Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Бүйректің шаншуы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Бүйректің шаншуы слайд,презентация

 

Бүйректің шаншуы

 

Кіріспе
Этиологиясы
Патогенезі
Клиникалық көріністері
Диагностикасы
Дифференциальды диагностикасы
Емі
Қорытынды 
Бүйрек шаншуы жоғарғы зәр шығару жолдарының обструкциясынан бүйрек пен несепағар аймағындағы кенеттен пайда болатын, жедел қарқынды, қатты, ұстамалы ауырсыну сезімімен сипатталады. Бұл ауырсыну сезімдері бел, қабырға аралығы аймағында, науқыстың бүйірінда орналасады, және жиі ол осы айтылған аймақтардың тек біреуінде ғана болады. Ауырсыну сезімінен басқа бүйрек шаншуында басқа да симптомдар баршылық, алайда ауырсыну ең негізгісі болып табылады. Басқаша айтқанда ауырсынусыз бүйрек шаншуының болуы мүмкін емес. АҚШта бүйрек шаншуы жыл сайын 1,2 млн адамда тіркеліп, барлық госпитализацияланған жағдайлардың 1%-ын алады
Бүйрек шаншуының ең негізгі себебі бүйректас ауруы екені барлығына мәлім. Алайда, ол басқа да этиологиялық факторлармен шақырылуы мүмкін, олардың негізгілері келесі:
Несепағардың қан ұйындыларымен обструкциясы
Бүйректің жедел қабыну аурулары
Бүйрек түбектерінің ісіктері
Бүйрек емізікшелерінің некрозы
Несепағар сағасының қуықтағы ісікпен қысылуы
Туберкулез кезіндегі несепағардың казеозды массалармен обструкциясы
Нефроптоз
Несепағардың стенозы мен периуретритіне алып келестін оның бүгілісі
Ормонда ауруы, және несепағардың қысылуына алып келетін басқа да аурулар
Бүйрек инфаркті
Зәрдің кенеттен тоқтауы көптеген себептерден болады; ерлердегі қуықасты безінің ауруылары (аденома, жедел простатит, простата абсцессі), зәр шығаратын өзектің стриктуралары, несепқуықтағы тастар, ОЖЖ аурулары.
Патогенезіндегі ең бастысы – түбекшеішілік қысымның жоғарылауы болып табылады. Қалыпта 10-12 мм. су бағ. бой. қысым 100-150 мм. су. бағ. бой. дейін жоғарылайды. Бұл өзгерістер түбекше барорецепторларымен қабылданады, жұлын миының тиісті сегменттеріне сигналдар беріліп, бас миының қыртысында ауру сезімі ретінде интерпритацияланады. Жоғарғы қысымды қалай болмасын азайту үшін тостағанша, түбекше және несепағар бұлшықеттері спазмды жағдайда жұмыс жасайды. Бұл керісенше ондағы қысымның одан әрі артуына алып келеді. Бүйректің фильтрациялық қызметінің кенеттен тоқтауына байланысты бүйрек қан тамырларының әсіресе артериясының рефлекторлы спазмы туындатып, жұлынға тітіркену ағымының артуына алып келіп, ауру сезімін одан әрі күшейтеді. Пайда болатын бүйрек паренхимасының ісінуі оның үлкеюіне және фиброзды капсуланың керілуіне алып соғады. Соңғы айтылғанда рецепторлар өте көп болуына байланысты ауру импульстары одан да көп болып туындайды.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (03.04.2016)
Просмотров: 710 | Теги: презентация, Бүйректің шаншуы, Бүйрек, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]