Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Жасай бер ана тілім –қазақ тілі
18:13
Жасай бер ана тілім –қазақ тілі

Жасай бер ана тілім –қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Жасай бер ана тілім -қазақ тілі.
Сабақтың мақсаты: балаларды мемлекеттік тілді құрметтеуге үйрету.
Міндеттері: 1.ҚР рәміздері туралы қысқаша түсінік беру. Ана тілінің қасиетін айқындау.
                       2. Сабақты ойын түрінде жүргізе отырып, тіл туралы ойларын кеңейту. Есте сақтау                 қабілеттерін қалыптастыру.
                       3. Отанға, рәміздерге деген сүйіспеншілік қасиетке баулу, Мемлекеттік  тілді құрметтеуге тәрбиелеу
Құрал жабдықтар: ҚР рәміздерінің суреттері. Тіл туралы плакатқа жазылған сөздер.
Сабақтың  барысы: Балалар  желтоқсан айында болатын мерекелерді атап өтейікші Тәуелсіздік күні және жаңа жыл. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?  Біз қандай мемлекетте тұрып жатырмыз? Сонымен біз тәуелсіз мемлекетпіз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы болып жарияланды. Өзінің рәміздерін бекітті. Рәміздер дегенімізді қалай түсінесіңдер? Ал мемлекеттік тіл болып қазақ тілі бекітілді. Мемлекеттік тіл күнін 14 желтоқсанда атап өтеміз. Мемлекеттік тіл күніне арналған өлеңдері айтып беріңдерші.
1.Туған тілім-  бабам тілі- өз тілім,
Туған тілім –анам тілі өз тілім 
Туған тілім- далам тілі –өз тілім
Туған  тілім –адам тілі –өз тілім
 Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде  әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып –ақ алыңдар.
2. сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда- ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан 
Құлағыма сіңірген таныс үнім,
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықтым
Сүйгенім сүйсінгенім жек көргенім.
3. тілім менің!
Ұлы Абай Мұхтардай пірім менің,
Тұнығым рухани жан азығым
Ол бүлінсе менің де бүлінгенім
Ана тілім, туған тілім, бал тілім.
Өте жақсы балалар бүгін мемлекеттік тіл күніне арналған сабағымызды ойын түрінде жүргіземіз. Ойын «Таңғажайыптар алаңы» деп аталады
Ойынның шарты: мен сұрақтар қоямын ал сендер жауап бересіңдер. Дұрыс жауаптарыңды мына торкөздерге жазып отырамын. Сонымен қатар дұрыс жауап берген балаға бесжұлдыз беріп отырамын. Кім ойын аяғында көп бесжұлдыз жинаса сол жеңімпаз атанады.
1Біз қандай Республикада тұрып жатырмыз?
2Еліміздің тұңғыш президенті кім?
3Рәміздерімізді ата
4мемлекеттік тіл қандай тіл?
5елордамыз қай қала?
6әнұранның музыкасының авторы кім?
Өте тамаша! Ал енді осы шағын топтың әншілік өнерін тамашалайық. Ән «Анамның тілі»
Осымен бүгінгі мемлекеттік тіл күніне арналған сабағымыз аяқталды. Өте жақсы қатыстыңдар. Мемлекеттік тілді бүгінгідей әрқашан қадірлеңдер және үйренуге ұмтылыңдар. Еліміздің аспаны ашық болсын және тәуелсіздік елімізге тек жақсылықтар ғана әкелсін  деп бүгінгі сабағымды аяқтаймын. Балаларды мадақтау.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 2104 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]