Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Информатика

Джон фон Нейманның архитектурасы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Джон фон Нейманның архитектурасы слайд,презентация

 

Джон фон Нейманның архитектурасы

 

XX ғасырдың 30-шы жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты. Мұнда өңделетін ақпарат пен өңдеу программасын сандық түрде дайындау, деректер мен программаны машинаның жадында орналастыру тәсілдері қарастырылған.
Джон фон Нейман (1903-1957) – еврей текті венгр-америкалық математик. Ол кванттық физика, кванттық логика, функционалдық талдау, жиындар теориясы, информатика, экономика одан өзге де салаларға үлкен үлес қосқан ғалым. Ол әсіресе осы заманғы компьютерлерді жасаушылардың атасы, операторлар теориясын кванттық механикаға қолданушы ғалым, сонымен қатар Манхэттен жобасына қатысушы және ойындар теориясы мен жасушалық автоматтар тұжырымдамасын жасаушы ретінде өте танымал тұлға.
Нейман жастайынан ерекше ақылды болған. Ол 6 жасында 8-дік есептеу жүйесінде ойша айыра алған және де әкесімен көне грек тілінде сөйлесетін. Қоршаған ортаға, математика мен логикақа құштар болған. 
20-30 жас аралығында Германияда мұғалім қызметін атқарып жүріп физика мен математикаға үлкен үлесін қосқан.
Фон Нейман 2 рет үйленген. Бірінші әйелі Мариэтте Кевешимен 1930 жылы үйленіп 1937 жылы ажырасқан. Бір жылдан соң Клара Дэнге үйленген. Бірінші әйелінен Марина деген қыз дүниеге келген. 
   Джон фон Нейманның архитектурасы – ол қазіргі компьютерлердегі ақпараттар мен командаларды сақтау принципі. Осы есептеу жүйесін фон Нейманның машинасы деген терминмен айтылады.
1946 жылы Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсетті. ЭЕМ жұмысының басты принципі – программалар мен деректердің машинаның жалпы жадында сақталу принципі болды. Мақала мазмұнының идеясы «Джон Фон Нейманның ЭВМ архитектурасы» деп аталды.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin (11.04.2016)
Просмотров: 564 | Теги: презентация, информатика, Джон фон Нейман, Джон фон Нейманның архитектурасы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]