Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Дастарқанды жаяйық
20:17
Дастарқанды жаяйық

Күні:
 Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы: Дастарқанды жаяйық
Мақсаты:      1. Ермексазды  пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру,Қазақтың ұлттық ыдыстары туралы балалардың түсініктерін кеңейту.
2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық ыдыстарының суреті.
Керекті құрал: ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:

 I Ұйымдастыру кезеңі
           Балалармен  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою
 -Бүгін біз қызық сабақ өтеміз.Мен сендерді  қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтар көрмесіне шақырамын.Көрмеде экспонаттар бар.
Алға жайып тұз-дәмін,
Келтіреді үй сәнін,
Ол халқымның ақжаны
Жақсы дәстүр маржаны,
Кең пейіл де арайлы,
Осы жерден тарайды.  (Дастарқан)
-Дастарқан жаямыз.
V Жаңа сабақ
Балаларға көрмеге қойылған заттарды қарап көруге және олармен танысуға мүмкіндік беру.Содан кейін ыдыс-аяқтардың пайдасын,ерекшелігін қандай материалдардан жасалғанын,тұрмыста қолданылуын талдап,ол туралы түсінік беру.Ыдыстардың кейбірулері теріден жасалғанын айту.Осындай ыдыстарды шеберлер жасайтынын айту.  
Сергіту сәті
  VI Пысықтау 
           Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен  дастарқан жаяды.
 Еңбек,еңбек
 Еңбек бәрінде жеңбек

 VII Бекіту
-Бүгін қандай тақырып өттік?
-Тамақ ішкенде дастарқанға не қойылады?
-Қазақтың ұлттық ыдыстарын ата.
-Олар неден жасалады?

VIII Бағалау           Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 273 | Добавил: Admin | Теги: Дастарқанды жаяйық, балабақшадағы ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]