Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Ескілік киімі өлеңі (Абай Құнанбаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ЕСКІЛІК КИІМІ

Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен, 
Тон қабаттап кигенім — шидем шекпен. 
Жейде-дамбал ақсаңнан, жарғақшалбар, 
Жырым балақ матамен әдіптеткен.

Мықшима аяғымда былғары етік,
Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.
Үлкен кісе белімде жез салдырған,
Шақпағым, дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп.

Күләпәра бастырған пұшпақ тымақ,
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
Артын белге қыстырған бар құрысқақ.

Қалмақы қара үзеңгі, биік қасты ер, 
Қанжығамда байлаулы жіптен шідер. 
Жарғақ жастық көпшігім, жезді пыстан, 
Бір келісті сайманым топқа мінер.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (07.11.2016)
Просмотров: 66 | Теги: Ескілік киімі, абай, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]