Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 29 » Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі – Көктем балабақшадағы ашық сабақтар
22:30
Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі – Көктем балабақшадағы ашық сабақтар

Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі – Көктем

 

Білім беру саласы     «Таным», «Қатынас»
Бөлімі    ҚМТҚ
Тобы    +4
Тақырыбы:    Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі – Көктем.
А) ақпатараттық құзіреттілік    Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету, заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру; 
Ә) коммуникативтік құзіреттілік    цифрларды заттың санымен сәйкестендіруге қалыптастыру;
Б) проблема шешу құзіреттілігі    Балалар өз беттерінше жыл мезгілдерін (көктем, жаз, күз, қыс) айыра білу және атап көрсету іскерліктерін дамыту.  
Ұйымдастырылғын оқу іс-әрекеттің түрі    кешенді
Пәнаралық байланыс    Көркем әдебиет
Ұйымдастырылғын оқу іс-әрекетінде қолданылатын технологиялар    Дамыта оқыту, топтық жұмыс
Әдіс-тәсілдер    сұрақ-жауап,  демонстрациялық, практикалық 
Оқыту құралдары:    Цифрлар карточкасы, көктем көрінісінің суреті.
Үлестірмелі материал:    
Құзіреттілікке жеткізетін – Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат міндеттері: 

Іс-әрекет кезеңдері             Тәрбиешінің әрекеті    Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы бөлімі    Шаттықи шеңбері:
Армысың,асыл күн!
Армысың,көк аспан!
Армысың,асыл жыр!
Армысың, жан досым,
Жылуыма жылу қос,
     Міне,менің қолым .    Шаттық шеңберін айтады:
Армысың,асыл күн!
Армысың,көк аспан!
Армысың,асыл жыр!
Армысың, жан досым,
Жылуыма жылу қос,
     Міне,менің қолым
Іздену ұйымдастырушы бөлімі    «Цифрларды тап» ойыны
-Балалар, мен сендерге цифрлар көрсетемін, көрсеткен цифрымды атаңдар.
1-тапсырма.
Сұрақ қоямын:
-Қоянда неше сәбіз бар?
-Тиіннің неше саңырауқұлағы бар?
-Себетте қандай сан жазылған?
Себетті төрт заты бар аңмен сызық арқылы қосуды сұраймын (тиінмен)
Нақтылаймын: 
-Неліктен тиінмен қостыңдар?
2-тапсырма: 
Сол жақтағы цифр қандай санды көрсетіп тұрса, жолақтың ішіне сонша зат салуды тапсырамын.
Орындалған тапсырманы тексеремін және мынандай сұрақ қоямын:
-5, 4, 3 цифрларының қасына неше заттың суретін салдыңдар? Себебін түсіндіріп жіберіңдер.
3-тапсырма.
Менің оң қолымда қоян, сол қолымда тиін (ойыншық) тұр. Балалардан тиін мен қоянды қолына ұстап тұрғанын сұраймын. 
Осыдан қорытынды жасаймын:
-Егер адам сендерге қарап тұрса, оның «оңы» сендердің «сол жағың» болып табылады.
Балаларға тапсырманы дәптерге орындау керектігін айтамын. Содан соң сұраймын:
-Бала бетімен қарап тұр ма, әлде арқасын беріп тұр ма?
-Оның «оң жағы» қайсы, «сол жағы» қайсы?
-Жалауша оның қай қолында?
-Шар баланың қай қолында?
Баланың оң қолындағы затты қызыл қарындашпен бояуды тапсырамын.
Сергіту сәті:
    Қол соққанда балақан
    Шаршамасын алақан
    Балалардың қолдары
    Қанат болып ұшады
4-тапсырма.
Өлеңдегі суреттелген жыл мезгіліне байланысты суретті тауып бояп, ал артық суретті тауып бояп, ал артық суретті сызып тастауға тапсырма беремін.
Балалардан сұраймын:
-Алма салынған себетті неліктен сызып тастадыңдар?
-Қандай суреттірді боядыңдар және неге?

-Көктемнің тағы қандай белгілерін білесіңдер?

Балалар жауап береді.

Үш сәбізі бар.
Төрт саңырауқұлақ.
Төрт саны жазылған. 
Тиінмен қосады.

Өйткені оның төрт саңырауқұлағы бар.

Балалар сурет салады. 
Бес, төрт және үш.
Өйткені сол жақтағы цифр осындай затты білдіреді.

Балалар қимылдарды қадағалап отырады.

Арқасын беріп тұр.
 Дәл біздікі сияқты.
Оң қолында.
Сол қолында.
Қызыл түсті жалаушаны бояйды.
Өз бетінше сурет салады.

Балалар суреттерді бояйды.

Алманы көктемде емес, күзде жинайды.
Көктемде мұз ериді. Көктемде құстар ұя салады.
Көктемде көбелектер пайда болады. Балалар жауап береді.
Рефлексивті коррекциялаушы бөлім    Балалардан сұраймын:
-Кім өз тамағын себетке салды?
Мен сендерге қарап тұрмын. Менің «солым» қайсысы, «оңым» қайсысы? Балаларды мадақтаймын.       
Балалар сол қолдарын, оң қолдарын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже: 
1.Баланың білуі: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін (көктем, жаз, күз, қыс);
2Баланың игеруі: цифрларды заттың санымен сәйкестендіруді;
3. Баланың меңгеруі: өзіне қатысы бойынша заттардың жағдайын сөздермен бере білу түсініктерін

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 18 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]