Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 20.7.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Имандылыққа баулу қазақ ілімі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

27.05.2018, 21:01

Қобдабай Қабдыразақұлы

Имандылыққа баулу қазақ ілімі
«Адамзатты басқа бүкіл тіршілік иелерінен ажыратып тұрған нәрсе –руханият». Өнерге, білімге құштарлық, ғылымға талпыну, ата-ана алдында парызды түсіну, ерікті еңбексүйгіштік, туған топырақ – Жер Ананы, ана тілді қастерлеу, Отанды сүю сияқты тек азаматқа лайықты ізгі сипаттар әрбір кісінің руханиат белгілері болып табылады. Руханиат адамның бүкіл жан дүниесін, оның дүние танымын, білім деңгейін, ұлттық қадір – қасиет, құндылық-тарды меңгеру биіктігін, жалпы адамдық мінез-құлық, іс-әрекеттері мен қоғамға үйлесімділігін қамтитын игі қасиеттер жиынтығы. Осы тұрғыдан алып қарасаңыз қазақта мынандай рухани құндылықтар қалыптасқан;-имани дәстүр;-ұлттық имани сана;имани ұлттық ұғым: имани ұлттық тәрбиелеу ілім.
Дүниежүзілік діндердің қайсысы болсын жаратуышыны насихаттайды, адамды имандылыққа баулыйды. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, сондай-ақ көп дінді ел. Діннің орасан зор адамгершілік қуаты республиканың өмірінде біріктіруші рөл атқаруға тиіс және атқара алады.
Қазақ халқының дін туралы танымы, сенімі ерекше. Дінді жаратылыстан тыс құдіретті құбылыс, тылсым ретінде танымайды, ойсыз бас қойып, көзсіз құлдай жығылып, табынған да емес. Діннің адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға өнеге тәлім берер, пейілге мейірім ұялатар рухани күшке бағалаған. Атақты ағартушы Ыбырай Алтынсарин өз заманында исламға ден қоя отырып, мұсылманшылықтың тұтқасы – сенім, иман, имандылық деп дәйектесе, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев дін рәсімдерінің тұрмыс дағдылар астарластығын «Ораза деген қазаққа құлшылық емес, әдеп қой», - деп бір ауыз өлеңмен сипаттаған. Ойшыл жазушы Ғ.Мүсірепов дін жөнінде: «Адам баласы бірдемеге сенбей, арқа сүйемей тұра алмайды,сол сенімнің аты - дін.Ең арғысы саяси сенім дегеннің өзі халықтың басым көпшілігі үшін дін»,- деп оның адам өміріндегі рухани күшін жоғары бағалағаны белгілі [4]. Дінде айтылған нәрсені қазақ ақылмен ұғынды, дінде тыйым салынған нәрседен ділін қорғады, тарихи өмір талап еткен нәрсеге біліммен қарады,ақылға салды. Тәуекелге әрдайым бел буған тәубешіл бабаларымыз тарихтың кеңістігінде зеректіктің туын тікті. Қазақтың зеректігі дін мен ділдің, тіл мен сөздің, өмір мен тарихтың, ұлт пен ұрпақтың қасиетін біріктіретін қабілеттің рухына қол жеткізе алуында. Бұл деңгейде бабаларымыздың өмір сүруіне ықпал еткен бір ғана қасиет тектілік, қанағатшылдық ұғымы. Өткінші нәрседен көрі, жақсылықтың мәнін терең түсінген. Өмірге мағынамен қараған, халықтың, ұрпақтың өміріне мағына келетін рухани байлықты көздеген. Бұл еңбектеген баладан, еңкейген қарт бабаларымыздың ізгілігінің асыл бейнесі Аллаһтың алдында керемет жоғары дәрежеге ие адамның қасиетсіз, қадірсіз атануы мүмкін емес. «Атымды адам қойған соң,қайдан надан болайын!»(Абай) Сол дәрежеге лайық болуы үшін адам өз бойына адами асыл қасиеттерді дарыту керек.Барлық ізгі қасиеттерді тізбелегенде, «кісілік» деген бір-ақ ауыз сөзге саяды. Өйткені, бұл сөздің өзі адам-ның бүкіл болмысын ашып беретін ұғым. Яғни, адамшылық адамға ғана тән сипат. Әрбір ақыл иесі бойындағы адамшылықты басты ізгі қасиет деп санаса, сол адамгершіліктің тұғыры имандылық болып саналады.
Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманат-тап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адами құнды-лықтарды жоғары дәріптеген.Иман-қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата-бабаларымыздың ақи-қатқа жетелер сенімінің де басты тірегі-осы.Барлық бет-болмысының, мінез-құлқының айнасы. Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады.Оны Абай атамыз «үш сүю-мен» байланыстырып, «имани-гүл» деп ат береді « Жиғаныңа сенбе-иманыңа сен.Иманды адам-арлы адам.Имансыз адам- сорлы адам.Үстіңнің кірін-сабын кетір-еді,Жаныңның кірін-иман кетіреді»,.«Имандылық қастерлі қасиет» «Имандылық-инабаттылық айнасы» «Имандылық -ізгілік негізі» Өкінішке орай, кеңестік дәуірде тамырын тереңге жайған тоталитарлық саясаттың үстемдік жүргізуінің салдарынан біз осындай ұлы қасиетімізден айырылып қала жаздадық.Имандылық сөзі иманнан шыққан. Ал иман -жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық-Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғам-барының міндеті-иман мен имандылыққа уағыздау болған.Имандылық мінезі әрбір мұсылманның бойынан табыла бермейді.Атам қазақтың адамшылықты имандылық сөзімен беруінде ерекше мән бар. Өйткені,адамгершілік пен имандылық арасында үлкен айыр- машылық бар. Адамгершілік-барлық адамның бойында бола алатын адамның адамдық болмысынан (кісілігінен) туған қасиет. Имандылық әлемнің Жаратушысы, Ұлы Досына деген иман атты сүйіспеншілігінен туған аса ізгі кісілік қасиет. Яғни, әрбір имандылықта адамгершілік бар болса да әрбір адамгершілікте имандылық болмауы бек мүмкін. Сондықтан қазақта имандылық - ауқымы аса кең үлкен пәлсапалық ой-толғамға ие, ерекше мәнді ұғым. Атам қазақ иманын - өз болмысының тірегі мен ар-ожданның асыл тас ақиқаты деп ұққан. Сол себепті атам қазақ жүректен иман шыққаннан кеудеден жан шығуды артық санаған. Оған атам қазақтың мына сөзі куә: «Малым жанымның садақасы, жаным арымның сада-қасы». Бұл жерде атам қазақтың «арым», деп, отырғаны-иман. «Ұят кімде болса, иман сонда», деуі де, содан қалған.Ар-ұятын сатқан жанға «иманын сатты», арсыз жанға «иман-сыз», деген сөзбен түйреген. Қазақта мұндай сөз тіркестері толып жатыр. «Иман» сөзінің қазақ тіліндегі тура мағынасы «сенім» болғанмен, сенім иман сөзінің толық баламасы емес. Өйткені, ауыз әдебиетінде де «иманды, иман жүзді екен» сөзінің орнына «сенімді, сенім жүзді» сөзін қолданбайды. Қазақтың «иман» ұғымы ислами иман ұғымынан да бөлектеу. Қазақ барын қанағатпен пайдаланып, сабыры мен шүкірін тең ұстаған адамды «иман таразысы түзу» деп айтады Иман діни ұғым ретінде өз мазмұнында көптеген құрамдас бірліктерден тұрады; тотемге сену, шаманға сену, көк тәңірге сену, табиғат күштеріне сену, бұлардың ешбірі де иман емес, жай ғана сенім. Ал,қазақ аруаққа сенім,табиғатқа сенім қатарлы жоғарыда аталған сенімдерді иман ретінде қабылдайды. Бұл-атам қазақтың аса иманды момын-мұсылман жан екендігінің белгісі. Яғни, қазақ бар жақсылық ұғымды иман сөзімен, бар жамандық ұғымды имансыз сөзімен айқындаған. Қазақ әрқашан Ұлы Досына беріктігін көрсеткен. Иә, қазақ шыр етіп дүние келген баланың құлағына азан айтып, ажалы жетіп бұл жалғаннан озған жанның да жүзін құбылаға қаратып, жаназасын оқып Ұлы Жаратушының жарлығын бұлжытпай орындауға тырысқан.Қазақ дінінің |менталдығының| тірегі, ұлттын рухани болмысының маңыздысы – имандылық. Имандылық концепті-тілімізде көптеген ұғымдарды біріктіретін, жинақтайтын жалпы түсінік. Ар, ождан, ұят, шын, шындық , намыс, жүрек, жан, тазалық, әділет, мейрім-имандылық концептісінің тірек ұғымдары. Имандылық қасиеттерді зерттеушілер оны екі негізге бөліп қарастырады. Имандылық қасиеттер:
--Жүректің қызметіне тән имандылық қасиеттер: - кішіпейілділік, мейірімділік, қайырымдылық, жомарттық, ақкөңілдік,кеңпейілділік, адалдық, шыншылдық, сенімділік, сауапшылдық, әділдік, ізеттілік, инабаттылық.
