Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Информатика

Дискретті сигнал слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Дискретті сигнал слайд,презентация

 

Дискретті сигнал

 

    Бастапқы физикалық сигнал уақыттың үздіксіз  функциясы болып табылады жəне аналогты (analog) сигнал деп аталады. Сандық өңдеулер үшін аналогты сигнал дискретті сандық  тізбекке(discrete series) түрлендіріледі. Жеке (дискретті) уақыт мезгілінде сигналдың мəніне сəйкес келетін санды сигналдың санағы (samples) деп атайды.
    Есептеуіш қондырғыларда санақтар екілік сандық (мысалы, 0110…),шекті жиындар түрінде жазылады яғни, міндетті жуықтаулар болады. Санақтардың сандық өрнектелуі деңгей бойынша квантталу (quantization) деп аталады. Сондықтан сигнал уақыт бойынша дискретті, ал бірақ деңгей бойынша квантталмаған болса дискретті деп аталады, ал сигнал деңгей бойынша квантталған болса - сандық (digital) сигнал деп аталады. 
    Гармониялық сигнал толығымен дискретті санақ арқылы қалыптастырыла алады.Ол үшін оның жиілігі дискреттеу жиілігінің жартысынан (Найквист жиілігінен, (Nyquist frequency) аспауы қажет. 
    Мұны синусоиданың екі көршілес  амплитудалары арасындағы бірнеше санақтарды байланыстыратын жазық сызықтармен байланыстыру арқылы көруге болады. Үш жағдай болуы мүмкін: 
     f<fn, f=fn, f>fn
     Бірінші жағдайда гармониялық сигнал жиілігі Найквист жиілігіне  қарағанда кіші жəне дискретті сигнал аналогты сигналды дəл бейнелейді. Екінші жағдайда аналогтық сигналдың жиілігі сақталады, бірақ амплитуда мен фазасы ауытқиды. Үшінші жағдайда қайтып тұрғызылған аналогтытық сигнал бұрынғыша гармониялық болады, бірақ өзге жиілікте болады. Бұл жалған жиіліктің (aliasing) пайда болуы деп аталады. Дискреттеу жиілігінің аздығынан (видео-түсіру  кадрларының ауысу жиілігі) тез айналатын дөңгелек қозғалыссыз, немесе кез келген бағытқа ақырын бұрылып бара жатқан болып көрінуі мүмкін. 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin (11.04.2016)
Просмотров: 303 | Теги: сигнал, презентация, Дискретті сигнал, информатика, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]