Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Бүйрек слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Бүйрек слайд,презентация

 

Бүйрек

 

Зәр шығару және сыртқы жыныс  жүйесінің физикалық тексеру әдістері. Балалардағы ерекшелігі. Зәр шығару жүйесі бұзылысының негізгі клиникалық синдромдары: зәр өзгерісі, нефритикалық, нефротикалық, созылмалы бүйрек  жетіспеушілік синдромдары. Бүйрек құрылысы 1 — несепағар; 2 — бүйрек венасы; 3 — бүйрек артериясы; 4 — ми қабаты; 5 — қатпарлы қабаты; 6 —астауша; 7 — бүйрек пирамидалары; 8 — бүйректің ірі тостағаншалары.Нефронының құрылысы:
1 — әкелуші шумақтық артериола; 
2 — әкетуші шумақтық артериола; 
3 — шумақтық капиллярлар шоғыры; 
4 — бүйрек шумақшасы капсуласының сыртқы және ішкі бөліктері (Шумлянский —Боумен капсуласы); 
5 —капсуланың іші; 
6 — проксимальды өзекше; 
7 —Генле арнасының төмендеме бөлігі; 
8 — Генле арнасының өрлеме бөлігі; 
9 — дистальды өзекше; 
10 — зәрді жинаушы түтікше.
Негізгі шағымдары:

бел аймағының ауырсынуы, 
зәр шығарудың бұзылуы, 
зәр түсінің өзгеруі, 
ісіну, 
бас айналу, бас ауруы, 
көру қабілетінің нашарлауы 
Ісіну - таңертең қабақтары, беті ісініп тұрады, кейбір   науқастарда   түгел   денесіне   тарайды. Бүйректік ісіну   (бүйрек   капиллярларының   өткізгіштігі жоғарылауына    немесе    қанда онкотикалық     қысым төмендеуіне, Na+ иондарының көбеюіне байланысты). Бүйрек шамасыздығы дамығанда бүкіл денесі ісінеді. 
         Дизурия – зәр шығарудың бұзылуы (жиі және  ауырсынып зәр бөлу). Бір тәулікте шығарылатын зәрдің  мөлшері диурез деп аталады. 
        Тәуліктік диурездің көбеюі  - полиурия (1,5 литрден көп), зәр шығарудың жиілеуі – поллакиурия, ауырсынып зәр бөлу – странгурия, тәуліктік мөлшерінің азаюы – олигурия (500 мл төмен), зәр шығарудың толық тоқтауы - анурия (50 мл аз) деп аталады.
        
         Ишурия – зәрден қуықты босата алмауы (жұлын қысылғанда, зақымдалғанда, естүссіз жатқанда болады). 
        Никтурия - зәр шығарудың түнде жиілеуі. Қалыпты жағдайда түнде зәрдің 1/3  бөлігі бөлінеді. Никтурия созылмалы гломерулонефрит, созылмалы пиелонефрит ауруларының соңғы кезеңіне, бүйректің басқа да созылмалы сырқаттарына тән. 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (03.04.2016)
Просмотров: 1045 | Теги: презентация, Бүйрек, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]