Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Информатика

Джон фон Нейман қазақша слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Джон фон Нейман қазақша слайд,презентация

 

Джон фон Нейман

 

 Джон фон Нейман  -  (1903 – 1957) — еврей текті венгр-америкалық математик. Ол кванттық физика, кванттық логика, функционалдық талдау, жиындар теориясы, информатика, экономика ғылымдары және одан өзге де салаларға үлкен үлес қосқан ғалым. Ол осы заманғы компьютерлерді жасаушылардың (фон Нейман архитектурасы деп аталатын) атасы, операторлар теориясын  кванттық  механикаға (фон Нейман алгебрасы),  Манхэттен жобасына қатысушы және ойындар теориясы мен жасушалық автоматтар тұжырымдамасын жасаушы ретінде өте танымал тұлға.
Нейманның есте сақтау қабілеті өте мықты болған. Ол көп жыл өтсе де оқыған кітаптарының беттерін бірден ағылшыншаға немесе немісшеге аударып айтып бере алатын, ал француз бен италиян тіліне сәл кідіріп барып аударады екен.
Нейман тақтаны формулаларға барынша тез толтырып болатын да және оның ойын тыңдаушылардың бәрі бірдей түсініп болмай жатып тез өшіріп тастайтын. 
1928 жылы Нейман «Стратегиялық ойындар теориясына» деген мақаласын жазады.
Фон Нейман мен Станислав Улам сутегі бомбасын жасау кезінде қазір Монте-Карло әдісідеген атпен белгілі болған, тәуелсіз статистикалық сынақтар әдісін ойлап тауыпты.
Машинаның жылдамдығы үлкен болғанымен, оны есеп шығаруға дайындау жұмысы көп уақыт алды. Осы маңызды мәселені 1947 жылы Джон фон Нейман (Иоганн) (1903 – 1957) шешті. Ол айырым жасалған программа бойынша машина өзін – өзі басқару керек екендігін айтты. Соның нәтижесінде машинада басқару құрылғысы пайда болды.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin (11.04.2016)
Просмотров: 698 | Теги: презентация, информатика, Джон фон Нейман қазақша, Джон фон Нейман, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]