--Іс-әрекет, қимылға тән имандылық қасиеттер: тіл алғыштық, көпшілдік, ептілік, сабырлылық, салиқалылық, әдептілік, шешендік, қайраттылық, қайсарлық, өткірлік, жауаптылық, еңбек сүйгіштік, тазалық
Инабаттылық - әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, әділдік, адалдық, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді, қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық “нағыз перзентім” деп үлгі тұтады.

Ислам діні қазақ даласына келіп жеткенше де,пайғамбарымыздай үлгілі адамгершілігі мен имандылығы басына қонған,тура да әділ,иман жүзді, сенімді, ру тайпаның, ұлт қауымның ұлағатты үлгі өнегесі болған абыз-ақын,хан-қаған, батыр-ер, шешен-би, сал-сері,дана ана мен ата қаншама адамдар өмірден өтті. Солардың қазақ халқына қалдырған асыл рухани мұрасын исламның имандылық қағидалары мен ұстындарына етене араласып, тонның ішкі бауындай қабысып тамаша табысқа жеткендігіне тарих куә.Қазақ халқының жалпы ұлттық қасиетті ұғымына айналған имандылық сөзінің түп төркіні мен ілкі бастауының да мұсылман дінімен тоқай-ласып жататындығы белгілі. Иман ұғымы әуел баста Құран арқылы адамдардың санасына сіңсе де, уақыт өте келе халық-тың ежелден қалыптасқан салт-дәстүрімен, таным түсінігі-мен, наным-сенімімен біте қайнасып, жаңа бір сапалық деңгей ге көтерілген ұғым. Халық түсінігіндегі иман сөзі діни шең-берден шығып,жалпы ұлттық, бүкіл адамзаттық құнды-лықтарды қамтитын ауқымды дүниетанымдық категорияны білдіреді.
Адамның іс-әрекетінің, сөзінің тура болуы тек тәрбие арқылы ғана санаға әсер етіп жүзеге асырылады. Сенім мен турашылдық егіз ұғым. Адамдардың бойында бұл сипат-тарды қалыптастыру сенім, намыс пен иман арқылы жүзеге асады. Көңілінде иманы, сенімі бар адам жалған сөйлемейді, алдамайды, аманатқа қиянат жасамайды. Иман адамға өтірік айтқызбайды,өзгені алдап, мал табудан сақтандырады. Тәрбиелі, сенімі бар адам, Алла тағала мені әруақытта көруде деп ойлайды. Сондықтан жамандық ойламайды, өзге-нің. мүлкіне қол сұқпайды, қиянат етпейді. Жұрттың өзін сыйлауы үшін алдымен өзі өзгеге құрмет етеді. Мұндай имандылықтың жолдары мұсылмандылықтың бес парызын толық орындау барысында жүзеге асатындығын бүгінде иманжүзді, мол адамгершілік сипатқа ие болғандар дәлелдеп отыр. Адамның нәпсісі-бойдағы пендеге тән құмарлық сезім. Жалпы адамның адамгершілік шыңына жетуінің негізгі көрсеткіші мен иманды-лығының қалыптасуы -өзінің нәпсісіне ие болуы
Ибалы қыз тәрбиелеп, асыл аналарды өмірге дайын-дауда,қазаққа, ислам дінінің тигізген оңды ықпалы зор болған. Сондықтан, неке қию, қыз ұзату, келін түсіру қазақ салты, ежелгі әдет-ғұрыппен ұштастыра отырып ислам діні негізінде атқарылған.Ал бозбала, бойжеткен, иманды ұл ибалы қыз тәрбиелеу ісі өте нәтижелі болды
Имандылық(атауы әр түрлі болғанымен)- барлық наным-сенімдерге ортақ ұғым. Түрлі кездерде пайда болған ежелгі Рим, Грек, Иран, Конфуций ілімі, Христиан діні, даосизм, синтоизм, ілімдерінің барлығында адамдарды бауырмал-дыққа, мейрімділікке, қайырымдылыққа, адалдыққа шақыр-атын ортақ құндылықтар бар. Адамдардың діни сеніміне (жалпы сеніміне) байланысты, имандылықты алалауға болмайды.Қай діндегі болсын адамдардың баршасын иман дылыққа баулу қажет. К.Д. Ушинский өнегелі тәрбиеге үлкен мән берген, оның негізін дін деп санаған. Дінді ол, ең алдымен, өнегелі тазалықтың кепілі деп түсінген. К.Д. Ушинскийдің«Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдай-да ғана өз мақсатына жетеді»(25;\31) - дейді. Иман ұғымы бізде ұлттық сипатқа ие болған. Имандылық-ұлттық шеңберде шырмалып қалған тар ұғым да емес,Қазақстан Республи-касында тіршілік етіп отырған күллі этнос өкілдері, оның ұрпақтары имандылық нұрынан тысқары қалуға тиіс емес. Ешбір ұлт бұған қарсы болған да емес.Имандылық- қазақ үшін,жалаң ислами ұғым да емес.Ол наным-сенім ретінде, қашаннан бар,ұласып келе жатқан түсінік. Алла тағала өзінің бір аятында «Мен сендерді бір біріңді тану үшін бір еркек бір әйел қылып жараттым және ұлтқа бөлдім» деген екен. Егер осы сөзді ақылға салатын болсақ бір еркек бір әйел заңдылық, ал ұлтқа бөлдім деген сөзден әр ұлттың салт санасына қарай таным түсінік қалыптасатынын көруге болады. Біздің ата бабаларымыз дінді тереңінен зерттеп мол тағылымын өзінің салт санасына, дәстүріне сіңіре біліп өзінің ұрпақтарына ана сүтімен, тәлімі мол істерімен дарыта білген. Қазақ халқының салт санасы, дәстүрі, құран ілімін терең меңгерген ғұлама, данышпан-дарымыздың нақыл сөздерінің, халық дана-лығының барлығы адамды бауырмалдыққа, мейрімділікке, инабаттылыққа, кішіпейілділікке т.б. жақсы қасиеттерге үйретеді. Мысалы: «Ата ананың қадірін білмеген халық қадірін білмес», «Ары жоқтың ақылы жоқ», «Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста , сонда толық боласың елден ерек» - дейді Абай атамыз. Ұлы Қытай ғұламасы Конфуций «Өзің ұнатпағанды өзгеге істеме» десе Пайғамбарымыз хадисінде:
« Өзіңе не тілесең, әуелі оны басқалар үшін қыл», ал қазақ атамыз «Өзі түгіл дұшпанына жамандық тілемеуді» ұрпағына аманат еткен. Абай атамыз «Алланың адам баласына дінді түсірудегі мақсаты – құлдарының жолдан адаспауы үшін, бір бірімен ізгілікте, татулықта өмір сүрулері үшін болды» дейді. Осыған дәлел Ұлы ақын Шәкәрім қажы былай дейді.
Әлемдегі діндердің түп мақсұты,
Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:
Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,
Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар.
Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,
Оны бөліп, дұшпандық қару жасар.
Інжіл, Құран бәрі айтып тұрса дағы,
Мағынасына адасып қара басар.
Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,
Дін десе білімділер тұра қашар.
