Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Информатика

Есепті алгоритмдеу негізі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Есепті алгоритмдеу негізі слайд,презентация

 

Есепті алгоритмдеу негізі

 

1.Негізгі алгоритмдер
2.Есеп шығарудың негізгі программалық нәтижелі схемасы
а) “дейін”,”әзірше”,”үшін” әдістерімен “жалғасу” не “оралым” негізгі алгоритмдері
б) “егер-онда”, “егер-онда-әйтпесе”,”таңдау”, “таңдау-әйтпесе” әдістерімен тармақталудың негізгі алгоритмдері
Алгоритм- операциялардың құрамы мен олардың орындалу тізбегін белгілейтін міндеттерді шешудің тәсілін дәл суреттеу.
Алгоритм сөзі мағынасы жағынан нұсқау, жарлық, рецепт, ереже, тәртіп, заң, жоба сөздеріне синоним болып келеді.Алгоритм сөзі Орта Азияның ортағасырлық ұлы ғалымы- Мұхамед ибн Мұса әл- Хорезмидің атымен байланысты шыққан.
Алгоритм деп алдын-ала анықталған мақсатқа жету үшін есептің шешімін табу үшін орындаушыға берілген нұсқаулардың тізбегін айтады.
Алгоритм - шектеулі қадамдарда орындап болған соң нәтижеге алып келеді. 
Кез келген алгоритм мынадай өзгешеліктерге ие болады:
Бір ғана бастапқы деректерді көп мәрте есептеуден алынатын нәтижелердің қайталанбалығы.
Нәтижелігі - бірқатар нәтижелерді міндетті түрде алу (сан, кесте,мәтін,дыбыс,кескін және т.б.) немесе осы алгоритмнің алға қойылған міндеттерді шешудегі жарамсыздығы туралы сигнал.
Көпке бірдейлік(массивность)-жиынтық міндеттердің бірқатар тобы үшін әр түрлі бастапқы деректерден нәтижелерді алу мүмкіндігі.
Дискреттілік -алгоритмді жекелеген қарапайым әрекеттерге бөлу мүмкіндігі.
Алгоритмді көрсетудің мынадай формалары бар:
Сөз(текстік);
Графикалық;
Программалау түрінде.
Графикалық форма алгоритмді ең ықшам әрі көрнекті етіп көрсетеді.Алгоритм әрбіреуі бір немесе бірнеше операторлардың орындауына сәйкес келетін блоктардың арасындағы байланыс тізбектілігі түрінде бейнеленеді.Мұндай графикалық көрсетімді алгоритм блок-схемасы деп атайды. 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin (12.04.2016)
Просмотров: 246 | Теги: презентация, инфоматика, Алгоритм, слайд, Есепті алгоритмдеу негізі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]