Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Денсаулық сақтауды жоспарлау слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Денсаулық сақтауды жоспарлау слайд,презентация

 

Денсаулық сақтауды жоспарлау

 

Жоспар – бұл нақты мерзімдерде және нақты іс‑әрекет бөліктерінде нақты атқарушылар іс‑әрекетінің мәнін, бағытталуын және тактикасын анықтайтын құжат. Денсаулық сақтауда кадрларға қажеттілік, материалдық‑техникалық әрекет дамуы, болашақ қаржыландыру жоспарланады.

Жоспардың әзірленуіне жатады:
1. Стратегиялық жоспарлау
2. Денсаулық сақтау жүйелері
3. Басқару және басшылық ету
4. Аурухаларға инвестициялар және жобаларды басқару
5. Мониторинг және бағалау

Жоспарлауды медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаттарының бірі деп санауға болады. Ол денсаулық сақтау ісін басқарудың ең маңызды функциясы. Шаруашылық жасаудың жаңа экономикалық қағидаттарына көшу жағдайында, жоспарлау өзінің міндетті түрде орталықтандырылған функцияларын жоғалтуда, ұсыныстық сипатқа ие болуда, тұрғындар денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша әр текті бағдарламалар құрастыруға, болжамдауға жолығып тұр.
Жоспарлау материалдық, еңбектік және қаржылық қорларды ұтымды және тиімді пайдалануға топтастырылуы тиіс. Бұл бұқараға медициналық көмек көлемі, сипатын және қажеттілігін ескеру, мүмкіндігінше қанағаттандыру, медициналық көмектің экономиялық ұтымды түрлерін пайдалану. Жоспарлауға жоспарды құрастыру, оның орындалуы мен бақылауын ұйымдастыру, орындалуын тексеру кіреді. Кез келген жоспар не нәрсеге жету керек екенін ғана емес, жету әдістерін көрсету керек. 
Жоспарлар болашақтық (перспективтік) ұзақ кезеңге және ағымдағы (оперативтік, айлық және жылдық) болып бөлінеді. Одан басқа, мекемелердің іс‑әрекеттерінің жоспары және даму жоспарлары (құрылыс, жөндеу, қайта құру) құрастырылады.  Ең әрекеттілері кешенді жоспарлар, нысанға жоспар‑тапсырмалар және т.б.
Ұтымды жоспарлау мақсаттар мен міндеттерді айқын анықтау, жоспарланатын шаралар шындығы мен нақтылығы, бастаушы міндеттерді бөліп көрсету, көрсеткіштер теңемелігі мен салыстырмалылығы, атқарушылар мен атқару мерзімдерін нақтыландыру талаптарына сай келеді.
Жоспарлау әдістері ішіне талдау (бастапқы жоспарларды талдау), нормативтік (нормативтік көрсеткіштерге қажеттіліктерді анықтау үшін), эксперименталдық (алдындағы эксперимент негізінде көрсеткіштер есептеу) және басқа арнайы әдістер (баланстық, қатынастық, пропорциялар) еі жиі қолданылады.
Жоспар құрастыруға жүйелік жолдарды қамтамасыз ететін, мақсаттар мен міндеттерді бөліп көрсетуге және әрбір жоспарланушы іс‑әрекетті белгілі мақсатта орындауға мүмкіндік беретін бағдарламалық‑мақсаттық әдісті жоспарлауда басшылыққа алу қажет. Бұл жоспарлау технологиясын өзгертуді талап етеді (мақсаттар мен міндеттерді анықтау, іс‑шараларды кезеңдері бойынша орындау, атқарушылармен келісу, кешендеу, күтілетін тиімділікті есептеу).

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (10.04.2016)
Просмотров: 1089 | Теги: презентация, Денсаулық сақтауды жоспарлау, денсаулық, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]