Ешбір дін өйтіп дұспан бол демейді
Қанеки бұл сөзіме кім таласар?- деп тұжырым жасайды. Ал,имандылық-тәрбиелеу қазақ ілімінің асыл өзегі. Осы асыл өзек бүгіндері қоғамдағы тәрбиелік іс-
әрекеттер мен шара- шаруалардың тірегі бола алмай отыр. Оның көптеген себебі бар.Ал,ең бастысы-Қазақ педагогика-сын-материалистік және жауынгер атеистік дүние танымы негізінде жазылған, социалилистік немесе «ғылыми педаго-гикамен» тең көріп бағаламауда болып отыр.Біздің санамызда материалистік-диалектикалық әдіснама негізінде пайда болып,танылған білім ғана теориялық ғылым ретінде ұғын-ылады да,басқа дүниетанымға негізделген теориялар мен ғылыми пайымдаулар мойындалмайды.Сондығы болар, ұлттану, адамтану сол сияқты тоелогиялық ғылымдар өте баяу жылжып, философия, саясаттану,әлеуметтану ілімдері ұлттық кеңістікке көлем иелене алмай,басқа бір ілімнің қолтығына кіріп, «туралы» ғана тұжырым-түйін жасауда, ал,қазақ психологиясы,қазақ педагогикасы өткеннен қалған аңыз-әңгіме,хиқая санатында талданып жүр.Жоғарыда аз -мұздап айтылған .имандылық, имандылық тәрбие атты педагогикалық категория ешбір «ғылыми» пелагогикада жоқ,тек шығыс педагогикасында, анығында қазақ педагогика-сында бар. Имандылық тәрбиесін жас ұрпаққа игертудің ғылыми негізін Фараби,Баласағүни,Яссауи бабаларымыз салып,Абай, Шәкерім және Мағжан,Жүсіпбек даналарымыз тиянақтап қойған.Айталық: Қорқыт Ата былай деген: «Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бәрі екеу болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді».(56;59) Әбу Наср Әл-Фараби: философия мен дінді шендестіре қарастырып,екеуін бір санаттағы саналы білім деп танып, философияның басты ұстанымы-дәлел,діннің өзегі сенім деп тұжырымдаған. Фарабидің пікірінше, «...тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге келмейтін жас болмайды Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек. 'Жаман қылық-ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек"- дейді ғұлама. Әл-Фараби өзiнiң осы тұжырымдарын ары қарай ғылыми жетiлдiре келiп, түркi халықтарының тәлiм -тәрбиесiнің негiзi болған үш түрлi iлiмнiң:бірінші - хауас, хауас салим хауаси хамса заһириди (түйсiк, iшкi бес сезiм және сыртқы, бес сезiм), екiншi - Имани гүл (үш сүю), үшiншi –Жәуан-мәртлiк (ақыл, әдiлет, рақым) мәнiн түсiндiредi.(12,13)
Түрік жұртынынң рухани ұстазы А.Яссауи жүздеген мектеп ашып,жүз мыңдаған шәкіртке имандылық тәрбиесін игертіп.софылық-моральдық ілімін жасап, софылық мектеп педагогикасын қалыптастырса да, оның ғылыми-теориялық негізін танып біле алмай,оған зерде, парасат-пайымымыздың өресі жетпей бұлтарумен келеміз. Осы себептен бүгінгі «ғылыми педагогика» оны ауызға алғысы да жоқ. Рухани тазалық пен кемелдікті мақсат еткен Ясcауи жан тазалығы, ар тазалығы, жүрек тазалығы қағидаларын бірінші орынға қойды.Ол-өз ілімін қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді Яссауи бабамыз адамға керегі руханият негіздерін білу және оны жүзеге асыру деп көрсетеді: «Руханият дегеніміз-Хақ тағаланың құлдарына берген бұйрығы бойынша – екі түрлі болады: «Құран»-дағы бұйырылған игі істер – міндетті парыз (амри би’л ма‘руф) және тыйым салынған жаман істер-харам (нахий ани’л мункар). Амри’л-би’л ма‘руф бойынша адамның шариғатқа сай болған істерді өзі қабылдап‚ орындап қана қоймай‚ оны басқаларға да айтып түсіндіруі‚ қабылдатуы міндетті. Нахий ани‘л мункар бойынша, тиым салынған‚ шариғатқа сай келмейтін істерді мысалы, күпірлік‚ екіжүзділік, шек келтіру‚ ширк келтіру, өзімшілдік‚ риякерлік‚ зұлымдық‚ арамтамақтық, арам жолдармен күн көру (парақорлық)‚ өтірік, жалған сөйлеу‚ өсек-ғайбат‚ зинақорлық‚ арақ ішу‚ «бенк жеу», яғни‚ наркотик қолдану және мүміндерге хақсыз қиянат ету‚ азарлау және т.б. бұларға түгел тыйым салынған».(19;23)
Ж.Баласағұни: «Ақмаңдайлы ұл-қыз туса алдыңда Үйіңде өсір бөтен жерде қалдырма.Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер. Қос жалғанды бірдей көріп, күлімдер. Бала өсіргің келсе дана жүректі, Қатты ұста,үйрет білім ізетті.».«Жастары иманды
елдің - болашағы зор» -деген. Ислам дінінің тәрбиелік мәні зор қағидаларын пайдалана отырып, Ж.Баласағұни имандылық тәрбиесіне де ден қояды. «Құтты білікті» Құранның бірінші Фатиха (Беташар) сүресінің сөздерімен бастауының өзі ғұламаның иманды адам болғанын, сондықтан жастарды имандылыққа баулуды мақсат етіп отырғанын аңғартады. Ғұлама ,жаратушы ұлы тәңір-Алланың құдіреттілігін дәріптей отырып, әр адамға күш-қуат беретін сенімді қалыптастыруды көздейді. Құдіретті Мұхаммед пайғамбардың бойындағы адами ізгі қасиеттерді саралай отырып, әр адамды пайғамбарды үлгі тұтуға, оның ізгі істері мен өнегелі сөздерін күнделікті өмірде ұстануға шақырады. Имандылықты адамның жан-дүниесін, болмыс-бітімін бейнелейтін адамгершілік ізгі қасиет ретінде қарастыра отырып,оны тұлға жетілуінің сапалық көрсеткіші ретінде анықтайды:
Ұлы Хажыб шыншыл болсын баладай,
Дінді білсін, дана болсын бабадай.
Дінді білсін. Дық түсірмей көңілге,
Көңілі ақтың – ісі де ақ өмірде. (31;23;56;57)
Ыбырай Ал¬тынсарин, Ислам дінінің негіздерін терең түсінген, қалың қазаққа оны түсіндірген, ислам дінінің адам тәрбиесіне берерін әбден зерттеп білген діндар да, сол дінді насихаттаушы да.Ол,алғашқылардың бірі болып, «Мұ¬сылманшылықтың тұтқасы» (Шариат-ул-ислам) еңбегін жазды. Ыбырай қазақ қауымына бұл еңбектің аса қажеттілігін терең түсінді. Ұлы ұстаз әр қазақтың баласы өзінің мұсылман екенін білгенін, жүрегімен терең сезінгенін міндет деп санады. Ең бастысы, ол діннің қажеттілігін, оның тәрбиелік жағын терең түсінді.Ыбырай Алтынсарин «Енді, ей, дін – қарындастарымыз, бізге ең әуелі ке¬ре-гірек іс-сол, әуелі білмек керек немен мұсылман болатынымыз. Мүмин (дінге сенуші) мұсылманның мұсылман аталуы құр мұсылман киімін киіп,
мұсылман ара¬сында жүргені емес. Әуелі иманды болып, ол «иман» деген не екеніне түсініп, түсін¬ген соң, сол иман ішіндегі сөздерді шексіз шын көңілімен дұрыс деп білген кісіні мұсылман деп атайды. Соның үшін Құдай тағаланың пенделеріне парыз еткен парыздарының ең әуелі иман болса керек(39. 10 бет).Ыбырай Алтынсариннің «Шариат-ул ислам» еңбегінде:– ислам дінінің бес парызынан да бұрын, ең басты
көңіл бөлетіні, жүрекке байлайтыны – «иман» екен. Ал, сы «иман» деген не? Оның мәні мен мағынасы не? Ол нені білдіреді. Ыбырай бабамыз былай жазады:«… әрбір жақсы амалдардың да асыл түбі иманнан, яғни, инанудан келеді. Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігін көңілі дұрыстамаса, әлбетте, ол намаз болып табылмай ды… Иманның екі мағынасы бар: бірі –тіл мағынасы. Тіл мағынасы дегеніміз-әркім тілмен айтып растамақ. Мәселен, мұсылманшылдығымызға бас куәлік – сөзі¬міз немесе араб тілінше шәһәда (куәлік беру). Яғни, «куәлік беремін: жоқты бір Құдайдан бөтен Құдай (жоқтығына) және куәлік беремін, Мұхаммед, оның құлы һәм елшісі екендігіне деп, шариғат мағынасын растағанда, ол иманды көңілмен раста мақ. Бұл растамақ дегеніміз, жалғыз Құдай тағала бар… (39. 12 б.).Мұның арғы жағында нені болса да көңіл¬мен, жүрегі
мен сеніп істеу керек. Себебі, әр адамға діннің ең басты берері де сенім. Адамның ең алдымен Құдайға, содан кейін өзіне деген сенімі жатыр.Ыбырай бабамыз айтқан-дай,Ислам дінінің де жастарға беріп отырған тәрбиесі осы – имандылық. Имандылықты діни уағыз деп түсінсек, оның мән-мағынасын тереңдете түскен орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский: «Діннің қажеттілігін, яғни, адамның ішкі дүниесіне үңіле алмайтын, имансыз адамға бала тәрбиесін сеніп тапсыруға болмайды» деген сөзі бар (25 614.б).
