Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Гипоталамды гипофизиальді бүйрекүсті жүйе слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Гипоталамды гипофизиальді бүйрекүсті жүйе слайд,презентация

 

Гипоталамды гипофизиальді бүйрекүсті жүйе

 

Кіріспе
Негізгі бөлім:
а) Ішкі сөлініс бездерінің гормондары
ә) Гипоталамус
б) Гипофиз
в) Бүйрекүсті бездері
г) Гипоталамустың гипофиздің функциялық байланыстары
д) Гипоталамустың нейросекреторлық қызметтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

 Кіріспе:

        Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жолмен (қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді. 
        Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды. 
        Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады.
        Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат (жүкті) әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады – эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның ядроларының нейросөлініссы бар, яғни гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан басқа ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады – бүйрек, ішекқарынның кілегейлі қабығы, бауыр себебі олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда, ренин, гастрин, секретин,панкреозимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т. б.
Гипоталамус
гипофизотропты гормондар (либерин, статин)
жүйке гормондары (вазопрессин, окситоцин)
Гипофиз
соматотропин (өсу гормоны)
Аденогипофиз (алдыңғы бөлімі)
тиротропин
кортикотропин
лютропин
фоллитропин
липотропин
пролактин
Ортаңғы немесе аралық бөлімі
мелотропин
Артқы бөлімі (нейрогипофиз)
вазопрессин (антидиурездік гормон яғни несеп бөлінуін азайтатын гормон)
окситоцин (гипоталамуста жасалады)

Қалқанша безі 
тироксин
трийодтиронин
тиреокальцитонин 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (06.04.2016)
Просмотров: 416 | Теги: презентация, Гипоталамды гипофизиальді бүйрекүст, Биология, Гипоталамды, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]