Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Бозқараған өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

БОЗҚАРАҒАН

Бозқараған...
Көрдің бе бозқараған?
Сирень исі аңқиды боз даладан.
Бозқараған - тікенек, тікенге өскен 
Сирень гүлін ешкім де қозғамаған. 
(Соның аты, біздіңше - Бозқараған.)

Қара судың жағасы бозқараған, 
Бозқараған бұтағын қозғама адам. 
Бозқараған ішінде бойжеткенге, 
Бозбалалар бозарып көз қадаған.

Бойжеткендер тойларын жасарында, 
Бозқараған жанатын ошағында.
Әтір иісі әкеліп аш ауылға,
Желік беріп тұратын жеңгейлерге, 
Жер түбіне біреумен қашарында!

Қара саздың тоғайы - сайран бағы, 
Сайран бағын неліктен ойрандады?! ...
Бозқараған гүлін ап, хатқа салып, 
Жіберуші ек туысқа майдандағы.

Бозқараған!
Армысың, қасиеттім, бөзге ораған! 
Қайда әлгі бойжеткенің көз қадаған? 
Қайда жеңгем?
Соңынан сөз бораған...


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (28.11.2016)
Просмотров: 53 | Теги: Мұқағали, Бозқараған, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]