Олай болса, имандылық дегеніміз адамның бойындағы ең бір қажетті, ең бір құнды
қасиеттердің жиынтығы болса керек. Бұл ғалымдардың жазулары бойынша «имандылық» дегеніміз адам (жас бала) тәрбиесінің алтын арқауы, негізгі діңгегі. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет сол имандылықтан тарайды, яғни, адам баласының бойындағы ең жақсы деген қасиеттер сол имандылықты құрайды. Сенiмнiң жанұя тыныштығын сақтауда да ролi орасан зор. Домениян Ажырасу” атты кiтабында: “Дiни дәстүрлер бойынша жасалған некелердiң басқаларға қарағанда аз ажырасумен нәтижеленетiндiгiн айтады”.Сол шығармада сенiмi жоқ адамдарда ажырасу дәрежесiнiң өте жоғары екендiгi статис-тикалармен дәлелденiп көрсетiледi.Қазақтың келін түсіру, неке қию,бала асырап алу рәсімдері мешітте немесе молда алдында жасалуының да жөні осы, Сенiм әлсiздiгiнiң өлiмге итермелеуде үлкен әсері бар.Материалдық жағдайдың барлық нәрсенi шешетiндiгiн мақұлдағандар статистикаларды мұқият зерттеген кездерiнде жаңылысқандықтарын түсiнедi. Мысалы АҚШ-та жыл сайын 100 дәрiгер өзiн-өзi өлiмге байлайды. Әлем денсаулық ұйымы және бiрiккен ұлттар баспасөзiне қарағанда Жапонияда 1955 жылы 22477 адамның өз-өзiн өлiмге қию оқиғасы тiркелген. 1978 статистикаларына сүйенсек, өзiн-өзi өлтiру 20000 болыпты. Барлық нәрсенi материялдық байлыққа тіреп, экономиканы негiзгi тiрек ретiнде түсiнетiндердiң бұл жерде ойланулары керек ақ. Өйткенi бұл елдерде әлеуметтiк-экономикалық жағдай өте жақсы, бiлiм мен мәдениет дәрежелерi де жоғары.Японияда осы келеңсіздікті ұлттық және діни имандылыққа баулу ісін жолға қойып,осы бағыттағы іс- әрекетін тым биікке көтеру арқылы бәсеңдете алған.Қазақта өткен шақта өз-өзіне қол салу болмаған.Зерттеулерге сүйенсек, өзіне-өзі қол жұмсау оқиға-сының 41 пайызы – жұмбақ жағдайда, 18 пайызы – жан – күйзелісінің салдарынан, сондай – ақ, 19 пайызы-кесімді жазадан қорыққаннан,18 пайызы-отбасындағы жағдайлардан, 6 пайызы-махаббат «ауруның» салдарынан болған.Жыл сайын елімізде өзіне – өзі қол жұмсау нәтижесінде 3000 бала қайғылы қазаға ұшырайды. Олардың жасы бар болғаны 14 – 17 аралығында екен.Өткен шақта,болмаудың басты себебін анықтағандар:-қазақ баласы еңбекке ерте араласқан;-отбасын жастай құрған;имандылыққа баулу ана құрсағында пайда болған шағында ақ жүргізіле бастаған;-сәбидің өмірге жастардың құштарлығын үнемі арттырып, өсіріп,қолдап, желпіндіріп,отырған.Дәлірек айтқанда қазақтың тәрбиелеу ерекше қағидаты болған.«Сүйіспеншілік бесігіне бөлеп, Махаббат жөргегіне орап, Мейірім уызымен ауыздандырып өсіреді.»Сондықтан қазақ баласына сүйіспеншілік, махаббат, мейірім, сыпайылық, имандылық қатарлы асыл қасиеттер ана сүтімен беріліп, дамып жетіледі.Қазақ ұрпағын жетімсірет-пейтін себебі осында. Жетім өскен ұрпақ аталмыш бесікке бөленбей мейірімділік уызына жарымайды.Сондықтан, тәр-бие мейірімділік алақанында әлпештеніп, жүрек жылуы бесігіне бөленіп, жүрек қылына тербеліп, рухтан үндестік табатын рухани нәзік құбылыс, жан сезімінің жайдарлану, рахат табу,адам талғамына сәйкестіктігін көрсететін асыл мұраттың орындалуы. Мұндай ұлық қағидатты ешбір,гумани педагогикадан таппайсыз. Ыбырай Алтынсарин айтады: «Құдай таға¬ланың пенделеріне парыз еткен парыз¬дарының ең әуелгісі иман болса керек» (39. 10 бет). Бұл сөздерімен Ыбырай бабамыз, ең алдымен, Құдайға сен, содан кейін өзіңе сен, мұсылман болсаң сенімді бол, нені болса да сеніммен істе дегені. Яғни, ұлы ұстаз өзінің бұл сөздерімен қазаққа сенімнің күшін түсіндіріп отыр.Ыбырай айтып отырған «иман-
дылықтың» арғы жағында Құдай тағала рұқсат еткен, солай жүр деп жол сілтеген небір керемет ұғымдар жатыр. Олар: сенімділік, көргендік, білімділік, ибалық, тәрбиелік, адалдық, кішпейілділік пен мәдениеттілік, т.т. Бұлардың барлығы адам тәрбиесінің басты ұғымдары. Бұларсыз адам өмір сүре алмайды. Адамдар бірімен бірі қарым-қатынас жасай алмайды.Тіпті, қауымдаса да алмайды. ».Ал,қазақ сенімінің басы тым тереңде жатқаны белгілі.Тәңірге сенім,аруаққа сенім,табиғатқа сенім,оларды қадір тұту,кие санау,аялап құрметтеу.міне,осы негіздде қазақтың имандылық ұғымы қалыптасты. Олай болса, имандылық дегеніміз адамның бойындағы ең бір қажетті, ең бір құнды қасиеттердің жиынтығы болса керек. Бұл ғалымдардың жазулары бойынша «имандылық» дегеніміз адам (жас бала) тәрбиесінің алтын арқауы, негізгі діңгегі. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет сол имандылықтан тарайды, яғни, адам баласының бойындағы ең жақсы деген қасиеттер сол имандылықты құрайды. Имандылыққа баулудың ілімдік және үрдістік жолы айқындалып бүгінге жетсе де,оны жұрт болып,ел болып жаппай қабылдап, тәрбиелеу жүйемізге сіңіре алмай отырмыз. Әсіресе бүгінгі жастардың бойынан байқала бастаған мағынасыз, тұрлаусыз,түсініксіз мінез-құлық пен іс-әрекеттер имандылыққа баулуды қоғам болып қолға алуды қажет етіп отыр.Бұларға ең әуелі ата-бабалары иманды, жомарт, текті адам болғандығын түсіндіріп, ұлттық намыс, ата-тектік мақтаныш сезімін ояту ең дұрыс жол болмақ.Қазақ ұлтында имандылық мәселесі сүйекке сіңген ұғым. Мысалы, репрессия мен ашаршылық, соғыс пен атом бомбасының зардаптары секілді зұлматтар сол кезеңдегі ұрпақтың басын жұтып қана
қойған жоқ, одан кейінгі өмірге келген ұрпақтарға да зардабын тигізіп отыр. Мысалы, бүгінгі ұрпақ өз басында туындаған көптеген аурулардың, агрессия мен депрессияның, тұйықтық пен оқшауланудың, тіл мен дінді ұмыту себептерін, рухсыздық пен тарихи зердесіздіктің себептерін түсіне алмайды. Тіпті, бұлардың қайдан келгенін де ойланбайды. Ал барлық мәселе осы текте жатыр. Ата-баба бойындағы барлық қиыншылықтар мен қарғыстар, күнәлар мен дерттер ұрпаққа айналып келіп соғуда.Егер сіздің атаңыз 18 жасында соғысқа қатысқан болса, сізде дәл сол 18 бен 20 жас аралығында ерекше бір агрессия болады. Сіздің қолыңызға қару ұстағы-ңыз келеді. Адамдарға деген кектенушілік және өзгелерді жау көрушілік сезіле бастайды. Оның себебі тағы да сол, сіздің атаңыздың сол жаста сол сезімдерді кешкендігі. Тек мәдение-тін білу, дұрыс түсіну сізге тамырды сезінуді, кез келген мәселені түп-төркінінен қарастыруды үйретеді. Ал тегін жоғалтқан әулеттің ұрпағы өзінің отбасын да жоғалтады. Бұл- нақты статистикалық дерек. Яғни репрессия кезінде атаның айдауға кетуі, яғни отбасынан ажырауы, ұрпағында белгі береді. Дәл сол атасының айдауға кеткен жасында оның ұрпағы да отбасынан кетуге бейім келеді. Өйткені ол оның түпкі себебін түсінбейді.Түсінсе, ол соған қарсы, яғни қанда-ғы қасіретке қарсы күресер еді. Бұл бір ұрпаққа дейін емес, бірнеше ұрпаққа дейін, мұны саналы түрде тоқтатқанға дейін жалғаса береді. Әулеттегі бір ер адамның кетуі, басқа да сол әулеттің ер адамдарының кетуіне алып келіп соғады.
Яғни «Кетуге бейімділік моделі» қалыптасады. Сол кезеңде ер адамдар айдауға я болмаса соғысқа кеткен болса, бүгінгі жағдайда ұрпақтың отбасынан кетуіне, белгілі бір істі тастап кетуіне, туысқандардан кетуіне итермелейді. Тіпті, нашақорлық пен ішімдікке, қылмысқа итермелейді. Әйтеуір бір қалыпты нормадан кетуі керек болады. Атасы 45 жасында өмірден өтсе,45 жас немересі үшін сынамалы кезең. Бұл немересі де сол жасында өледі деген сөз емес, сол жаста немере басында белгілі бір қиындықтар туады. Қазақтарда «мүшел жас» деген ұғым бар емес пе, осы мүшелмен атасының басына жағдай туған жас сәйкесіп жаста, бұл тіпті қиындықтар тудырады. Ал өз тегінің арғы-бергі тарихы мен әулет басынан кешірген жағдаяттарды жетік білген адам бұлардың алдын алуға қабілетті келеді. Оны жастар бойына сіңіретін,әрі негізгі бағыт-бағдар беретін-жастарды иман-дылыққа баулу амалы ғана.Оның психологиялық педагоги-калық негізін айқындаушы ғылымның аты-Иманипедагогика. Анығын айтқанда,бұл ғылым- жастарды осы дәуірде иманды-лывққа баулу амал-айласын көрсетуші тәрбиелік ілім.
