлеуметтану

Жаңа замандағы саяси ой слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жаңа замандағы саяси ой слайд,презентация

 

Жаңа замандағы саяси ой

 

ЖОСПАР

1. Кіріспе  

2.саяси ой

3.көрнекты өкілдеры

4.ойлары

5. Қорытынды

6. Пайдаланылған әдебиеттер

 

XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты Саяси ой - адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі, мемлекет, мемлекеттің шығу тегі, билік, саяси билік, бостандық, саясат мәселелерін зерттеудегі негізгі бағыттары мен көзқарастардың даму дәуірлері және қорытындыларының жиынтығы. Адамдар жарқын болашаққа қол жеткізу үшін әркезде өткенге қайта-қайта оралып отырған. Бірнеше ғасырлар бұрын қойылған сұрақтарға жауап іздеу арқылы әр ұрпақ өткен мен бүгіннің ортасындағы өз орнын табуға тырысады. Осы тұрғыдан қарастырғанда саяси ой эволюциясының мәні зор. Саяси ой әртүрлі көзқарастар мен ұстанымдардың өзара күресінің арқасында мемлекет, саясат,бостандық, т.б. мәселелерін тану, олар туралы түсініктер мен тұжырымдарды тереңдеу үрдісі жүрді.Гоббс Томас (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.[1]
Гоббс Томастың негізгі еңбектері "Азамат туралы ілімнің философиялық бастауы", "Левиафан, әлде материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттік билік, оның түрлері".
Гоббс Томас өзінің ілімінің негізіне жеке адамның жаратылысы туралы белгілі бір кәзқарастарды алды. Туа бітті, жаратылысында адамдардың ойлау қабілеті де, шынығуы да бірдей деп есептейді. Сондықтан барлығы "бәріне құқылы". Бір жағынан, адам өте өзімшіл, оған қорқыныш, іштарлық сияқты қасиеттер де тән. Адамды тек қызғаншақтар, жаулар қоршайды. "Адам адамға қасқыр" принципін негіздеді. Осыдан келіп қоғамда соғыстар туындайды. Бірақ мүндай соғыстар кезінде "бәріне құқылы болу" деген - ешнәрсеге ешқандай құқы жоқ деген сөз. Мінеки, осы жағдайды Гоббс Томас "адамдардың жаратылысы немесе табиғи жағдайы" деп анықтаған. Адамдарға күшпен қатар, өлім қатері мен өзінөзі қорғау қасиеттері де берілген.
 Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану | Добавил: Admin (14.04.2016)
Просмотров: 441 | Теги: Әлеуметтану, презентация, Жаңа замандағы саяси ой, саяси, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]