Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 27 » Ертегілер әлеміне саяхат балабақша ойындары
19:14
Ертегілер әлеміне саяхат балабақша ойындары

Ертегілер әлеміне саяхат

 

Пәні: Тіл дамыту
Білім беру саласы:» Қатынас»
Мақсаты:а) білімділік Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілерді әдеби шығармаларды тыңдатуға, оны айта білуге дағдыландыру, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, ұлттық рухани білімдерін жетілдіру.
ә) дамытушылық Оқушылардың тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту, логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл –ой белсенділігін арттыру.
б) тәрбиелік Еліміздің болашақ ұрпағы біліммен сусындаған, тапқырлығын тамсандыратын салауатты,саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа, сыпайы қарым-қатынас жасай білуге,үлкен-кішіні сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, бейне таспа, үн таспа.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет. 

Іс-әрекет кезеңдері    Мұғалімнің іс-әрекеті    Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.

Ынталандыру,сезімді ояту.

Ізденістер, ұйымдастыру

Жаңа оқу іс-әрекеті.

Ертегі тыңдау, көру, тамашалау.

Ертегі тыңдау, тамашалау.

Өмірмен байланыстыру.

Рефлексивті түзетушілік.    Психологиялык сәт.
Күніміз жарық болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Деніміз сау болсын,
Елімізде тыныштық болсын.
Жақсы оқиық,
Әдепті, тәртіпті бала болайық.

Өткен сабақты қайталау, еске түсіру.
1. Жабайы аңдарды ата.
2. Олар қайда жүреді?
3. Жабайы аңдар жайлы қандай ертегі білесіңдер?

Буынды жалғастыр

А –     

ТҮЛ –   
 
ҚО – 

ҚАС –

АРЫС –
 
ЖОЛ - 

Жаңа сабақ.
Кел, тыңдайық ертегі.
1.Кім ертегі біледі?
2.Ертегіні көргендерің, естігендерің барма?
3.Ертегілер туралы кім не біледі?
4.Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

Балалар, ертегілер-бұл қиял ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп.Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл-ертегілер, аңыз ертегілер т.б. болып бөлінеді.
Ертегі басталғанда қалай басталады?
Ерте, ерте,ертеде,
Ешкі жүні бөртеде
Қырғауыл жүні қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен.

Балалар ертегі тыңдайды. Айлакер қоян ертегісін тыңдайық.
Бейне таспадан «Аю мен маса» ертегісін көріп тамашалайық.

Оқушылармен жұмыс.

Ертегідегі кейіпкерлерді ата.

Ертегідегі кейіпкерлер үй жануарлар ма, жабайы аңдар ма?

Екі ертегіні салыстырайық.

Бірінші үнтаспадан тыңдаған ертегіде қоян қандай?
Екінші  бейне таспадан көрген ертегіде қоян қандай?
Айлакер қоян ертегісінде- қоян-қу, айлакер, айламен құтылып кетті.
Аю мен маса ертегісіндегі қоян –аңқау, адал.

Бірінші ертегіде қоян үлкен аюды мазақ етеді. Қоянның ісі дұрыс па?
-Жоқ, балалар үлкендерді мазақ етпеу керек.Үлкендерге сіз деп, сыйлау керек. Тіпті бір-бірлеріңді сыйлаңдар.
-Өмірде сендерде солай жасар ма  едіңдер?
Ал, екінші көрген бейне таспадағы ертегіде қоян қандай?
-Қоянның затын алып, аю бермей қояды.Қоян-қорқақ,аңқау.
Біреудің затын алып, бермей қоюға болады ма?
Аюдың ісі дұрыс па?
Өмірде сендер аю сияқты болар ма едіңдер?
-Жоқ, кішілерге қамқор болып, іні-қарындастарыңды сыйлауларың керек.

Жұмбақтар.

Орғыған қорқақ, көзі қыли,
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді
(қоян)

Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай да шу.
(түлкі)

Жануарлардың құйрықтарын табуға көмектес.

Қорытынды.

-Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен. Ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен.
    
Балалар орнынан тұрып, қайталап айтады.

Балалар сұрақтарға жауап беріп,өз ойларын айтады.

Естіген,көрген ертегілері жайлы айтады.

Ертегінің басталу жолын айтады.

Ертегіні тыңдап алады, бейне таспадан ертегіні көреді.

Ертегідегі аңдардың суретін тауып, жапсырады.

Екі ертегілерді салыстырып, қоянға мінездеме береді.

Үлкендерді сыйлауды, кішіні құрметтеуді үйренеді.

Жұмбақтың шешуін тауып,айтады.

Қоян, түлкі.

Күтілетін нәтиже: Ертегінің мазмұнын білу.
Нені біледі:Ертегілерден түсінгендерін айтып береді.
Меңгерді:Жаман, жақсы қасиеттерді ажырата білуді

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 42 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша ойындары, балабақша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]