Исламды қазақтан, қазақты исламнан ажыратып ала алмаймыз. Өйткені, бабаларымыз асыл дінді дәстүрімен үйлестірген, қабыстырған. Қазақ халқы ислам дініне әу бастан сын көзбен қараса да,оны өөз болмысы мен танымына үйлестіре алған.. Қазақта «Жаман адам – құдайшыл, тамағы жоқ адам – оразашыл, жұмысы жоқ адам – намазшыл» деген сөз бар.Адам қиыншылыққа тап келсе, құдайшыл болып кетеді. Тіпті кейбіреулер бәріне Құдайды кінәлайды. Кейбір шарқаялар. «Керең Құдай!Соқыр,Құдай!...»-деп тағдыр тәлкегін Алладан көріп, ашуға басып,қарғап-сілеп Алла Тағаладан алыстап, Құдайынан айырылып қалады..Мұның болу мүмкіндігі,оны жою жолы да имандндылыққа баулу қазақ ілімінде ашық көрсетілген. Бұл туралы да Аллаһ сөзінде.айқын бағыт бар. Шәкәрім атамыздың :«Шын ақылмен таппаған дін – дін емес, жындылық» деуінде үлкен мән жатыр. Имам Раббани: «Егер адамның ақидасы дұрыс болмаса, ол шайттанның әскеріне айналады» дейді Неге мінезі берік,иманы кәміл адамдардан кеңес өкіметі қатты қорықты? Өйткені, өкімет орнағанға дейін үш жүз сексен көтеріліс болған екен, олардың денін ишандар басқарған. Асылында, олардың мінезі дұрыс болған, жалған дүниеге сатылмаған, пара алмаған. Міне, содан бастап, медреселерде ахлақ, яғни мінезді түзеу іліміне тыйым салынған.
Құран көптеген аяттары адамды ең алдымен дұрыс ойлануға үгiттеп, тура жолға шақырады. Аллаһ Тағала, әлемдегi жаратқан нәрселдернiң барлығын адам баласы-ның пайдасына жаратса да адам, Аллаһқа қарсылық көрсетiп, Оның сансыз нығметiне бей-жай қарап келедi. Адамның көбiнесе шүкiр етудi ұмытып кететiндiгiн аятта былай баяндайды: “Ол сондай Аллаһ, сендерге түндi тынығу, күндiздi көру үшiн жаратты. Күдiксiз Аллаһ, тым кеңшiлiк иесi. Бiрақ адамдардың көбi шүкiрлiк етпейдi”.106 Ендi бiр аятта: “Қашан адам баласына бiр таршылық келсе, Раббына жалбарынып, Оған бейiм ынта байқатады. Сосын қашан Аллаһ оған бiр игiлiк берсе, бұрынғы Оған жалбарғанын ұмытады да жолынан адастыру үшiн Аллаһқа теңдес жасайды. Мұхаммед (с.а.у.) оларға: «Қарсылығыңмен бiраз мәз бола тұр. Сөз жоқ сен тозақтықсың, де”.Бұл аяттардан әлемдегi барлық нығметтiң адам баласы үшiн жаратылған-дығын байқауымызға болады. Осылай бола тұра, адамзат баласының көпшiлiгi өмiрге не үшiн келгенiн? Не үшiн өмiр сүретiндiгiн? ойланып жатпай Аллаһтан бейхабар тiршiлiк кешедi. Мұндай қаперсiздiк, адамды шүкiршiлiк етпеуге, ақиқаттан алшақ өмiр сүруге апарып соғады да соңы орны толмас өкiнiшпен бiтедi.Адам, әрбiр әрекетiнiң үнемi Аллаһ тарапынан бақылауда екендiгiн естен шығармауы тиiс. Өйткенi, Аллаһты ұмытқан адамның тура жолға түсуi мүмкiн емес. Сондайақ,Ыбырай баба¬мыз былай дейді: «…иманнан соң дін ғылы¬мы дүр.Дін ғылымы дегеніміз,Құдай тағала пенделеріне екі жол көрсетті: бір жолы-осылай бар деп бұйырған жолы, екіншісі – бұл жолға түспе деп тыйған жолы… Әуелгі жолдың баратын ұшы – ұжмақ, соңғы жолдың ұшы – тамұқ». Әр екі жолды көрсетіп қойып, қайсысына түсудің ықтиярын бұл дүниеде Құдай тағала адамның өзіне берді. Осы екі жолдың мәнісін түсініп, үйренуді дін ғылымы деп атаймыз» (2. 10 б.). Яғни, қай жолға түссе де, адамның өз еркі. Жақсылық пен жамандықты таңдау да адамның өз еркі.Бірақ, діннің міндеті адамның көзін ашып, үйретіп, оны дұрыс жолға, кімге болса да пайдалы, игілік жолына салу.Дін білімінің керегі міне осы жерде болса
керек. М. Ж. Көпейұлы өзінің шығармаларында имандылық жолын іздеп Аллаға иман келтіру адамзат баласының парызы екенін айтып, шын көңілмен, көркем мінезбен мұсылман болуға шақырады. Ақиқаттан ауытқып, надандықтың құрсауында қалған халқын адамдықтың ақ жолына жетелейді. Ақынның Ислам дінін насихаттауы, халықты Аллаға құлшылық етуге үгіттеуі – дінді ғана емес, сонымен бірге жақсы адам болудың, жалпы ұлттық болмысты сақтаудың ең пәрменді құралы болғанын аңғару қиын емес. Ақынның мақсаты – адамды жөндеу, қоғамды түзету, адамды нағыз адам қылу. Бұл мәселені көптеген туындыларына арқау етеді. «Табиғат ғибраты» деген шығармасында: «Адам қалай қылғанда адам болады? деген сұрақ қойып, оған өзі былайша жауап береді: «Ұшқан құс, жүгірген аңнан ғибрат алып, солардың мінезіменен мінезденбесе, аш арыстан жүректі болып келсе, палуан жолбарыс білекті болып келсе, досы көп болып, дұспаны жоқ адамнан осы екеуінің жүрегі, білегі табылады»,- деп, әрі қарай ақын: «Жігіт адамның қырағылығы бүркіттей болсын. Зеректігі байғыздай болсын. Жүрісі маймылдай болсын. Он екі қырлы, бір сырлы, отыз аяқты болсын. Орнына қарай мінез қылсын. Сонда адам болып, адам қатарына кіреді”, - деген ой түйеді [2, 81 б.]. Ал,Абай атамыз: «Иман деген- Алла табарака уатағаланың, шәриксіз (тең келмейтін) ғайыпсыз, бірілігіне, барлығына уә һәр неге бізге пайғампарымыз арқылы жіберілген жарлығына, білдіргеніне мойын сұнып, инанбақ. Иман келтіруге екі түрлі нәрсе керек. Бірінші – әуел не нәрсеге иман келтірсе, соның һақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып ақылы дәлел испат(шын иман) қыларға жараса, мұны якини иман (біреуге еріп нану) десек керек. Екінші – кітаптан оқу бірлән яки діни ұстаздардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалақ беріктік керек»(он ұшінші қара сөз).Бұл дегеніңіз, Дін -тек белгілі бір талап, тәртіп, дәстүр, заңдылықтарды орындаумен шектелмейді, аталған шарттар оның сыртқы қызметі, ал негізгісі рухани құндылықтарды тәрбиелеуде ең бірінші орында- иман келтіру-дегені еді. Адам баласынан бастап әлемдегі барлық тіршілікті жаратушы бір Құдайдың бар екеніне сену, оны сүйю,оның алдында қашанда болса есеп беретіндігіңді ұмытпау екендігін ашық көрсеткен.Бұл пікірдің жалғасындай саналатын, М.Жұмабаевтың: "Діни сезімі күшті адам Тәңірдің барлығына, құдіретіне сеніп, оның махаббатын алуға, қаһарына ұшырамауға, ізгілікке ұмтылып, жауыз-дықтан безбек.»-деп аталатын түйіні бар. Инамақ – илану, яғни, сену. Байқаға¬нымыздай, Абай да «иманды» сенім, Құ¬дайға сену, деп түсіндіреді. Яғни, мұсыл¬ман болу үшін, ең алдымен сену керек екен. Құдайдың барлығына, бірлігіне, Мұхаммед пайғамбардың оның елшілігіне сену. Бұдан барып, нені болса де сеніп істеу, сол сенімнен күш алып істеу болғаны.Мал -мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы,екінші-ырысының тұрағы, үшінші-дәулетінің тұра-ғы» деп аталы сөз қалдырған.Жүрегінде иманы жоқ адам-бақылаусыз адам. «Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды» (Абай). Құдайдан қорықпаған, имансыз адамға сенім артуға болмайды.Ал иманды адамның жүрегінде әрбір әрекетін қадағалап,бақылап тұратын ішкі сенім бар. Абай:«Құдайдан- қорық,пендеден-ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!» «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз.»«Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта. «Адамды – адам ететін де иман, Сұлтан ететін де иман» Абай“Имансыз елден ұят қашады” деген Хз.Мұхаммед пайғамбардың хадисін келтіріп, «қазақтың хәлі осы-имансыздық”-дейді.Көп ішінде жалғыз қалып күңіренген, “Ішім толған у мен өрт, сыртым-дүрдей” деген Абайдың мұңы “…көкірегімді тесіңдер, қан мен мұңға толды әбден” деген Иасауидің жанайқай-ымен үндесіп жатыр. Абай осындай дертке шалдыққан елге дауа іздейді". Оның дауасы – «Құран», түгел сөз, адам бойына имандылық дарытатын ар түзейтін ғылым. Абайдың түзу сөзі-«әуелі аят, хадис-сөздің басы”,яғни, елді түзейтін сөз әрі қисынды, әрі өлеңмен (бәйіт-мысал) жазылған Алланың сөзі- «Құран». «Құран» –ақылды сөз бен терең ой, терең ғылымның көзі, сондай-ақ ынсап, ұят,ар, намыс, сабыр, талап сияқты адамдық құндылықтардың кені,бірақ, «елді түзейтін түзу сөзді табудың, танудың, тыңдатудың өзі оңай емес. Өйткені түзу сөзді айтушы да, түзу сөзді тыңдаушы да надан. Ал кейбірі түзу сөзді танымайды да. Өйткені олар Тәңірдің Бар және Бір екеніне, Құранның ақиқат екеніне, пайғамбарларға, періште-лерге, тағдыр, қазаға, өлгеннен соң тірілуге сенбейді.Өңшең “кісімсінген-менмен, нәпсіқұмар, білімсіз,надан.», «...мақтан-құмар, малқұмар, арамдық, ұрлық, пайдакүнем, нені ұға алсын”-дейді.«Иман сақтауға-қорықпас жүрек,айнымас көңіл, босамас буын керек. Абай адамдықтың биік деңгейін осылай,иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан. Жас адамды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап, мейірімділік, қайырым-дылық, кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты әдептік-психологиялық қасиеттерді олардың бойына сіңіру-әрбір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің, жоғары оқу орындарының парызы. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер иман-дылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көр-сетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған.Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп,барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазыл-маған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.Бойына адамершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған.
.Адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік дүние-танымнан,наным-сенімнен, салт-дәстүрінен,әдет-ғұрпынан ең маңыздысы діни таным. Діннің негізгі функциясы жеке адамнан бастап, жалпы адамзатты дұрыс өмір сүру жолымен және рухани құндылықтармен сусындатып, адам болмысын таныту, құдайы ақиқатқа көзжеткізу және болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі имандылық принциптеріне адамды тәрбиелеу. Тәрбиелеудің жолдары өте көп, соның ішінде оқу білім арқылы, ғылыми таным, өмірлік таным арқылы, адамда белгілі бір көз қарасты, әдетті қалыптастыруға болады. Алайда адамды тек кітап арқылы тәрбиелеу де мүмкін емес, өйткені кез келген адам қайталанбас жеке тұлға; екінші жағынан кітаби тәрбиенің ықпалы бар екенін теріске шығаруға да болмайды.Адам-жаратушының тудырған ғажап пендесі. Өйткені, оның денесі болса да, ол ең алдымен – рухани жан иесі. Осы тұрғыдан алғанда адамның басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы шексіздікке –
кетеді. Аллаһқа сенген адам Оның үнемi өзiмен бiрге екендiгiн ұмытпайды. Өйткенi, Құранда бұл жайлы былай айтылған:“… Сондай-ақ Ол, қайда болсаңдар да сендермен бiрге..”. (Хадид 57/4). Тағы бiр аятта: “Расында адамзатты жараттық. Оған, нәпсiсiнiң не сыбырлағанын бiлемiз. Өйткенi, Бiз, оған күре тамырынан да жақынбыз”, деп адамға өте жақын екендiгiн Қаф сүресiнiң 12-аятында айтқан. Аллаһпен бiрге екендiгiн сезiнген адам, жалғыз қалғанда да бейәдеп iс iстеуден сақтанады. Яғни ешкiмнiң түрткiлеуiнсiз-ақ өз жауапкершiлiгiн сезiне бiледi. Ондай адамға сыртқы күштiң ешқандай қажетi жоқ. Оған жүрегiндегi Аллаһқа деген сенiмi жетiп артылады. Осы ретте Хз. Омардың халифалық дәуiрiндегi мына бiр оқиғаға назар аударып көрелiк:Хз. Омар сүт сатушылардың сүтке су қосып сатуына тыйым салып, бұл әмiрiн жан-жаққа хабарлайды. Қаланың тәртiбiн бақылау үшiн бiр күнi түнде Мәдина қаласын жалғыз аралап жүрiп, шаршағандықтан дем алу үшiн жақын маңдағы үйдiң қабырғасына сүйенiп отыра кетедi. Сол сәтте үйдiң iшiндегi анасы мен қызы арасындағы мына әңгiменi естидi.
-Қане қызым, дереу тұрып сүтке су қос. -Сiз халифаның сүтке су қосып сатуға тиым салғанын білмейсiз бе? -Иә, бiлемiн. -Олай болса, халифа тиым салған нәрсенi қалай орындаймын. -Тұр да сүтке су қос.Омар сенi қайдан көрсiн. -Омар көрмесе де, Аллаһ көрiп тұр ғой, Омар көретiн жерде iстемейтiн iсiмдi, ол көре алмайтын жерде де iстемейтiндiгiме ант беремiн.» Хз. Омар бұл әңгiменi естiгеннен кейiн үйiне қайтады. Дiни тәлiм-тәрбие көрген, адамгершiлiгi мол қызды өз баласы Асыммен үйлендiредi. Мiне, Аллаһқа деген иманның адамның әрекеттерiне тигiзген жағымды әсерi. Мұсылман Аллаһтан қорқу арқылы Оған жақындай түсiп, терiс жолдан, жағымсыз қылықтардан құлан таза арылады. Аллаһтан қорқу басқа нәрселерден қорқуға ұқсамайды. Өйткенi, сiз қандайда бiр нәрседен қорыққанда одан ұзақтап жақындамауға тырысасыз. Ал, Аллаһтан қорыққанда Оған жақындай түсесiз. Тiптi Оның сүйiктi құлына айналасыз. Аллаһтан қорқудың маңыздылығын Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисiнде былайша түсiндiрiп бередi: “Егер кiмде-кiмнiң көзiнен Аллаһтан қорқып жас шығар болса, оның жүзiне тозақ оты тимейдi. Мұсылманның жүрегi Аллаһтан қорқып дiрiлдегенде, қураған ағаштың жапырағы түскендей оның күнәлары төгiледi”.Ал ендi Аллаһқа деген сенiмнiң маңыздылығын айтып кеткендерге тоқталып көрелiк.“Адамға тәрбиелi болуы үшiн үш нәрсе керек. Егер бұл болмаса тәрбие дегенiң тәрбие болмайды.Аллаһтың бар екендiгiне сену. Жанның мәңгiлiк екендiгiне сену. Ақырет күнiне сену,” деп ағылшынның ғалымы Томос Мор, тәрбиелi болудың негiзгi жолын iздеушiлерге көрсетiп кеткен. Тәрбиелi болды деген сөз жеке тұлғаның өмiрдегi өзiндiк орнын табуға жетелейдi. Мәселен барша адамға мәлiм атақты физик, ғалым Бiлез Паскал ақылдылық пен бақыттылықты былайшы өлшеп, адамдарды үш топқа бөледi:Бiреулер Құдайды таныды әрi Оның әмiрiн орындап жүр. Бұлар ақылды және бақытты адамдар. Ендi бiреулерi танымайды әрi Оны iздеп те жүрген жоқ. Бұлар ақылсыз һәм бақытсыз адамдар. Ал ендi бiреулерi болса бiр ұлы күш бар деп iздеп жүр. Бұлар ақылды, бiрақ әлi бақытсыз адамдар. Абай отыз сегiзiншi қара сөзiнде иман туралы былай дейдi: “Әуелi, дiн Исламның жолындағы пенделер иманның хақиқатын бiлсiн. Иман дегенiмiз-бiр ғана инандық емес, Аллаһ Тағаланың бiрлiгiне, Құран Кәрiм Оның сөзi екендiгiне, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.)-ның Оның тарапынан елшi екендiгiне инандық. Жә. не бiттi? Сен Аллаһ Тағала үшiн иман келтiремiсiң, я өзiң үшiн де иман келтiремiсiң? Сен иман келтiрмесең де Аллаһ Тағалаға келер ешбiр кемшiлiк жоқ едi, я өзiң үшiн иман келтiресiң, жә, инандық. Ол инанмақ-тығың құр ғана инанмақпенен қалса, саған пайда бермейдi. Оның үшiн сен өзiң инанмақтығыңнан пайдаланамын десең, пайда бередi, кәмiл иман болады. Пайданы қалайша алуды бiлмек керек”. Яғни Исламда құр сенiп қойғанмен ешқандай iс бiтпейдi, iс-жүзiне асқанда ғана орасан зор ықпалы тиедi.Мiне байқап қарар болсақ Аллаһқа сенудiң қаншалықты маңызды екендiгiн айқын көрсеткен. Дәл осындай мысалды орыстың ойшылы Л. Толстойдың өмiрiнен де көруiмiзге болады. Ол өзiмен әңгiмелесуге келгендерден ең алдымен “сен Құдайға сенесiң бе?”, деп сұрап алып, сенетiн болса әңгiмелесiп, сенбейтiн болса әңгiмелеспейтiн болған екен. Жаратушы күшке сенiп, Одан ғана қорқатын сезiммен жүруi жеке тұлғаның қалыптасуына орасан зор әсерi бар.
