Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 19.8.2017
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Қазақстан халқының этникалық құрылымы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қазақстан халқының этникалық құрылымы слайд,презентация

 

Қазақстан халықы

 

Қазақстандағы мұңдай демографиялық ахуалдың қалыптасуы белгілі демограф Мақаш Тәтімовтің айтуынша солтүстік батыстан ағылған төмендегі миграциялық ағындармен байланысты болса, олардың тарихи хронологиясына жүгінейік: 1)  Қазақстанның солтүстік-батыс аймақтарыңда бастапқы казактардың қоныс тебуі 200 мың адам, яғни XVII ғ. бастап - өлкені отарлаудың басталуы; 2) Қазақстан территориясыңда отарлау линиялары бойында (Горький, Ертіс, Жайық линиялары) әскери бекіністерді салу және ол жерлерге жазалаушы әскерді жанұяларымен қоса қоныстандыру (125 мың адам XVIII); 3) Ресейдің еуропалық бөлігінен Дала өлкесінің шұрайлы жерлеріне шаруалар мен переселеңдерді жаппай қоныстандыру (XX ғасырдың басына дейін, Столыпиннің жер реформасын қоса жалпы көлемі 1 млн. 150 мың адам); 4) Ресейдің ішкі бөлігінен ауған діни қуғындалушылар -староверлер, кержактар және баптистер (150 мың адам, XIX ғ. арты —XX ғ. басы); 5) Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы тәркілендіру барысында кедейленген депортанттар (250 мың адам, XX ғ. 20-30-жыддары); 6) Азамат соғысы жылдарында Сібір, Орал және Волга аймағынан келген әскери жалдамалылар (100 мың адам); 7) Индустрияландыру жылдары маман жинақтауды ұйымдастыру барысында келгендер (1 млн. 250 мың адам XX ғ. 30-жылдары); Мәтіндегі ақпараттарға сүйеніп картамен жұмысты істе. Қазақстан халқының ішінде ең саны үлкендері 7 ұлт – қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар және немістер, олар ел халқының 95,6%  құрайды. Кейбір этностардың аймақтар бойынша орналасуы әркелкі. 2009 жылғы санақ бойынша қазақтардың үлесі Қызылорда облысында 95,3 %, Оңтүстік Қазақстан облысында 72,3 %, Маңғыстауда 88,2%, Ақтөбеде 79,4%, Батыс Қазақстан облысында 72,2%, Жамбылда71,4%;   сәйкесінше аталған облыстарда орыстардың үлесі төмен. Орыс ұлтының өкілдерінің үлесі жоғары облыстар Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан. Өзбектердің 87,9% Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Ұйғырлардың 95,8% Алматы және Алматы облысында, немістердің 70% астамы Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында, ал кәрістердің 80% астамы Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында шоғырланған.   Басқа ұлттардың арасында облыстар бойынша біркелкі таралғаны - татарлар. Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 65,2%,орыстар - 21,8%, өзбектер - 3%, украиндар - 1,8%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,2% , немістер - 1,1%, корейлер - 0,6%, түріктер - 0,6%

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (29.04.2016)
Просмотров: 607 | Теги: презентация, Қазақстан халқының этникалық құрылы, тарих, Қазақстан халқы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]