Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Дән массасының жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Дән массасының жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуі слайд,презентация

 

Дән массасының жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуі

 

Дән массасының жинап алганнан кейінгі пісіп-жетілуі. 
Жаңа ғана жиып алған дөн массасы мен тұқым тобының тұқымдық жөне технологиялық қасиеттері өте томен болады. 1-2 ай өткеннен кейін, егер дән   массасы   қоймада   қолайлы   жағдайда   сақталатын   болса,   оның тұқымдық және технологиялық қасиеттері жақсарады. Әсіресе, балауыздылығы 1-3 % дейін артады. 
Сонымен, түкымның жинап алғаннан кейінгі пісш-жетілуі дегеніміз, астық массасы мен тұқымды қоймада сақтау кезінде пайда болатын күрделі процестерді айтады. 
Бүл процестер кезінде астық массасы мен тұқымның тұқымдық және технологиялық қасиеттері жақсарады. 
Күрделі химиялық өзгерістер болады. Мысалы, суда еритін заттар мен белоксыз азот азаяды.
Жаңа жинап алған, дымқылдығы жоғары астық массасында, гидролиз процесі басым болады. Мүндай жағдайда, түқымның егістік сапасы төмендейді. 
Бүл жағдайда, дән массасьн кептіру не болмаса белсенді желдету керек. 
Егер кептіргішті не болмаса желдеткішті дүрыс қолданатын болсақ, бүл жағдайда дән массасының жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуі жақсарады.    
Екінші жагдай температура. 
Дәннің жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуі үшін температурасы 15-30° С болуы керек. 
Сондықтан да, жаңа жинап алган дән массасын тым салқындатуға болмайды.
Әр дақылдың жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуіне әр түрлі уақыттар кетеді. 
Мысалы, дәнді дақылдардың массасына 1-2 ай, күнбағысқа 25-50 күн, мактаға 7 ай, жүгеріге 0-7 күн қажет.
Кейбір жағдайда, арпа мен қара бидайға жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуі керісінше әсер етеді.
Егер сақтаған кезде қоймада оттегі жетіңкіремей СО2 жиналатын болса, дән массасьның жинап алғаннан кейінгі жетілуі баяулайды. 
Дән массасының жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуіне ауа райының жағдайы әсер етеді. 
Бүл жағдай оңтүстік аймақтарда жақсы өтеді. 
Онтүстік аймақтарда қоймага, дән массасы қүрғақ, таза күйінде қүйылады.
Кей жылдары солтүстік облыстарда дән массасының жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуі нашар жағдайда өтеді. 
Сондықтан сапасы күрт төмендейді.

Дән массасының сақтау кезіндегі онуі. 
Дән массасының қоймада сақтаған кезде өнуі, оның белсенді тьныс алуына байланысты болады. 
Қарқынды тыныс алған кезде, коп жылу бөлініп шығады және құрғақ зат азаяды. 
Өну кезінде белок аммиакқа, крахмал қантқа айналады, бұл процесс дән массасын жинап алганнан кейінгі пісіп-жетілуіне қарама-қарсы әрекет. 
Дәннің өнуіне негізгі себеп, қойманың төбесінің тесік болуы. 
Бір жерден аққан тамшы су, дән массасының өнуіне әкеп соғады.
Мүндай жағдай болмас үшін, қоймаға астық қүяр алдында, ең алдымен қойманы жөндеу керек. 
Қоймаға астық қүйғаннан кейін жиі-жиі дымқылдығы мен температурасын тексеріп, белсенді желдету керек.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (10.04.2016)
Просмотров: 195 | Теги: презентация, дән массасы, Дән массасының жинап алғаннан кейін, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]