И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңқалып, оған «Homo morales» деген анықтама берген. Уақытында ұлы Абай оны «нұрлы жүрек», Шәкәрім «үш анықтың» біреуіне жатқызады. Егерде адамның ар-ұжданы болмаса, ол жануарлардан қулық сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жан түршігерлік сайтанға айналар еді. Көптеген ғұлама ойшылдардың дәріптейтін аса құнды адамның қасиеті оның ар- ұжданы . Қиын қыстау жағдайында нағыз адам өз ар-ұжданын, абыройын сақтап қалу жолында өзінің тәнін құрбан етуге дейін барады. Австриялық ғалымның В.Франклдың айтқаны бар «Құдайды ғарыштан, тіпті оның әр жағынан іздеу керек емес, ол-адамның ішіндегі оның ар-ұжданы».Осы ойдың аясында Шәкәрімнің «Үш анық» атты еңбегіндегі;адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді. Біліп жаратушы-тәңірі, өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керектісі-ұждан. Ұждан дегеніміз - нысап, әділет, мейірім деген ойын тұжырымдап: бірінші-әрбір адамда діни таным болуы қажет, екінші-ғылыми танымы болуы керек, үшінші-“Ар ілімін” меңгеруі тиіс деген. Ал,Мұқтар дана:«Жалған намыс-қасиет емес, ар сақтаған-қасиет.Ар жазасы-бар жазадан ауыр жаза».-деген.Қазақ жұрты- адам баласының кейбiр жағымсыз iстерiнiң жазасын ақыретке бармай-ақ осы дүнеиiнің өзiнде арының азабына ұшырап өлiп жатқанын тым ерте шақтан байқап,онан ада болуды ескерте білген.Мұның дәлелі боларлық несияқты оқиғалар,әрекеттер,аныз әңгімелер, қихаяттар қазақта көп-ақ.Мысалы,киелі орынды былға-ған,қазып ,бүлдіріп,ұңғылаған,адам мен табиғатқа қиянат жасаған талайлардың тілтартпай кеткенін баяндайтын әпсаналар да бар.Аққу,буаз киік,нысыналы жануарларды атып жан тәсілім еткендерді көзімізбен көрдік. «Оларға обал жоқ,жан-жануарлардың киесі атты,солай болғаны дұрыс...»-деген шешімді де естідік.Аруақты қорлау,ата-баба атақ-абыройына кір келтіру, ру –тайпасының атын жамандықпен шығарып,сүйегін сындырып,етке таңба болу,беделін түсіру қазақ үшін өліммен тең болғаны белгілі.Ал,қазақ қана емес,таяу шақта әлем адамдарының көз алдында болып өткен мына оқиғаны белгілегенім жөн шығар. Мәселен, 1994 жыл Американдық суретшi Кевин Картер, Флутзер жүлдесiн алу үшiн сурет көрмесiне қатысады. Ол халықты, африка жағдайымен таныстыру мақсатымен БҰҰ-нан аттанғандарға ілесіп африк-аға жол тартады. Аш халық БҰҰ-ның азық тарататынын естiгенде бар нәрселерiн тастап, 1 км жердегi азық-түлiк жүк машинасына қарай бет алады. Осы мүмкiндiктi пайдаланып Картер халықтың тұрып жатқан мекенiне қарай аяңдайды. Келе жатып ұзақтан анасынан ажырып қалған 4-5 жасар баланың арқасында баланың өлуiн күтiп отырған таз қараны байқап қалады. Осы сәттi дереу пайдаланып, суретке түсiрiп ала қояды. Сөйтiп қуанышы қойнына симай елiне оралады. Суретi аштардың хал-жағдайын шынайы суреттегендiктен бас жүлденi жеңiп алады. Қуанышын жора-жолдастарымен бөлiсiп, кешкiсiн үйiне оралғаннан кейiн суретке қайта көз салып көредi. Суретке қарап отырып, санасында ақиқаттың ұшқыны жарқ
ете қалады. “Аш балаға неге жәрдем бермедiм?”, деген сұрақ 3 ай бойы жанын жегідей жеп, ақыры есiнен айырылып өз- өзiн асып өлтiрiп тынады. Мiне ар-ожданның өзi адамды азаптаса, адамның мына дүниедегi әдiлетсiздiктерi үшiн азапталар күнi неге болмасқа. Сондықтан ақыретке иман келтiру әдiлдiктi қалау деген сөз.
Жоғарыда,қазақтың имандылық туралы ұғымы тым терең,асқақ мәнді ұғым деген уәж айтылды.Бұл дәлелсіз құрғақ мақтау емес пе?Діни имани ұғымның маңызды-лығынан асып түсе қоярлық мағына табыла қояр ма екен? Қазақ атамыз, адамтану қазақ іліміне негіздей отырып,қыз бен ұлдың жеті атасын тектеп, құда түсіп,айттырып,қалыңын төлеп, кәдесін жасап отырып,жастардың басын қосып,отау көтеріп,оң жағына тіктіріп болған соң,Аллаһтан тілейтін тілегінің басы-ҰРПАҚ.Қазақты-Аллаһ тағала тым балажан етіп жаратқан екен.Басқа халықтар сияқты,бір –екеумен өмірі қанағаттанбаған ғой,қашанда! Көп әйел алуға құқылы, Аллаһқа бізден гөрі бір табан жақын Арабтардың өзінде қазақтай көп ұрпақты отбасы аздау ғой.Біздің ханымыздан, қарашамызға дейін көп балалы отбасымыз. Абылай хан отыз ұлды,қырық қызды болған болса,Қожаберген жырау атамыз тек бір әйелі( Айша)-дан онжеті ұл сүйген.Ал,он ұл,он қыз қазақтың екінің бірінде болған.Қазақтың мұндай бақытқа кенелуі оның пиғылы мен көңілінің адал,таза, жарқын, ұрпағының қанша болса да,Алладан сұрап-қалап алған асылым,алланың аманаты деп оны бағып күте алатын,өсіріп тәрбиелей алатын қарым –қабылет игеруінде жатыр. Осы қарым-қабылетті игеруге тікелей басшылық жасаған,әрі оған қажетті білім мен дағдыны,машық пен әдетті игерте білген, Қаныш атамыздың сөзімен айтсақ, менің «оқымаған академик әжем» болатын. Былай қарағанда, қазақтар өзінің иелігіне, білімдеріне, дүниетанымына аса мән бермейтін секілді көрінеді, себебі әлемге деген философиялық көзқарас
олар үшін өмірлік ереже. Айталық,баланың қалай тәрбие-леніп, қандай адам болып өсуіне үлкен мән берілетін болған. Көшпенді халық үшін бала құнарлылықтың нышаны болған. Сондықтан балаға қарау анасының құрсағында пайда болғаннан-ақ жүзеге асады. Жүктіліктің басы мен дамуы қазақ халқында микрокосмос, яғни баланың дамуымен байланыстырылады. Үш күндік жүктілік қазақтарда «тумақи» (әлі туылмаған) деп аталады, яғни бұнда болашақ өмір бола ма, болмай ма деген күдік көрінеді. Жүктіліктің жетінші күні қазақ халқында «көбік» деп аныталады. Мұнда адамның көбіктен жаралады деген көзқарастың басымдылығы, яғни ол келер қырық күн ішінде ұйығанға айналады деген ұғым бар. Қырық күн бойына болашақ өмірдің қалың материясы қалыптасады, ол «келдік» деп аталады. Он алты күнде ұрық-тың шеміршектері пайда болып, тоқсан күнде сүйекке айналады. Төрт айда бала ересек адамның сыртқы әлпетіне ие болады, ал төрт жарым айда ол қозғала бастайды, яғни бұл кезде қазақ халқының ұғымында балаға жан кіреді. Жеті айда бала адам болады.Бала жеті айлық болып туса, тірі қалады, ал сегіз айлық бала өмірден кетеді. Бұл жағдайда өмірге қауіп төндіретін сегіз саны, ол шексіздікпен, болымсыздықпен теңестіріледі. Тоғыз ай мен тоғыз күннен кейін дүниеге шыр етіп бала келеді. «Біздің текті әже, арлы,айбарлы да,ақылман әжелеріміз бен аналарымыз Жан иесі жатырда пайда болысысымен,оны аялау, ананы құрметтеу үшін өте ауқымды шаралар мен әрекеттер жасаған. Бұл іс-әрекеттер:ырым-тыйым, рәсім-ұлағат аясында жүзеге асырылған. А.Байтұрсынов: «Ырым етсең адал ет, жамандықтан аман ет»-деген. Адал ниетпен жасалған ырымдар бізге жетті. «Аптасына бір рет монша көрмесең,тәнің кірлер.Күніне бір рет адаммен сөйлеспесең көңілді кір басар»-деген ұлағатты сөз бар.Адам көңілін жадыратып,сезіміне сыр ұялатып, шалқытып отырса ол адамда өмірге деген құлшыныс, тірлікке деген талпыныс туындайды. Әжелеріміз, аналарымыз осыны жақсы сезінген-діктен өмірге келе қоймаған шаранаға тумақ жерінің хош иісін, әсем үнін,таңғажайып тұлғасын таныта білген. Мына ырымдар соның айғағы.Жүкті жас келінге ақ биенің кешкі саумалын ішкізіп, көбігін жалатады.