Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Гемодиализ қазақша слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Гемодиализ қазақша слайд,презентация

 

Гемодиализ

 

Кіріспе
Бүйрек жетіспеушілігінің ағымы
Тексерудегі лабораторлы әдістер
Инструменталды зерттеу әдістері
Тексеру жоспары.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің емі
Активті терапия
Гемодиализ көрсеткіштері
Абсолютті қарсы көрсеткіштер
Гемосорбцияға көрсеткіштер
Пайдаланылған әдебиеттер
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ) — бүйректің кез-келген үдемелі ауруларынан кейін пайда болатын, нефрондардың біртіндеп өлуінің нәтижесінде дамитын симптомокомплекс. 
СБЖ кездесу жиілігі (1млн халық санына шаққанда) шамамен 100-200-500 құрайды.
žҚазіргі уақытта созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен науқастардың саны жыл сайын 10-12% ұлғаюда.
СБЖ ағымы негізгі ауруға байланысты анықталады. СБЖ кезіндегі бүйрек жетіспеушілігі басқа ауруларға қарағанда өте тез үдеуімен ерекшеленеді.СБЖ біртіндеп дамуы егде жастағы адамдарда аурудың баяу ағымында,сирек өршулерде және  салыстырмалы тұрақты гипертонияда байқалады. СБЖ 30 жасқа дейінгі адамдарда тез үдейді, оларда бүйректің негізгі ауруының өршуі АГ өсуіне әкеледі: жиі бір уақытта ісінулер пайда болады.
Лабораторлы зерттеуде ең алдымен бүйректің функциялық жағдайын және азот қалдықтарының жиналу дәрежесін бағалау қажет. 
Зимницкий сынамасын өткізгенде төмен салыстырмалы тығыздықты (изо-,гипостенурия) зәрдің монотонды бөлінуі байқалады.
Тұнбада формалы элементтердің құрамы азайған және протеинурия деңгейі төмендеген. Креатининнің ұсталу деңгейі және креатинуриямен бірге эндогенді креатинин деңгейі бойынша анықталатын шумақшалық фильтрация бүйрек функциясының негізгі критерийлері болып табылады.
Фильтрацияның 40 мл/мин. дейін төмендеуі айқын СБЖ көрсетеді, ал 15-10-5 мл/мин дейін төмендеуі уремия дамығанын көрсетеді. 
Креатинемия деңгейі науқас жағдайы нашарлауымен бірге жоғарылайды.
Асқынған СБЖ кезінде қанда зәр қышқылының мөлшері жоғарылайды – гиперурикемия пайда болады.
Перифериялық қанда токсикалық лейкоцитозбен (6,0-8,0х109/л) және нейтрофилезбен қосарланған гипохромды анемия анықталады.
Тромбоциттердің агрегациясы төмендеуімен тромбоцитопения болады,ол қанағыштықтың негізгі себебі болып табылады.
Сутегі иондары шығуының бұзылуы метаболикалық ацидоз пайда болуына әкеледі.СБЖ терминалды сатысында гиперкалиемия байқалады.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (05.04.2016)
Просмотров: 318 | Теги: презентация, Гемодиализ қазақша, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]