Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 13 » Күздің белгілері балабақшадағы ашық сабақтар
20:24
Күздің белгілері балабақшадағы ашық сабақтар

Күні:
Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Күздің белгілері
Мақсаты:      1.Күз мезгілі туралы алған түсініктерін кеңейту.Балаларды күздің сыйымен таныстыру.
2.Сана-сезімін,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Табиғатты қорғауға,өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға  тәрбиелеу
Көрнекілігі:күз мезгілі бейнеленген  суреттер.
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
 Меңгерілетін сөздер: алтын күз,күздің сыйы,береке,байлық
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Ендеше бүгін күз мезгілінің белгілерін анықтаймыз.
 V Жаңа сабақ
Алтын күз  туралы әңгіме жүргізу.Күзді неліктен алтынға теңейтіндігі айтылады.
-Күз мезгілі бізге қандай сый береді?
-Қырманда қандай еңбек жүргізіледі?
 Сурет бойынша әңгіме.
Сергіту сәті: Жаңбыр,жаңбыр,жауасың,
                       Жанымызға дауасың.
                       Біз ойнайтын ауланың
                        Тазартасың ауасын.
Жұмбақ шешу: Қақпаны тарс-тарс жабады
                            Терезені қағады.
                             Уілдейді ысқырып,
                              Қорқытады баланы.        (Жел)

Аспаннан домалап
 Көп моншақ төгілді.
Бусанды бар алап,
 Терілді,келді.                       (Жаңбыр)
VI Бекіту
 Ойын: «Күздің сыйы» Көкөністер мен жемістердің суреттері ілінеді.
Мысалы: алманың суретін алған бала «алма» сөзін қатыстырып,сөйлем құрастырады.Оның пайдасын айтады.
VII Қорыту
 -Күз мезгілін неге халқымыз ырыс-береке деп атаған?
-Күз мезгіліндегі дәрумендерді ата.
-Күз мезгілі саған несімен ұнайды?
        
VIII Бағалау
           Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 452 | Добавил: Admin | Теги: Ашық сабақтар, Күздің белгілері балабақшадағы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]