Жас ананың «Көңілін көтеру» ырымын жасайды.Жастар келінге, салмақты, байсал-ды, ырғақты ән айтып,күй тартып береді.Майда құм не тұз үстімен жалаң аяқ жүргізеді. Айлы түнде суық суға шомыл-дырады.Бала ширақ болады.Жүкті келініне көлделең жатқан жіп,арқан,бауды аттатқызбаған. Баласының кіндігі мойнына оралып қалар деп ойлаған.Жүкті әйел шашын кеспейді.Бақ таяды,баласының бағы сөнеді,кемтар болып туады, ғұмыры қысқа болып туады дегенге сенген.Екі қабат әйел хайуанды теппейді,баласының арқасына жүн өседі, өзінің белі ауырады. Бала өмірге келісімен жылы суға тұз салып шомылдырған. Жусан салған жылы суға денесін батырып,хош иісті шөп-термен сылап-сипап,денесін созып, шынықтырып отырған. Келіннің ұйықтайтын отауын, төсегін, сәбидің бесігін, құнда-ғын арша түтінімен аластап тазалаған. Жусан мен аршаның иісі оның туған жерінің иісі,оның жадында,көңілінде мәңгілік сақталады. Емшектегі баласы бар әйел жалаңбас отырып бала емізбейді, орамал салып алу керек.Жалаңбас болса, қайыз-ғағын шайтан баланың аузына салып жібереді. Бала есейгенде мәңгүрт болады,анадан безеді, басына шығып-кемітіп сыйла-майды,сөзін тыңдамайды, қиянат жасайды.Қазақ анасы омырауын ашып бөгде тұрғой ата-енесіне көрсетіп бала еміз-беген. Бірге тұрғандар баласын шымылдық аржағында емізген. Бұл ырымдар жас ана мен баланы мәпелеу, қадірлеу, тәрбиелеудің мейрімді жолы. Бала есейе бастағанда туған жеріне апарып аунату, кіндік қаны тамған жерін көрсету, кіндік кескен жұртын таныту ырымы-оның туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту үшін жасалған.. Ертеден келе жатқан ырым бойынша белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, әнші–күйшілерге,атақты адамдарға баласын ертіп апарып аузына түкіртіп алатын болған. Ондағы ойы баласының
сондай болсын дегені.Осындай ниетпен солардың аттарын қоятын.Бұл ырым бүгін де кең етек алған. Қазақ өте ырымшыл, нанымшыл болғандықтан. «Көз тиеді», «ібіліс-шайтан іліп әкетеді», «түсік тастап қояды» деп жүкті келінді жұрт көзінен қағаберіс, жасырын ұстауға тырысқан. «Бесікті үй берекелі» демекші, баласынан немере сүйіп, ұрпағын өсіруді армандаған аналар келіндері көп кешікпей екіқабат болса,оны ерекше қамқорлыққа алып аялайды. Келіннің жүкті кезінде мезгілімен дұрыс тамақтануына, үсті-басын таза ұстауына, дұрыс демалуына, бойжазуына, ерекше көңіл бөліп, осылардың орындалуына енесі, абысындары мұқият болатын-ды.Дәлірек айтқанда, екіқабат келіннің тамақтану, демалу, жүріп-тұру, ережесі болған, оны бұлжытпай орындату әулет мектебі ұстаздарының негізгі міндеті еді. Келіннің қай кезде қандай дұға оқып,нендей тілек-тілеп,Аллаһқа жалбарынуы тиісті екенін ұқтырып,жаттатқызып қоятын.Бала:бір-екі жас аумағында-. шарана, шақалақ,нәресте,жанды бақа аталады. Бір мен екі аумағында,қыз баланы бөпе,ұл баланы бөбек дейді. Аяғын басып,сөйлей алса-Текті жан делінеді.Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында өбектеген,еркелеткен атаулар өте көп. Менің шөберемнің әжесі -оқыған академик:--Жоғарыда көрсетілген құрсақтағы бала дамуының сипаттамасы ғылымды танымаған көшпенділердің қаншалықты көзі ашық халық екенін дәлелдейді. Шынымен де, қарапайым бақылау мен табиғат заңдылықтарына сүйеніп алынған олардың білімділігі мен біліктілігі қазіргі ғылым мен медицинаның зерттеулерімен дәлме-дәл келеді,-дейді. Мен,айтамын ғой:-Рентген техникасы мен У.Д.З.И.-ультра дыбыстық зерттеу құралы жоқ заманда олар қалай бақылау жасаған? Оқыған академик әже:-Адамда бастағы көздің сыртындаИассауи айтқан: «ішкі көз(басират)»,Шәкерім айтқан: (ақыл көзі),М.Ж.Көпеев айтқан (көкірек көзі «бәтін көз») бар болған.Егерол көзді оятып,саналы түрде ашпаса соқыр болып қалады.Мұндай соқырды Бауыржан атамыз «көрсоқыр» деген.Біз техникаға сүйеніп көрсоқыр болып қалдық.Ал,Сіздің әжеңіз көкірек көзі ашылған адам болған.Ұлы Даланың ұлық ұстаздарының бәрінің көкірек көзі жасында ашылып,талай тамаша ілімдерді игеріп,көптеген ғылыми жаңалық ашқан. Бұлтартпас шындық осы болды.Ал,мен,әдетіме сай,тіміскілеп жүріп,оқымаған ақадемик әжемнің ондай білімді қайлан алғанын тауып алдым.Қуранда ашық жазылыпты.( Мүминун сүресiнiң 12-16 аяты, Ғафыр сүресiнiң 67-аяты, Хаж сүресiнiң 5-10-аяттарын қараңыз!)Жалпы бала дүниеге келгенде пәк,Ислам болмысы негізінде туылады.Балалық шақ адам өміріндегі сенім, мінез-құлық қалыптастыратын мезгіл.Олай болса,ата-ана балалар-ына жас кезінен бастап,жақсы – жаман және күнә-сауап нәрселерді үйрету, түсіндіру, әрбір іс-әрекетін сол бойынша орындауға дағдыландыру керек.Қазақ «Әділдік Аллаһтан, тәрбие ата-анадан!»-деп өте орынды айтқан. «Тән–Тәңірден, Тәрбие–өзімізден» дейтіні тағы бар. Жалпы,балаға діни білім ерте берілген жағдайда, ол отбасындағы дәстүрлі тәрбиемен тамаша ұштаса алады. Көне заманнан-ақ қазақ халқында ауызша да, жазбаша да, педагогакалық еңбек жазып қалдыр-ған білгір тәлімгерлер, тәрбиешілер, ұстаздар тым мол болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі-бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман-тілекгеріне сүйеніп отырған. Бала жасынан көркем мінезге ие болуға тиісті және міндетті.Бұл міндетін орындау үшін бала әуелі ата-анаға иек сүйейді. Пайғамбарымыз(с.а.с.) « Бала бұл дүниенің хош иісі, Аллаһтың аманаты»-дейді.Сәбиге ислами имандылық қағидатын ұқтырғанға дейін,оған шамасы келгенге дейін қазақ отбасында,дәстүрлі тәрбие құралдарын пайдаланып, имани тәрбие бергендігін көрсеттік,Бұл үрдіс бүгінгі таңда, отбасынан ұлғайып,балабақшаға,мектеп-медіресеге,арнаулы және ЖОО-ына жетті. Жалпы қоғамдық сипат алып барады. Сәби,бөбек,балдырған,оқушы жасындағы ұрпақ, сондай-ақ,жастарға сәйкес келетін,имандылыққа тәрбиелеу қазақ ілімі байып, жетіліп,дамып келеді.Даму дағдарыспен тайталасатыны анық.Бөгеттер жетіп жатыр.
Қазақ тарихында топқа кіріп сөз бастаған билер мен шешендердің,атқа мініп қол бастаған батырлардың, ұлтын ұйытып ел бастаған көсемдердің,ақыл-парасатымен дана-лығы арқылы әлемге танылған ғұламалардың барлығы дерлік-қазақ дәстүріндегі ұлттық тәрбиенің жемісі.Қаныш атаның сөзімен айтқанда «оқымаған академик әжелер мен аталардың» алдын көріп,үлгі өнегесін алып, біліміне қанығып,Ана және Дана мектептерін бітірген,Дала консерваториясын тамам-даған өнер иелері, Жыраулық және Ақындық академиясының түлектері; философ-жырау,әнші-ақын,сері-сал,т.б. қазақтың ақылман ойшылдары,әулие абыздары, көріпкел білгіштері, бақсы-бәлгері, адамтанушы сыншылары, шипагер-тәуіптері, тарихшы-шежірешілері,дін күтіп, жалпақ жұртқа иман тарат-қан пірлері бәрі-бәрі-Қазақ Педагогикасынан нәр алған,оның ұлт өкілін қалыптастыру қазанында қайнап пісіп, өңделген,шыңдалған-КІСІЛЕР. Олардың тәрбиелік үлгі өнегелері,білімдері тым терең,шексіз аумақты,өте асыл қазына. Осы қазынан зерттейтін педагогика ғылымының бір саласын-ИМАНИПЕДАГОГИКА деп отырмыз.





Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: hovdavai
Просмотров: 68 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]