Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 14 » Жамбыл облысында 23 жастағы қызды белгісіз біреулер Желіде порносуреттермен масқаралаған
18:29
Жамбыл облысында 23 жастағы қызды белгісіз біреулер Желіде порносуреттермен масқаралаған

Жамбыл облысында 23 жастағы қызды белгісіз біреулер Желіде порносуреттермен масқаралаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бойжеткеннің анасы хабарлады.

Анасының айтуынша, белгісіз біреулер оның қызының желідегі суретін алып, оған порнографиялық суреттерді қосып, жезөкше ретінде көрсеткен. Осылайша, белгісіз біреулер қыздың, анасының және әкесінің ұялы телефон нөмірлерін көрсетіп, "ДругВокруг" танысу желісіне жүктеген. Осыдан кейін оларға бөтен адамдар қоңырау шалып, мазалай бастаған. 

"Тұрмысқа шықпаған жап-жас қызымды интернетте жезөкшелікпен айналысамын дегізіп, масқаралап жатыр. Осындай сорақылыққа төзе алмай, қызым екі рет жүрегі қысылып, қан қысымы 160-170-ке дейін көтеріліп, өлім аузынан қалды. Өзі қазіргі уақытта Таразда ауруханада жұмыс істейді", - дейді қыздың анасы. 

Айта кетейік, әйел қыздың фотосуреттерін Желіден өшіру үшін "ДругВокруг" танысу желісінің басшылығына өтініш жазған. Алайда әзірше ресурстан жауап келмеген.

Сонымен қатар, қыздың анасы бұл әрекетті кімнің істеуі мүмкін екені жайында күдігін де айтып өтті. "Меніңше, бұл істі ауылымыздағы бір адам істеді. Менің күйеуімнің інісі, яғни қайным бір кездері үстемемен қарыз беретін әйелден ақша алып, кейін қайтарып берген. Қолхаты да бар. Бірақ сол қарыз болып жүрген кезінде әлгі қарыз беретін әйел ақшасын қайтарып ала алмай қаламын деп қорыққан болуы керек, әйтеуір менің қызымды қайнымның сүйіктісі деп ойлап қалып, қызымның суреттерін жария етіп жіберемін деп қорқытып, желідегі ұятсыз суреттермен қосып, таратып жіберген. Кейін ол әйел менен кешірім де сұрады. Қызымды қайнымның сүйіктісі екен деп ойлап қалғанын айтып, ақталды. Ал енді сотқа жүгінгенімізді естіген соң, бұл сөзін қайтарып алып, суретті интернетке жарияламадым деп отыр", - дейді қыздың анасы. Сонымен қатар, қыздың анасы бұл туралы полицияға хабарлағанын мәлімдеді.

 

Ал облыстық ІІД өкілдері бұл істің ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабы ("Жала жабу") бойынша сотқа жолданғанын хабарлады. Айта кетейік, көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған жала жабудың жазасы - екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру.

Источник: Tengrinews.kz


Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Просмотров: 280 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]